Төртеу түгел болса төбедегі келеді

Үстіміздегі жылдың 10 қаңтары күні Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауын жариялағаны белгілі. Елбасымыздың қай Жолдауын алсақ та, халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруын, еліміздің ертеңгі дәулетті мемлекеттердің қатарынан көрінуін көздеген құжат дер едім.

Олай болса, биылғы Жолдаудағы негізгі 10 міндет болашақта орындалып, халықтың игілігіне қызмет етуі керек. Ақпараттық технологияны толық енгізу арқылы сапалы қызмет көрсетілуін қадағалау, транспорттық инфраструктураны дамыту, коммуналдық-тұрғын үй шаруашылығын жолға қойып халықтың сұранысын қанағаттандыру, қаржылық сектор мен банк жүйесі азаматтардың мақсатына сай келуін атап өтсе, мұғалімдердің жағдайын жасай отырып, жас ұрпақтың білім алу мәселесін күнделікті қадағалап отырумен бірге, білім саласының жаңа заманауи үлгіде жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау қажет. Сонымен қатар, Қазақстан халқының денсаулығының жақсы болуы алдымен медициналық көмектің әрқашан қолжетімді болуына байланысты. Елбасы осы тұрғыда өңірлер жаңа технологиялармен қамтамасыз етілгендіктерін, әр облыста жаңа медициналық мекемелер салынғандығын айтып өтті. Былтырғы Жодаудағы «100 нақты қадамның» халық игілігіне бағытталып отырғандығы, сонымен бірге, осы жобадағы тапсырыстарға сәйкес «Туған жер» бағдарламасына байланысты көптеген игілікті істер атқарылып жатқандығы туралы атай кетті.
Небары 26 жылдың ішінде Қазақстан алпауыт мемлекеттермен терезесін теңестіру мақсатында ауқымды жұмыстар жасап отыр. Бай қуатты 30 елдің қатарына ену алға қойған ірі мақсаттардың бірі. Елбасының әр Жолдауы халқының дені сау болып, Қазақстанда тұратын әр ұлттың өкілдері жақсы өмір сүру үшін жасалып жатқан ізгілікті шара деп білемін. Олай болса, ұлт- аралық достығымыз берік болуы үшін аянбай қызмет ету әр қазақстандық азаматтың алға қойған басты міндеті болуы керек деп есептеймін.
Күләш РАҚЫМЖАНОВА,
Зеренді ауданының
қоғамдық келісім Кеңесінің мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар