Зерендінің табиғаты ұнады

Қазақстан Республикасындағы Нидерланды корольдігінің құрметті консулының кеңесшісі Марсель де Морей облысымыздың Зеренді өңірінде болып, мұндағы туристік нысандардың жұмысымен танысты.

Сапар аясында мейман Зеренді көлінің жағасындағы «Аврора гарден» және «Зерен-Нұр» демалу орындарын аралап көрді. – Менің сапарымның басты мақсаты – туристік саланы дамытуда серіктес ретінде бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыру. Коньки, шаңғы жолы, монша, мұз айдыны, арқан жол және ағаш үйлер бұл біздің елдің халқы үшін қызықты да тартымды болатыны сөзсіз, – деді Марсель де Морей өз сөзінде.
Экскурсия кезінде нидерландылық қонақ Зерендінің таза ауасын жұтып, сұлу, тамаша табиғатына тәнті болды. Сонымен қатар, ол осында шетелдік туристерді тартудың бірден-бір жолы ретінде өз елінің журналистерін шақыртып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау туралы ұсыныс білдірді.
Сапар соңында аудан әкімі Мереке Мұстафинмен кездесіп, туризм және екіжақты сауда-экономикалық қатынасты дамыту мәселесін талқылады. Айталық, Нидерланды еліміздегі басты инвесторлардың бірінен саналады. Соңғы 20 жылдың ішінде ел экономикасына барлығы 70 миллиард теңгеден астам инвестиция осы елден тартылды. Қазіргі кезде республика аумағында 800-ден аса Қазақстан-Нидерланды бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар