Жұмыс бастауыш ұйымдардан басталып отыр

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев қаңтардың 10-ы күні өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Бұл Жолдау еліміздің дамуы үшін өте маңызды. Олай дейтінім, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы барысында Елбасы халыққа он басты міндеттерді жүктеп отыр. Бұл бағыттар Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру қарсаңындағы барлық жағдайымызды таразылап алудың бірден-бір мүмкіндігі.
Жолдауды насихаттау, халыққа жеткізу, Жолдауда айтылған барлық мақсат-мүдделерді орындау партияның да жұмысымен тығыз байланысты. «Нұр Отан» партиясы Қорғалжын аудандық филиалының жұмысы күннен-күнге жанданып, ауданымыздың әлеуметтік, қоғамдық-саяси, тарихи-мәдени өмірімен біте қайнасып жатыр.
Бүгінгі күні филиалдың қатарында 1112 мүше бар. Оның 810-ы партия жарнасын төлеушілер қатарынан. 187-сі зейнеткер, 19-ы мүмкіндігі шектеулі жандар, 93-і бала күтімі және еңбек демалысында жүргендер. Соңғы 3 жылда партия қатарына 149 адам қабылданды. Оның ішінде 2017 жылы 42 адам партия мүшелігіне өтті. Партия филиалы 9 бастауыш партия ұйымынан құралады. Оның құрамына 8 ауылдық округтер және Қорық сайлау округі қызметкерлер санының көптігінен жекелей бастауыш партия ұйымы ретінде құрылған.
Былтырғы жылы жоспар бойынша міндетті жарна жинау көзделген болса, қазіргі таңда осы меже толықтай орындалып отыр.
Партиялық бақылау кеңесінің жұмысы да жүйелі жүргізіледі. «Нұр Отан» партиясы филалының бақылау кеңесінің төрағасы ретінде Өмірбай Балғабаев жұмыс істейді. Бақылау кеңесінің құрамында 7 адам. 2017 жылы 4 отырыс өткізіліп, өзекті мәселелер қаралды. Биыл Астана-Қорғалжын бағытындағы автожолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыс партияның бақылау кеңесінің тарапынан қолға алынып, жөндеу жұмыстарының сапалы болуы қамтамасыз етілді. Партиялық бақылау кеңесінің тағы бір атқарған жұмысы Қорғалжын ауылының іргесінен Өркендеу ауылына дейін тартылған су құбырының жұмыстарын бақылау. Жалпы қаржысы 175 миллион теңгеге жасалған бұл су құбыры Өркендеу ауылының іргесіне дейін жеткізілді. Жоспарланған қаржы толығымен игерілді.
Өз сөзімде біздің аудандық филиалдың партиялық топтарымен бастауыш партия ұйымдарының жұмысын атап өткім келеді. Себебі, партиямыздың жүйелі жұмысы нақты осы ұйымдардан бас-тау алады. Олардың жақсы, бірегей көрсеткіші партия филиалының жұмысын айқын көрсетеді.
Мәселен, 2016 жылы партия қатарындағы тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың саны 6 болса, 2017 жылы бірде-бір адам тәртіптік жауапкершілікке тартылмағанын айта кеткім келеді. 2017 жылы біздің филиал өзінің қоғамдық өмірін әлеуметтік желілерде көрсетуді де қолға ала бастады. Еліміз жыл сайын өсіп, өркендеп келеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, Елбасының саяси бағыт-бағдары, жыл сайынғы халыққа Жолдауы, еліміздің дамуы үшін алға қойған барлық міндеттер билік партиясының тікелей ықпалымен жүзеге асырылуда!

Қайрат ЖҰМАБАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы
Қорғалжын аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар