Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бөтен бала» деген болмайды - АРҚА АЖАРЫ

«Бөтен бала» деген болмайды

Өткен тарихымызға зер салсақ, қазақтың әдет-ғұрпында бала ата-анасынан айырылған жағдайда, оны туған-туыстары бауырына басып, тәрбиелеген. Қазіргі уақытта әрине, бұлай кесіп айту қиын. Дегенмен, ондай жарқын мысалдар қоғамымызда баршылық.

Баланы асырап алу үшін ата-аналар мұндай шешімге дайын екендігіне сенімді болуы керек. Баланы әсіресе, үйде жүргендей елестету қажет. Тек күлкісі, алғашқы қадамдары ғана емес, сізді «ана» деп алғаш рет шақырғаны сияқты, барлық жақсы-жаманды сәттері туралы ойланыңыз. Яғни, баланың көңіл-күйінің бұзылуы, мазасызданып жылауына да шыдамдылық таныту үшін оны асырап алатын ата-анасының екеуінің де тарапынан ешқандай ауытқушылық болмауы керек. Өзіңізге және балаңызға шынайы сүйіспеншілік пен сенім ғана оны дұрыс тәрбиелеуге және толыққанды адамға айналдыруға көмектеседі.
Бала асырап алу – болашақ ата-ана мен баланың жаңа азаматтық құқықтары ретінде Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңына сәйкес бір-біріне қатысты жауапкершілік. Ол туралы Кодекстің 85-бабының 3-тармағының 13-тарауында айтылған.
Баланы асырап алғысы келетін қазақстандықтар өздерінің тұрақты тұратын жерінде білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органдарына өтініш жасайды. Содан кейін талап-арызды бала асырап алғысы келетін адамдар сотқа ұсынады. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, өтініш беруші баланың ата-анасы ретінде тіркелген туу туралы куәлікті алу үшін АХАТ органына өтініш беруі керек.
Бүгінгі таңда біздің заңнамамыздың өркениеттілігін Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 90-бабынан байқауға болады. Дәл осы бапта бауырлар мен әпкелерін, тіпті, бір-бірімен байланысы жоқ бірнеше баланы асырап алу жазылған. Баланы асырап алу үшін ол он жасқа толған кезде ғана келісім беріледі. Бала асырап алудың құпиясы заңмен қорғалады.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы бала асырап алушылардың саны өскені байқалады. Мәселен, Қазақстан Республикасының азаматтары 2016 жылы 70 баланы, ал, 2017 жылы 84 баланы асырап алған.
Салтанат ЖАКИНА,
облыстық әділет департаментінің
жетекші маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар