Қола жүлдегер

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан шахмат федерациясы мен Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясы ұйымдастырған турнирде он жасар жерлесіміз Вячеслав Толмачев Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Шахматтың блиц, рапид және стандарты бойынша еліміздің чемпионатына қатысу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен алты жастан он сегіз жасқа дейінгі 800-ге жуық ұл және қыз бала Алматы қаласына келді. Жарыс жоғарыдағы сайыс түрлері бойынша Қазақстан Респуб-
ликасы чемпиондарын, сондай-ақ, классикалық шахматтан Қазақстанның сегіз жастан он сегіз жасқа дейінгі ұл-қыздары арасындағы 2018 жылғы Азия және әлем чемпионаттарының қатысушыларын анықтау мақсатында өткізілді.
Үздік спортшы атағы үшін әртүрлі жас ерекшеліктерінен тұратын жеті топ бақ сынасты. Щучинск қаласында тұратын 10 жастағы шахматшы Вячеслав Толмачев біріншіліктің қола жүлдегері атанды. Оны шахматтан облыстың аға жаттықтырушысы Серікбай Темірбаев жаттықтырады. Бірінші тақтада өнер көрсеткен шахматшылардың партиясы қазақстандық балалар шахматының тарихында тұңғыш рет онлайн режимінде көрсетілді. Сондай-ақ, турнирге сынақ ретінде алғаш рет 6 жасқа дейінгі шахматшылар қатыстырылды.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар