Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білім – жарқын болашақ кепілі - АРҚА АЖАРЫ

Білім – жарқын болашақ кепілі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев білім саласын ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Баспасөз беттерінде жарияланған биылғы Жолдауда да бұған үлкен мән берілді.

«Білімнен жақсырақ қазына болмас, Ол бір тасқын бұлақ суы сарқылмас» деп, тәжік ақыны А.Рудаки өз заманында жырлап, адам өміріндегі білімнің мәңгілік мәнін, жоғалмас құндылығын өз замандастарына түсіндірмек болған еді. Дәуір өзгергенімен, ақынның көксеген ой-арманы ғасырлар бойы мәнін жоғалтпады, заман көшімен бірге мағынасы тереңдеп, маңыздылығы арта түсті. Қазіргі ғылым мен техниканың мықты дамыған кезеңінде білім алмай, ізденбей болашақта ұлт ретінде жалғасуымыз екіталай. Дамудың басты кепілі – білім болғандықтан, Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында болашақ ұрпақтың білім алуына ерекше мән беріп келеді.
Биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қарастырылған 10 міндеттің жетіншісінде «Адами капитал – жаңғыру негізі» өзгерістерге бейімділік пен жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуға бағытталған. Ал, жаңартылған білім мазмұнына көшу, математика және жаратылыстану ғылымдарын ағылшын тілінде оқыту сапасын жақсарту үшін білім мекемелерін заманауи техникалық құралдармен жабдықтаумен үйлесім таппақ. Жаңартылған бағдарламамен оқыту – азат елімізде «тәуелсіз» ойға ерік берумен қатар, сыни көзқарастағы тұлғаның қалыптасуына септігін тигізеді.
Ұлт болашағының қамқоршысы, елеулі ел ретінде танылуына септігін тигізіп жүрген ұстаздарымызға жүктелер жүктің ауырлығына қарай еңбекақысын 30 пайызға көбейту орынды. Себебі, сапалы білім беруге деген талап қойылған сайын олардың біліктілігін үздіксіз арттыру талап етілуде. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, ата-бабамыз жан-жақты тұлға да-йындауда ізденімпаз, жаңалықтың жаршысы болатындай оқытушыға үлкен сенім артқан. Ел келешегі жастардың қанжығасында болғандықтан, ой жарыстыратын заманда оларға жол сілтеуші мұғалімдердің білгір болғандығы абзал.
Сонымен бірге, бүгінде терминдерді аудару арқылы байырғы сөздік қорымызды байытпақ болып келеміз. Ұлт Көшбасшысы атап өткендей: «Қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет» деген шешімін тілімізге енген терминдерді жөн-жосықсыз, қисыны келмейтін аударманы, шынымен, доғаруды қолға алғанын өз тарапымнан ризашылықпен құптаймын. Ел басшысының көксегені – терминдерді сол қалпында қолдану арқылы тілімізді халықаралық деңгейге жақындату. Осы орайда, білім саласында бірнеше мәселе қарастырылуда: олар – латын әліпбиіне көшу, үштілділік. Мұндай өзгерістер – әлемге танылу, шет елдермен қарым-қатынас жасаудың қамы.
Түйіндей келе, мектептеріміздің бәсекеге қабілетті болуы арқылы кез келген саладағы қиындыққа, әлемдік бәсекелестікке төтеп бере алатын мемлекетке айнала аламыз.

Нұрлан ТӘЖИН,
Қорғалжын мектеп-гимназиясының
директоры, аудандық мәслихаттың депутаты, Қорғалжын ауданының Құрметті азаматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар