Экспорттық әлеуетіміз артып келеді

Ақмола облысының диқандары әр жыл сайын мол өнім өндіріп, республикадағы ең астықты аймақ екендіктерін дәлелдеп келеді. Еліміздегі астықтың төрттен бірін біздің облыс өсіруде. Әр жыл сайын 2-2,5 миллион тонна сапалы астық экспортқа шығарылады.

Облыстың ішкі рыногына өздерінің брендті азық-түліктерін 80 компания ұсынуда. Азық-түліктің қомақты көлемі көршілес Ресей, Қытай, Өзбекстан елдеріне шығарылуда.
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ішкі рыноктағы негізгі азық-түлік түрлері: астық, майлы дақылдар тұқымы, ұн, жұмыртқа, сүт өнімдері. Оның ішінде астық дақылдары мен бидай кебектерінің үлесі 80 пайызды, майлы дақылдар 17 пайызды құрайды.
Тауарлар Орта Азия, ТМД елдері, Еуразия экономика одағы, алыс шет елдерге де шығарылуда. 2017 жылы агроөнеркәсіп кешені экспортқа шығарған та-
уарлар көлемі 254,5 миллион АҚШ долларын құрады. 2016 жылы бұл көлем 104,9 миллион АҚШ доллары деңгейінде болатын.
Астық Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан мемлекеттеріне экспортталады. Қытайға астық сату мәселесі шешілуде. Сұлы дақылы Иранға, бұршақ тұқымдас дақылдар Түркия, Иран, Ауғанстанға жөнелтілуде. «Inter Trade», «Атбасар ұн», «MKRamadan» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің ұн өнімдері Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ауғанстан мемлекеттерінің рыноктарына шығарылуда. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне ұн жеткізу жолдары қарастырылуда.
«Бота 2015», «Заречный», «Esil Grain» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің майлы дақылдар тұқымы Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Бельгия, Германия, Иран, Польша, Моңғолияға шығарылады.
Бурабай ауданындағы «Бота 2015» серіктестігі Қытай Халық Республикасына өсімдік майын, Ресей рыногына сүт өнімдерін «Садовый» сүт зауыты, «MilkProject», «Гормолзавод» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Харсиев» жеке кәсіпкерінің сүт зауыты шығаруда.
«Астана Агропродукт», «Щучье ет комбинаты», «CapitalProject» серіктестіктері ет өнімдерін, Ақкөл ауданындағы «Үш бұлақ-2005» серіктестігі Қырғызстан мен Ресей рыногына жұмыртқа, Еңбекшілдер ауданындағы «Қазгер Құс» компаниясының қосымша өнім өндіру желісі іске қосылғаннан кейін Орта Азия мен Таяу Шығыс (Тәжікстан, Түркіменстан, Пәкістан) және Біріккен Араб Әмірліктерінің рыноктарына шығарылуда.
Димаш ТАЛАСБАЕВ,
облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар