2018 жылғы қаңтар айы бойынша облыстағы инфляция және қаржы нарығындағы жағдай туралы

Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және алтын валюта резервтері.
Ақмола облысы статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2018 жылғы қаңтарда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2017 жылғы желтоқсанға қарағанда 100,3 пайызды, 2017 жылдың тиісті кезеңінде – 100,3 пайызды, республикалық мағынада – 100,6 (100,8 пайызды) құрады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,2 пайызға көтерілді, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,2 пайызға, азық-түлік тауарлары – 0,5 пайызға қымбаттады.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 2018 жылғы 16 қаңтардан жылдығы 9,75 пайызды құрайды. 2017 жылғы 28 қарашадан 2018 жылғы 15 қаңтарға дейін ресми қаржыландыру мөлшерлемесі жылдығы 10,25 пайызды құрады.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 1,1 пайызға өсіп, 90,1 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде ҚР Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері 31,7 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері 58,4 миллиард АҚШ долларын құрады.
Облыстағы қаржы нарығының жағдайы.
2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттарымен екінші деңгейлі банктердің 19 филиалы және «Қазпошта» АҚ Астана филиалы «Астана почтамты» Көкшетау ҚПБТ бар.
Валюта нарығы. 2018 жылдың қаңтар айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 327,01 теңгені, еуроға – 398,21 теңгені, ресей рубліне – 5,77 теңгені құрады.
2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Ақмола облысының аумағында 107 айырбастау пункті жұмыс істейді, оның ішінде: 65 – банк филиалдарының, 25 уәкілетті ұйымның 42 айырбастау пункті бар.
2018 жылғы қаңтар айында облыстағы айырбастау пункттері 8,2 миллион АҚШ долларын, 0,6 миллион еуро және 399,8 миллион ресей рублін сатты (2017 жылғы желтоқсанда 10,6 миллион АҚШ долларын, 0,8 миллион еуро және 581,3 миллион ресей рублі сатылған).
Депозит нарығы. 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банктердегі депозиттерінің жалпы көлемі 148,5 миллиард теңгені құрады. Бұл 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 22,2 пайызға өсті, өткен аймен салыстырғанда 1,9 пайызға өсті.
Депозиттердің жалпы сомасында теңгемен салынған депозиттердің үлес салмағы 69,4 пайыз.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 10,64 пайыз, шетел валютасы бойынша – 2,52 пайыз болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққандағы депозиттердің орташа мөлшері 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 614,8 АҚШ долларын құрады.
Кредит нарығы. 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 214,9 миллиард теңгені құрады, бұл 2017 жылғы 1 ақпандағы жағдайдан 30,2 пайызға көп, ал өткен аймен салыстырғанда 0,7 пайызға азайды.
2018 жылғы қаңтар айында облыс банктері сомасы 12 654,7 миллион теңгеге кредит берді, бұл 2017 жылғы желтоқсаннан 41,6 пайызға аз.
2018 жылғы қаңтар айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 16,5 пайызды, шетел валютасындағы кредиттер бойынша – 6,1 пайызды құрады.
Кредиттерді долларландыру деңгейі берілген кредиттердің жалпы көлемінен 18,0 пайызды құрады.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 56,7 миллиард теңгені құрады. 2018 жылғы қаңтар айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің көлемі 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,5 пайызға азайып, 4,2 миллиард теңгені құрады.
Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 26,6 миллиард теңгені құрады. 2018 жылғы қаңтар айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 667,8 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 46,2 пайызға немесе 573,7 миллион теңгеге азайды.
Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2018 жылғы 1 ақпанға 70,8 миллиард теңгені құрады. 2018 жылғы қаңтарда сомасы 5,4 миллиард теңгеге кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 19,4 пайызға азайды (2017 жылғы желтоқсанда – 6,7 миллиард теңге берілді). Орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 8,5 пайызды құрады.
Төлем карточкалар нарығы. Айналымдағы төлем карточкаларының саны 2018 жылғы 1 ақпанға 481,0 мың бірлікті немесе республикалық көлемнен 2,5 пайызды құрады. Ақмола облысы бойынша бұл карточкаларды ұстаушылар саны 433,2 мың адамды құрады (2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 14,4 пайызға және сәйкесінше 11,2 пайызға көбеюі байқалады).
2018 жылғы қаңтар айында облыста төлем карточкалары пайдаланылған транзакциялар көлемі 27 677,4 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 24,9 пайызға азайды). Транзакциялар саны 753,9 мың транзакцияны құрап, 21,6 пайызға азайды. Қолма-қолсыз төлемдер саны 12,1 пайызға азайып, 222,1 мың транзакцияны құрады, сомасы 26,7 пайызға азайып, мөлшері 5 069,6 миллион теңгені құрады. Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 24,9 пайызға, саны 531,8 мыңға дейін азайды. Сомасы 24,5 пайызға азайып, мөлшері 22 607,8 мың теңгені құрады.
2018 жылғы 1 ақпанға төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі мына түрде ұсынылған: 2 729 POS-терминал (2017 жылғы желтоқсанда – 2 719), 335 (334) – банкомат, 1 554 (1 539) – төлем карточкаларын қабылдайтын сауда кәсіпорны және қызмет көрсететін кәсіпорын, 32 (32) банк киоскісі және 491 (472) төлем терминалы.

«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалының
ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар