Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 4-сынып оқушысы Снежана Ператинская екі бірдей халықаралық байқаудың гран-при иегері атанды.
Аталмыш білім ордасының дерегі бойынша Мәскеу қаласында өткен халықаралық байқауға Ресейдің əр өңірі мен Қазақстаннан барған 100-ге жуық талантты оқушы қатысып, бақ сынады. Қазақ халқының ұлттық киімін киіп шыққан 10 жасар көкшетаулық қыз Снежана Ператинская орындаушылар арасында вокалдық шеберлігімен қазыларды тəнті етті. Осылайша жерлесіміз «World Russian Beauty Moskow Region 2018» сұлулық пен сән халықаралық фестивалі және таланттардың «Лучший талант России-2018» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.
Байқау қорытындысы бойынша, Снежанаға Вьетнам елінде өтетін фестивальдің дүниежүзілік кезеңіне бару үшін 1 мың доллар сомасына сертификат тапсырылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.