Әр адамның өзіне қымбат ар-намысы бар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Берген Беспалиновтың төрағалығымен кезекті отырыс болып өтті.

Онда алдымен, кеңестің жаңа мүшесі – «Қазақстан-Көкше» облыстық телеарнасының директоры Әлібек Татанов таныстырылды.
Одан әрі Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Қуанышбаев өз саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері бойынша баяндама жасады. Ол өз сөзінде басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелмегенін, 2016 жылы мемлекеттік сатып алуларда олқылықтар орын алғанымен, олар жөнге келтірілгенін атап өтті.
Дегенмен, Зеренді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Руслан Сәдуақасовқа қатысты тәртіптік істе оның осы лауазымда өткен жылдың маусымынан бері ғана істеп келе жатқанымен, адамдармен қарым-қатынаста олардың ар-намысына тию фактілері анықталды. Міне, осы заңсыз әрекеттеріне байланыс-ты әріптестері облыстық Әдеп жөніндегі кеңеске шағымдануға мәжбүр болды. Бірақ, белгісіз себептермен айыпталушының өзі кеңес отырысына келмеді. Сөйтіп, тәртіптік кеңестің қорытындысы бойынша Руслан Сәдуақасовты «толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.
Сондай-ақ, кеңесте Ақмола облыстық әкімдігінің Әдеп жөніндегі өкілі Нариман Әбдірахмановтың 2017 жылғы жұмыс қорытындысы жөніндегі есебі тыңдалды.
Әдеп кеңесі қаралған мәселелердің нәтижелері бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар жасады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар