Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
101-дегі әже батасын берді - АРҚА АЖАРЫ

101-дегі әже батасын берді

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Ел аналары» республикалық акциясы аясында «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов және облыстық мәслихаттың депутаты Серік Аяғанов Көкшетау қаласының іргесіндегі Нұрлы көш ауылында тұратын Сәлима Баязитқызын мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады.

Көкшетау қаласының іргесіндегі Нұрлы көш ауылында тұратын Сәлима Баязитқызы Ақжар ауданында 1917 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. 100 жылдық ғұмырының ішінде тағдыр-талайы пешенесіне жазған ащылы-тұщылы өмірдің бәрін көрген. Жастық шағы қиын-қыстау уақытпен тұспа-тұс келген. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел басына төнген ауыртпалықты бұл кісі де арқалаған. Ер-азаматтың бәрі қолына қару алып, қияндағы майдан даласына аттанған кезде тылдағы тынымсыз жұмыстың кәтепті қара нарға жүк болар зіл салмағын тал шыбықтай бұралған әйелдер көтергені белгілі. Егін де екті, мал да бақты олар. Таусылып бітпес қоғамдық жұмыстарды қиналса да қайыспай атқара білген абзал аналар сан шаруаның басын қайыра жүріп, шиеттей бала-шағаларын да өсірді.
Сәлима әжей жарық дүниеге 12 бала әкелген екен. Қазір сол перзенттерінің 5-еуінің көзі тірі. Бауыр еті балалары сыйлаған 23 немере мен осынша шөберенің ортасында қарт әже асыл қазына іспетті. «Ер азаматтар соғысқа аттанғанда егін егіп, ердің жұмысын істедік. Тракторге де отырдық, күрек пен айырды да қолға алдық. Осылайша Жеңісті жақындатуға өз үлесімізді қостық. Бүгінгі жастарға айтарым, ерінбеңдер. Еңбек етсең, ерінбей тояды қарның тіленбей деймін», – дейді жүз жасаған қария. Кейуана киген қамзолына «Алтын алқа» ордені мен қатар азаматының орден-медальдарын тағып алған. Әжей қазір Ғабдылжан есімді немересінің қолында тұрады.
Бір ауыз сөз адам жанын семіртеді емес пе. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Ел аналары» республикалық акциясы аясында «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов және облыстық мәслихат депутаты Серік Аяғанов мерекемен құттықтап, сый-сияпаттарын ұсынды. Ел билігіндегі азаматтардың өзін елеп-ескеріп, табалдырығын аттағанына ғасырмен құрдас әже арқа-жарқа болып, қуанып қалды.
Жалпы Ақмола облысында 100-ден асқан 14 ақ жаулықты ана тұрып жатыр. Оның үшеуі Көкшетау қаласының тұрғыны болса, қалғандары өңірдің түкпір-түкпірінде. Бүгін «Нұр Отан» партиясының өкілдері әр қайсысын құттықтай барып, сый-сияпат көрсетті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар