Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халал өнім жобасы қолға алынады - АРҚА АЖАРЫ

Халал өнім жобасы қолға алынады

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин
Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында осы елдің экономика министрі Сұлтан әл-Мансұрмен кездесті.

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық қатынасты нығайту, өңірге инвестиция тарту және туризмді дамыту мәселелері сөз болды. Арабтар жағы Ақмола облысында өндірілген ұнның алғашқы коммерциялық партиясының жеткізілгеніне ризашылықтарын атап өтті. Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық 800 тонна экспорттық ұнның алғашқы коммерциялық партиясын «INTER TRADE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеткізген болатын. Осы орайда, Мәлік Мырзалин араб бизнесмендеріне Ақмола облысындағы астық, ет өңдеу және туризм салалары бойынша нақты жобаларға инвестиция салуды ұсынды. Оның ішінде Dubai Investments Park инвестициялық паркін ашу мәселесі талқыланды. Бұл жолғы кездесуде облыс басшысы екіжақты сауда-экономикалық қатынасты нығайту, өңірге инвестиция тарту және туризмді дамыту мәселелеріне кеңірек тоқталып, Ақмола өңірінің инвестициялық мүмкіндіктері зор екенін атап өтті.
– Өңірде барлық коммуникация жүйесі қамтылған индустриалды аймақ құру жоспарда бар, – деді облыс әкімі. Өз кезегінде Біріккен Араб Әмірліктерінің экономика министрі Ақмола өңірінде араб компанияларының қатысуымен халал өнім жобасын қолға алуға қызығушылық білдірді.
– Қазіргі кезде сусын және азық-түлік сияқты шығарылып жатқан халал өнімдерінің көлемі 750 миллиард теңгені құрады және бұл көрсеткіш жыл сайын 7 пайызға дейін көбейіп келеді, – деді Сұлтан әл-Мансұр.
Сонымен қатар, облыс әкімі бастаған ақмолалық делегация Біріккен Араб Әмірліктерінің тұрғын үй құрылысы және туризм саласындағы ірі компаниясы
Al Qudra Holding басшылығымен кездесті. Аталмыш компания өкілдері Бурабай курортындағы Үлкен Шабақты және Текекөл туристік аймағында құрылыс нысандарын салуға ниетті екенін білдірді. Келіссөздер нәтижесінде Араб бизнесмендерінен құралған делегация Ақмола облысына жұмыс сапарымен келуге уағдаласты.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар