Бүкіл республикаға ауыл шаруашылығы техникаларын өндіріп жатқан Қазақстан – Беларусь мемлекеттерінің «Қазақстан агроинновациялық корпорациясы» бірлескен кәсіпорны қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы мен коммуналдық техниканың көптеген түрлерін шығаруда.
Бір жылдан астам уақыт ішінде серіктестік 600-ге тарта әртүрлі техника шығарды. Қазіргі уақытта екі ауысыммен елу шақты жұмысшы техника құрастырумен айналысуда. Орташа еңбекақы 100-130 мың теңгені құрайды. Электрмен дәнекерлеуші Жарбол Оразәлімов (суретте). Көкшетау қаласындағы кәсіптік лицейді тәмамдаған соң бірден осы кәсіпорынға жұмысқа орналасты. Қазір ол іскерлігімен көзге түсіп жүр.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.