Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бағдарламаның әрбір бағыты іске асырылуда - АРҚА АЖАРЫ

Бағдарламаның әрбір бағыты іске асырылуда

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен және өткен жылдың басынан іске асырылып келе жатқан «2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы өзінің игі нәтижесін беруде.

Облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанованың айтуынша, аталмыш бағдарламаның бірінші бағыты аясында алты мыңнан астам адамды оқумен қамту, оның ішінде 1221 адамды техникалық және кәсіптік оқыту жоспарланған. Осыған сәйкес өткен жылдың 1 қыркүйегінен бас-тап 1190 адам колледждерде білім алды. Отыз шақты адам алдыңғы жылдардағы оқуын жалғастырып отыр. Сондай-ақ, қазір бес мыңнан астам адам білім алуда. Бағдарламаның екінші бағытында жаппай кәсіпкерлікті дамыту қарастырылған. Осы орайда, қатысушылар «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негізін оқиды.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Дос-
хан Әміренов өз сөзінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша алты жүзден астам адам оқытылғанын, 380 қатысушы шағын
несие алғанын атап өтті. Мәселен, Бұланды ауданының орталығында тұратын 3 топтағы мүгедек Айтұрсын Ахметова аталмыш бағдарламаға қатысу үшін аудандық жұмыспен қамту орталығына жолығып, кеңес алған. Кейін қажетті құжаттар пакетін жинап, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негізін оқыды. Сертификат алғаннан соң өз ісін ұлғайту үшін шағын
несие алуға өтінім берді. Оның бизнесін ұлғайту жөніндегі жобасын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы мақұлдап, екі миллион теңге шағын несие берді. Қажетті дайындық жұмысынан кейін Айтұрсын Ахметова шағын фото салоны мен шағын баспаханасы үшін қондырғылар сатып алып, бір жұмыс орнын ашты.
– Кәсіпкерлікті дамытуға республикалық бюджет есебінен және жалпы трансферттер шеңберінде өткен жылы Ақмола облысына 2,9 миллиард теңге бөлінген. Оның 2,1 миллиард теңгесі ауылдарда, 590,8 миллион теңгесі қала мен шағын қалаларда шағын несие беруге бағытталды. Қаржы «Даму» қорына аударылып, екінші деңгейлі алты банк арқылы игерілді. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытуға 18,1 миллион теңге бөлініп, бұл қаржы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында берілген несиелерді субсидиялауға жұмсалды. Қала мен ауылдағы шағын несиелерді кепілдендіруге қомақты қаржы бағытталды. Селолардағы шағын қаржы ұйымдарының операциялық шығынын субсидиялауға да қаржы бөлінді,– дейді Досхан Әміренов.
Бағдарламаның үшінші бағытында тұрғындарды жұмыспен қамтуға және еңбек ресурстарының жеделдігіне ықпал ету арқылы еңбек нарығын дамыту қарастырылған. Осы орайда, жастар тәжірибесіне 409 адамды жіберу жоспарланған. Бұл көрсеткіш артығымен орындалыпты. Көкшетау қаласы бойынша қалалық бюджет есебінен жастар тәжірибесіне 112 адам жіберілген. Жұмысқа орналасу кезінде жастар көбіне тәжірибенің жоқтығы тәрізді проблемамен кездеседі. Ал, бірнеше айдағы жұмыстың өзі адамға бастапқы тәжірибе жинақтауға көмектеседі. Бұл жағдайда жастар тәжірибесі жоғары оқу орны, колледж бен кәсіптік лицей түлектерін қолдаудың қосымша шарасы болып табылады. Мысалы, Марина Богачева «Есеп пен аудит» мамандығы бойынша диплом алғаннан кейін Шортанды аудандық тұрғындарды жұмыспен қамту орталығына жолыққан. Орталық мамандары оны Дамса селосындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына өз мамандығы бойынша жастар тәжірибесінен өтуге жібереді. Жарты жылдың ішінде өзін жақсы қырынан көрсетіп, осы мекемеде тұрақты жұмыс істеп жүрген. Марина Богачева өз сөзінде жас мамандар үшін жастар тәжірибесі бірінші кезекте біліктілік пен бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігін тудыратынын, онсыз жұмыс орнына үміткер өзге мамандармен бәсекеге түсе алмайтынын айтты. Жұмыс беруші өз кезегінде ешқандай шығынсыз-ақ болашақ еңбеккердің іскерлік сапасын тексеріп, ең лайықты маманды таңдай алды. Сондай-ақ, өткен жылы әлеуметтік жұмыс орындарымен 495 адамды қамту жоспарланса, ондай орындарға алты жүзден астам жіберілген. Инфрақұрылымдарды және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету аясында 169 адам, оның 90-ы жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды. Мәселен, жұмыссыз жүрген Изобильный селосының тұрғыны Сәуле Сүлейменова Степногорск қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандарына жолығып, бағдарламаның екінші бағытына қатысуға ниет білдірді. Маманның кеңесінен кейін шағын несие алуға өтінім берді. Құжаттар пакетін толық жинап, жобасын қорғаған үміткер Көкшетау қаласындағы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының филиалына жіберілді. Мұнда ол банктен 6 миллион теңге несие алып, 21 бас ірі қара сатып алды.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы Ақмола филиалы директорының орынбасары Абзал Кенжеахметовтың айтуынша, облыста қордың қатысуымен 38 кооператив құрылып, бір мыңнан астам шағын шаруашылықтар біріктірілген. Оның 25-і сүт, өзгесі ет бағытында жұмыс істейді. Өңірде кооперативтерді және олардың қатысушыларын қаржыландыруға қомақты қаржы қарастырылған. Жалпы, облыс бо-йынша барлық несие бағдарламалары арқылы 2 миллиард теңгеге жуық қаржы ауыл жобаларына бағытталды. Бұл жұмыс «2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту», сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары аясында жүзеге асырылуда. Кооператив мүшелерінің кепілдігі бойынша несие беріледі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Димаш Таласбаев өз сөзінде бұл бағдарламаны жүзеге асыруға ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту көп септігін тигізетінін атап көрсетті. Осы орайда, облыс бойынша 91 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Оның 47-сі ет, өзгесі сүт бағытында. Ең көп кооператив құрған Ерейментау, Зеренді, Жақсы аудандарын атап өткен жөн. Мыңнан астам қатысушыны қамтитын ет бағытындағы кооперативтердегі ірі қараның саны үш мыңға жуық басты құрайды. Сондай-ақ, несиелік қаржы есебінен бір мыңнан астам ірі қара сатып алынды. Бүгінгі таңда бұл кооперативтер тонналап ет өткізуде.
Сүт бағытындағы кооперативтер мыңнан астам қатысушыны біріктіреді. Оның ішінде жүзден астам қатысушы несие алып, 1198 бас сиыр сатып алды. Жалпы, бұл кооперативтерде төрт мыңға жуық ірі қара бағылады. Сүт өңдейтін кәсіпорындарға 8 мың тонна сүт тапсырылды. Келесі бағыт 3040 бас ірі қара сатып алып, отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашу болып табылады. Бүгінгі таңда бұл жоспар толық орындалды. Жоспарды Степногорск қаласы мен Шортанды, Бурабай, Атбасар, Еңбекшілдер, Сандықтау, Жақсы, Целиноград, Ақкөл аудандары асыра орындағанын атап өткен жөн. Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту аясында 3303 сиыр сатып алынды. Бұл бағытта Зеренді, Атбасар, Еңбекшілдер аудандарының көрсеткіші жоғары. Өткен жылы облыс бойынша 8 сүт таситын автокөлік, бір мал азығы цехы, 1 рефрижератор сатып алынды. Бурабай ауданының Кенесары ауылында тұратын жеке кәсіпкер Талап Сауытов аудандық тұрғындарды жұмыспен қамту орталығына келіп, бағдарламаның екінші бағытына қатысуға тілек білдірді. Мамандардың кеңесінен кейін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамынан мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмыс істеп тұрған бизнесін ұлғайту үшін қомақты несие алды. Бұл қаржыға сүт салқындатқышы бар сиыр сауу залын, шөп артатын трактор, 5 бас қашар сатып алды. Оның үстіне екі жұмыс орнын ашты. Сөйтіп, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы 2021 жылға дейін жалғасып, өңір тұрғындарының жағдайын жақсартуға өз септігін тигізетін болады.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар