1 наурызды Алғыс айту күні

Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Біздің ел әртүрлі ұлт өкілдері үшін олардың ортақ үйі болғанын тарихтан көріп отырмыз. Қазақстандық көптеген отбасы мәжбүрлеп қоныс аудартқызып, қуғын-сүргінге ұшыратқан қиын-қыстау кезең жайлы өз үрім-бұтағына ұмытылмас естелік қалдырды.
Туғанындай көретін берекелі Қазақ жері оларды сондай бір жылы шырай таныта және аяушылық білдіре қарсы алғанын қоныс аударып келген аға ұрпақ ризашылықпен еске алуда. Тарихтағы мұндай сабақтың ізі өшпегені анық. Халқымыз достық, бірлік пен ұйымшылдық сияқты ұғым-түсініктердің шын мәніндегі бағасына жете білген.
Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістігінің негізінде барша қазақстандықтың жасампаз еңбегі, мақсаттар ортақтығы және бірлігі жатыр. Алғыс айту күні қазақстандықтарды одан бетер жақындастырып, жақсы іс-әрекеттері үшін бір-біріне ризашылық білдіруіне мүмкіндік береді деген сенімдеміз.
Сіздерді Алғыс айту күнімен шын пейілмен құттықтаймыз! Зор денсаулық, бақыт, жақсылық, амандық-саулық және ортақ Отанымыздың гүлдене беруін тілейміз!
Қазақстан халқы
Ақмола ассамблеясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар