Қой баққан озады

Қарашілік ауылы қалың ағаштың бауырында орналасқандықтан, шөбі шүйгін. Бұл маңай мал бағуға өте қолайлы жер. Осы ауылда тұратын Бөгенбай Наурызов бала кезінен мал бағуға құштар болып, оның қыр-сырын меңгеріп өсті.

Есейген соң жеке кәсібін ашып, 150 қой тұратын қора салды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қаржылай қолдауымен сексен бас еділбай тұқымдас қойын сатып алды. Оны бағуға өз отбасы көмектесуде. Санаулы жылдардың ішінде қой саны өсті. Өткен Құрбан айтында Астананың іргесіндегі «Алтын таға» базарында 80 қой сатты. Жеке кәсіпкер қоймен бірге ірі қара мен жылқы бағады. Малды бағу барысында шабындық және жайылым жер мәселесі туындайды. Дегенмен, Бөгенбай Наурызов бұл қиыншылыққа мойымай жылқы мен ірі қара басын көбейтуді жоспарлап отыр.

Рамазан КӨМЕКЕЙ.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар