Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Лаңкестікке – жол жоқ - АРҚА АЖАРЫ

Лаңкестікке – жол жоқ

Ақмола облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде дін саласы мамандарының қатысуымен «Әскер – терроризмге қарсы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Іс-шара 2016-2018 жылдарға арналған Қорғаныс Күштерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу бағдарламасы аясында өткізілді.

Облыстық дін істері басқармасы жанындағы конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының маманы, психолог Юлия Трофимова жиында деструктивтік діни ағымдардан келетін қауіп жайлы, олардан сақтанып жүрудің жолдарын түсіндіріп өтті. Баяндамашының сөзіне сүйенсек, бүгінгі таңда облысымызда 12 конфессияға жататын 228 діни бірлестік бар. Ал, еліміз бойынша 18 конфессияның бары тіркеліп отыр. Заңға сәйкес, олардың
әрқайсысының діни наным-сенімдерін насихаттауға құқықтары бар. Өкінішке орай, олардың кейбіреуі заңда бекітілген ережелерді аяққа таптап, қоғам арасында діни тұрақсыздық, шиеленіс туғызуда.
Психолог Юлия Трофимованың айтуынша, кез келген адам жат ағымдардың құрығына ілініп қалуы мүмкін. Сауалнама нәтижесінде сұрау салынған азаматтардың тоқсан пайызынан астамының деструктивті көзқарастағы теріс пиғылдылардың арбауына оңай түсіп қалатыны анықталған екен. Жат ағымдағылар әуелі адамның жанды жерін тауып алып, артынша оның сеніміне кіріп, өзінің арам ойын жүзеге асырады. Отбасындағы психологиялық, әлеуметтік тұрақсыздық, қандай да бір кикілжіңдер, жалғыздық адамды сондай ортаға алып келуі әбден мүмкін. Әсіресе, әлеуметтік желілер бүгінгі таңда экстремистердің қаруына айналып отыр. Дөңгелек үстел мәжілісі кезінде психолог маман әскерилерді әлеуметтік желілерді, сайттарды пайдаланған кезде аса сақ болуға, экстремистік сипаттағы ақпараттарға сілтеме жасамауға, таратпауға шақырды. Керісінше жағдайда оның өтеуі қатал болатыны ескертілді. Өткен жылы Сандықтау ауданының тұрғыны ғаламторда теріс діни көзқарас білдіргені үшін темір торға қамалған екен.
Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет атындағы орталық мешіттің наиб имамы Мейіржан Рахметоллаұлы асыл дінімізде терроризмге орын жоқ екенін, исламның адамзатты тыныштық пен бейбітшілікке шақыратын дін екендігіне кеңінен тоқталды. Дінге бет бұра бастаған жастардың интернеттегі тексерілмеген дереккөздер арқылы емес, діни білімі бар мешіт имамдарынан сауат ашуы маңызды екенін еске салды. Михаил Архангел кафедралық соборының дін қызметшісі Валерий Анфиоров та жиында экстремистік әрекеттермен қоғам болып күресу қажеттігін айтты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар