Ақпараттық топтар іске кіріседі

Алдағы дүйсенбіден бастап облыс аумағында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз беттерінде жарияланған биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталады. Достық үйінде өткен мәжілісте облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов ақпараттық топтардың мақсат-міндеттері мен бағыт-бағдарлары туралы баяндап берді.

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын ақпараттық-насихаттау, түсіндіру жұмыстарының бірінші кезеңі келесі дүйсенбіден, яғни, 29 қаңтардан басталып, ақпан айының соңына дейін жүргізілмекші. Жиында облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова әдістемелік нұсқаулықтармен таныстыра келіп, алдағы жұмыс науқанының сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов насихат жұмыстарының барысында Жолдаумен қатар, Елбасының рухани жаңғыру бағытындағы мақаласының мән-маңызын, мақсат-міндеттерін де ескеру қажеттігін атап өтті.
–Елбасының Жолдауы – жаңғыру бағытындағы атқарылып жатқан істердің, стратегиялық бағдарламалардың логикалық жалғасы болып табылады. Сондықтан, Елбасы белгілеп берген 10 міндетті нақты мысалдармен түсіндіру қажет, –дей келе, ол «Цифрлы Қазақстан, «Смарт сити», ақылды технологиялар жайында жан-жақты түсінік беру керектігіне назар аударды.
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тахир Мухамадеев Елбасы Жолдауындағы 10 міндетке ғылыми тұрғыдан талдау жасап, жан-жақты тоқталып өтті. – Дамыған елу елдің қатарына қосылған Қазақстанға әлемнің озық дамыған отыз мемлекетінің де санатынан көріну үшін осындай стратегиялық нақты бағдарламалар қажет, – деді ол. Сонымен қатар, ғалым дамыған ел мен бәсекеге қабілетті елдің ара-жігін ажыратып, дамыған елдер қатарына қосылу адами дамудың индексімен өлшенетіндігіне назар аударды. «Болашақта барлығы автоматтандырылып, қашықтан басқару жүйелері барлық кәсіпорындар мен мекемелерге енгізілсе, қазіргі уақытта қажет деп саналатын мамандықтардың басым бөлігі қажетсіз болып қалады, осы кезде жұмыссыздық мәселесі өзекті бола түспей ме деп, студенттер тарапынан көп қойылатын сұрақтар бар екендігін айтып, Білім және ғылым министрлігінің мамандықтарды оқыту мәселесін дұрыс жос-парлауы қажеттігіне қатысты пікірін білдірді.
Жиын соңында облыстық ақпараттық топтардың мүшелерінің кейбір сауалдарына жауап беріліп, Жолдауды халық арасында насихаттау жөнінде облыс аумағында өткізілетін кездесулердің мазмұнды да пайдалы болуларының алғышарттары тағы бір пысықтала түсті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар