Қызмет көліктерінің кілтін алды

Жылдағы тұрғындармен дәстүрлі кездесу жиындарында ауданның бүгінгі таңдағы нәтижелі көрсеткіштері мен жетістіктері сарапқа салынды. Бұл ретте, негізінен салық жинау, әлеуметтік нысандардың құрылысы, жолдарды жөндеу, автобус қатынасы туралы мәселелер сөз болды.

Целиноград ауданы Ақмола облысының рейтингінде көшбасшы орындардың бірінде. Бұл арада астаналық ауданның өзге де даму категорияларын айта кеткен жөн. Тұрғын үйлер мен білім беру, мектеп жасына дейінгі мекемелердің құрылысын жүргізу бойынша Целиноград ауданы біраз өңірлерді артқа тастаған. Мұнда тұрғындар саны уақыт өткен сайын өсе түсуде.
Аудан әкімі Мәлгаждар Тәткеев алғашқы қызмет еткен кезінен бастап «Қосшы-Қуат», «Қосшы коммуналдық қызметі», «Целиноград Су арнасы», тұрғын үй-коммуналдық қызметі секілді мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға көп көңіл бөліп келеді. Осының нәтижесінде біздің ауданымыз елімізге көктемгі тасқын су қаупінің барысында адам шығынына жол берген жоқ. Үй жануарлары мен құстарын да аман алып қала алдық. Заманауи мамандандырылған техниканың көмегі арқасында қысқа мерзім аралығында барлық қалпына келтіру жұмыстары уақытылы аяқталып, аудандық, облыстық маңыздағы жолдар жөнделді. Бұдан бөлек аудан кәсіпорындары төтенше жағдай барысында көршілес Қорғалжын, Егіндікөл аудандарына да арнайы техникамен жәрдемдесті. Тек 2017 жылдың өзінде аудан қаржысына осы мақсатта 20-ға тарта техника сатып алынды.
Қоянды ауылы кәсіпкерлерінің өтінішімен қоқыс тасымалдайтын бір техника келісім-шартқа байланысты белгілі бір мерзімге соларға жалға берілді. Аудандық бюджеттен осы мақсатқа 367 миллион теңге бөлінді.
Биылғы қаңтардың ақтүтек бораны мен аяздары барлығымызға, әсіресе, коммуналдық қызмет өкілдеріне нағыз сын болды. Адамдардың бірлесе қимылдауы мен арнайы техниканың көмегі арқасында аудан тұрғындары еш зардап шеккен жоқ. Ал, абайсызда қар құрсауында қалғандарға дер кезінде көмек көрсетілді. Аудандық қызмет өкілдері жақын шетелдерден келген, Еуропаға жұмыс іздеп бара жатқан қырғыз, өзбек ағайындарға көмек қолын созды.
Осы аптаның дүйсенбісінде аудан әкімі М.Тәткеев ауыл әкімдері – Ғ.Алжабаев (Максимовка), Б.Аппасов (Тасты), Ө.Кішкененов (Новоишимка) (суретте), Б.Газдиева (Родина) мен аудандық жастар ресурсы орталығының жетекшісі С.Мусинаға 5 су жаңа автомашинаның кілтін табыс етті.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Суретті түсірген автор.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар