Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар Елбасыға сенеді - АРҚА АЖАРЫ

Жастар Елбасыға сенеді

Қасиетті халқымыз әр жылға аяқ басқан шағында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақ Ордадан Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жолдайды. Көшбасшымыз әлемдік деңгейге көтерілу мақсатында келесі биік белесті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп атады.

Президент Жолдауы халық пен билік алдындағы шешілуге тиісті мақсат-міндеттер, жоспарлар мен шаралар. Олар қоғамның өзгеруіне байланысты өзгеріп отыруы міндетті. Ғылыми негізделген, осындай нақты міндеттерді шешу жоспарлары бар мемлекеттер ғана ойдағыдай даму жолына түседі. Оны әлемдік тәжірибе үнемі дәлелдеп келеді.
Елбасының көрегендігінің арқасында осындай толағай табыстарға қол жеткізіп келеміз. Жалпы, халқымыздың тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуына бірден-бір ықпал еткен фактор – бұл Елбасының халыққа Жолдауы екені сөзсіз. Бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне аяқ басып келеді. Дамыған отыз елдің қатарына кіру үшін Жолдауда аталған міндеттердің жүзеге асу аясында бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымағы аса маңызды. Ол үшін басшылық тарапынан халыққа түсіндіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуі керек. Мемлекетіміздің кеңеюі әрқайсымыздың «цифрлық дәуір» талаптарына сай болуымызға байланысты. Осы қағиданы барша қазақстандықтар терең түсінуі керек. Сонда ғана қазақ елінің жарқын болашағы жолында барлық мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенімдімін!
Елбасымыздың әрбір Жолдауы – толғауы терең қайталанбас дүние. Жаһандық экономиканың сын мүдделеріне қарсы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының еліміздің болашағы үшін мәні мен маңызы өте зор.
Ұлт Көшбасшысы осы Жолдауында халқымыздың баға жетпес құндылығы – жастар екенін атап өткен болатын. Шын мəнінде, ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда жастарды ауқымды жұмыс күтіп тұр.
Айтылған сөз атылған оқтай болып, сандық технологиялардың дамыған заманында жас ұрпақтың болашағы жарқын болмақ. Бұл әрине, ХХI ғасыр Қазақстан тарихында «Алтын ғасыр» болатынының бірден-бір кепілі. Осы жолда аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды боларына сенімім мол. Мәңгілік ел болу жолында ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашады деп сенеміз. Біз жастар артқан үміт пен арқалаған сенімді ақтау үшін еліміздің өркендеуі жолында аянбай қызмет етеміз. Көкшенің қара шаңырағының астына жиналған әрбір студент үшін білім мен ғылым жолындағы ізденушінің талабын тауға сүйрейтіндей жағдайдың барлығы жасалған. Бұның барлығы Елбасымыздың салған сара жолының негізінде жүзеге асып отыр. Біздің алдымызда еліміздің мәртебесін арттыру міндеті тұр. Осы жолда біз жастар жан аямай еңбек етіп, халыққа пайдасы тиер дүниелер жасауға бар күш-жігерімізді саламыз!
Ботагөз ӘБСАДЫҚ,
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының
2 курс студенті.

Jastar Elbasyg’a senedі

Qasi’ettі halqymyz a’r jylg’a ai’aq basqan s’ag’ynda Elbasy N.A’.Nazarbaev Aq Ordadan Qazaqstan halqyna arnalg’an da’stu’rlі Jolday’yn joldai’dy. Ko’s’bass’ymyz a’lemdіk den’gei’ge ko’terіly’ maqsatynda kelesі bi’іk belestі «To’rtіns’і o’nerka’sіptіk revoli’y’tsi’i’a jag’dai’yndag’y damy’dyn’ jan’a mu’mkіndіkterі» dep atady.

Prezi’dent jolday’y halyq pen bi’lіk aldyndag’y s’es’іly’ge ti’іstі maqsat-mіndetter, josparlar men s’aralar. Olar qog’amnyn’ o’zgery’іne bai’lanysty o’zgerіp otyry’y mіndettі. G’ylymi’ negіzdelgen, osyndai’ naqty mіndetterdі s’es’y’ josparlary bar memleketter g’ana oi’dag’ydai’ damy’ jolyna tu’sedі. Ony a’lemdіk ta’jіri’be u’nemі da’leldep keledі.
Elbasynyn’ ko’regendіgіnіn’ arqasynda osyndai’ tolag’ai’ tabystarg’a qol jetkіzіp kelemіz. Jalpy, halqymyzdyn’ tari’hyna u’n’іlsek, memleketіmіzdіn’ aly’an bag’yttag’y tynys-tіrs’іlіgіnіn’ damy’yna bіrden-bіr yqpal etken faktor – bul Elbasynyn’ halyqqa Jolday’y ekenі so’zsіz. Bu’gіnde a’lem to’rtіns’і o’nerka’sіptіk revoli’y’tsi’i’a da’y’іrіne, tehnologi’i’alyq, a’ley’mettіk salalardag’y teren’ ja’ne qarqyndy o’zgerіster kezen’іne ai’aq basyp keledі. Damyg’an otyz eldіn’ qataryna kіry’ u’s’іn Jolday’da atalg’an mіndetterdіn’ ju’zege asy’ ai’asynda bu’kіl qog’amnyn’ bіrlіgі men yntymag’y asa man’yzdy. Ol u’s’іn bass’ylyq tarapynan halyqqa tu’sіndіry’ jumystary qarqyndy tu’rde ju’rgіzіly’і kerek. Memleketіmіzdіn’ ken’ei’y’і a’rqai’symyzdyn’ «tsi’frlyq da’y’іr» talaptaryna sai’ boly’ymyzg’a bai’lanysty. Osy qag’i’dany bars’a qazaqstandyqtar teren’ tu’sіny’і kerek. Sonda g’ana qazaq elіnіn’ jarqyn bolas’ag’y jolynda barlyq maqsattarg’a qol jetkіzetіnіmіzge ka’mіl senіmdіmіn!
Elbasymyzdyn’ a’rbіr Jolday’y – tolg’ay’y teren’ qai’talanbas du’ni’e. Jaһandyq ekonomi’kanyn’ syn mu’ddelerіne qarsy «To’rtіns’і o’nerka’sіptіk revoli’y’tsi’i’a jag’dai’yndag’y damy’dyn’ jan’a mu’mkіndіkterі» atty Jolday’ynyn’ elіmіzdіn’ bolas’ag’y u’s’іn ma’nі men man’yzy o’te zor.
Ult Ko’s’bass’ysy osy Jolday’ynda halqymyzdyn’ bag’a jetpes qundylyg’y – jastar ekenіn atap o’tken bolatyn. S’yn mənіnde, ulttyq bіlіm bery’dіn’ barlyq by’ynynyn’ sapasyn jaqsarty’da jastardy ay’qymdy jumys ku’tіp tur.
Ai’tylg’an so’z atylg’an oqtai’ bolyp, sandyq tehnologi’i’alardyn’ damyg’an zamanynda jas urpaqtyn’ bolas’ag’y jarqyn bolmaq. Bul a’ri’ne, HHI g’asyr Qazaqstan tari’hynda «Altyn g’asyr» bolatynynyn’ bіrden-bіr kepіlі. Osy jolda an’sarly azattyg’ymyz ben ta’y’ eter ta’y’elsіzdіgіmіz bai’andy bolaryna senіmіm mol. Ma’n’gіlіk el boly’ jolynda uly іsterіmіz jan’a da’y’іrlerge jol as’ady dep senemіz. Bіz jastar artqan u’mіt pen arqalag’an senіmdі aqtay’ u’s’іn elіmіzdіn’ o’rkendey’і jolynda ai’anbai’ qyzmet etemіz. Ko’ks’enіn’ qara s’an’yrag’ynyn’ astyna ji’nalg’an a’rbіr sty’dent u’s’іn bіlіm men g’ylym jolyndag’y іzdeny’s’іnіn’ talabyn tay’g’a su’i’rei’tіndei’ jag’dai’dyn’ barlyg’y jasalg’an. Bunyn’ barlyg’y Elbasymyzdyn’ salg’an sara jolynyn’ negіzіnde ju’zege asyp otyr. Bіzdіn’ aldymyzda elіmіzdіn’ ma’rtebesіn arttyry’ mіndetі tur. Osy jolda bіz jastar jan ai’amai’ en’bek etіp, halyqqa pai’dasy ti’er du’ni’eler jasay’g’a bar ku’s’-jіgerіmіzdі salamyz!

Botago’z A’BSADYQ,
S’oqan Y’a’li’hanov atyndag’y Ko’ks’etay’ memlekettіk y’ni’versi’tetіnіn’ qazaq tіlі men a’debi’etі mamandyg’ynyn’
2 ky’rs sty’dentі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар