Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сапалы, жаңашыл өзгерістер – алдағы даму кепілі - АРҚА АЖАРЫ

Сапалы, жаңашыл өзгерістер – алдағы даму кепілі

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жанындағы көпсалалы колледждің ұйымдастыруымен университеттің мәжіліс залында дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

Аталмыш колледждің педагогикалық ұжымы мен білім алушылары және сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысқан шараны кіріспе сөзбен ашқан колледж директоры Р.Уәйісов биылғы Жолдаудың жаңа әлемге, яғни, Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайтынына, алдымызда жүзеге асырылатын 10 негізгі міндеттің жетіншісі – «Адами капитал – жаңғыру негізі» бағытында әсіресе, колледждің білім алушылары үшін де тиімді мүмкіндіктер қарастырылғанына тоқталды.
Одан әрі сөз алған Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты А.Сейітқасымов – Елбасының халыққа арнаған биылғы Жолдауының біздің әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына ену жолындағы мүмкіндігімізді айқындап берген негізгі он бағыты бойынша уни-
верситетте кешенді жоспар жасалуда. Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет екені жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарттары мен жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі. Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінің маңыздылығы Жолдауда да баса айтылған. 2012 жылдан бастап 3-4 курста химия, биология пәндері ағылшын тілінде оқытуға көшірілді. Мұның өзі мектеп мұғалімдерін ағылшын пәнін меңгеруге дайындау арқылы оқушыларымызды мектеп қабырғасынан кейбір пәндерді ағылшынша оқытуға көшіру. Сондай-ақ, орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі жасалынып, енгізілуде. Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет. Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан жеті мың термин қазақ тіліне аударылған. Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді дегенді Елбасы өз Жолда-уында да айтқан болатын, – деді.
Соған орай, университеттің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Сәбит Жәмбек көптеген қисынсыз аудармаларды тілге тиек етіп, тілімізді шұбарламауға шақырды. Мысалы, интернеттің «ғаламтор» болып аударылуы сәтті аударма болса, балконды «қылтима» деп аудару дұрыс емес екенін жеткізді. Жалпы, білім саласында үштілділікке қоса латын әліпбиіне көшу мәселесі де қарастырылуда. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесі жасалмақшы. Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік берері сөзсіз. Мұндай өзгерістер – әлемге танылу, шет елдермен қарым-қатынас жасаудың басты кепілі екенін бәріміз түсінеміз, – деді ол. – Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.
Дөңгелек үстел отырысы барысында тарих пәнінің оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі А.Шәріпова «Жолдау 2018: дамудың жаңа мүмкіндіктері», орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы К.Большина «Кәсіптік-техникалық білім беруде кредиттік-модульдік технологияны енгізу», қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Э.Жұмағұлова «Латын әліпбиіне көшу – ұлт мүддесі» атты баяндама жасады.
Әсіресе, латын әліпбиіне қатысты пікірлерде баяндамашы «Латын әліпбиіне көшу» дегеннен гөрі «латын әліпбиіне оралу» дегеніміз дұрыс шығар. Өйткені, Махамбеттің өлеңдері, Ш.Уәлиханов сынды көптеген зиялыларымыздың жазбалары латын әліпбиінде жазылған болатын. Жалпы, алдыңғы қатарлы елдер латын әліпбиін баяғыда меңгерген. Болашақта цифрлық білім беру ресурстарын дамыту мен кең жолақты Интернетке қосылуда осы латын әліпбиінің алар орны айрықша болмақ. Сондықтан, қорқудың, жүрексінудің қажеті жоқ. Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз, – деп атап көрсетті.
Ал, аталған колледждің 2 курс білім алушысы О.Максименко «Қазақстанда орыс тілінің маңызы» атты шағын баяндамасында 2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылатынына және оның келешегінің зор екеніне нақты мысалдармен тоқталып өтті.
Сонымен қатар, осы оқу орнының 2 курс білім алушысы Анаргүл Манет «Болашақ мамандығымның маңыздылығы» атты баяндамасында ағылшын тілін меңгеру арқылы өскелең ұрпақты оқытуда кемел келешекке жол ашылатынын нақты дәлелдермен түсіндіріп өтті. Жолдауда айтылғандай, 2019 жылдан бастап 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады. Қазірдің өзінде кейбір келісім-шарттар ағылшын тілінде жасалады. Сондықтан, ағылшын тілін білу қажет.
Колледжде «Негізгі орта білім беру: информатика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алып жатқан Ерсұлтан Әлиев «Цифрлық білім беру ресурстары – қазіргі заман талабы» атты баяндамасында білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы цифрландырудың жаңа мүмкіндіктеріне сүйене отырып, еліміздің әлемдік сыннан өткен жаңа технологиялардың арқасында одан әрі дами түсуіне өз үлесімді қосатын боламын», – деді.
Елбасы Жолдауына арналған дөңгелек үстел отырысы маңызды құжаттың терең мазмұндағы әрбір міндетінің бағыт-бағдары еліміздің білімді де дені сау ұрпақ тәрбиелеуде, әлемнің дамыған отыз елінің қатарына енуде тарихи мүмкіндікке қол жеткізгелі отырғанын айқындап берді. Көпшілік баяндамаларды тыңдап қана қоймай, тұшымды ой-пікірлерін де ортаға салды.

Асылай Қадырқызы.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар