Көрме мұрасы қызмет етеді

Көкшетау қаласында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компания-сы, Ақмола облысының әкімдігі және Қазақстан Республикасы «Атамекен» ӨКП үшжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы облыстық әкімдікпен бірлесіп, өңірдің оқу орындары және туроператорлар жетекшілерімен кездесу өткізді. Іс-шара шеңберінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК, Ақмола облысының әкімдігі және ҚР «Атамекен» ӨКП арасында үшжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат оқушылар мен студенттер үшін Халықаралық мамандандырылған көрме мұрасының нысандарына мәдени-білім беру турларын ұйымдастыруды көздейді. Сонымен қатар, болашақ энергия мұражайы «Нұр-Әлем» сферасының инновациялық алаңында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде физика, биология, география, тарих, туризм және басқа пәндер бойынша «Kids Future Energy» мен «Students Future Energy» ашық сабақтарын өткізуге мүмкіндік береді. Аталған сабақтардың форматы оқу бағдарламаларын нақты көзбен шолуды қарастырады.
Кездесу барысында Ұлттық компания мен өңірлік туроператорлар арасында «Халықаралық мамандандырылған көрме нысандарының Ресми туроператоры» мәртебесін алу бойынша Меморандумға қол қойылып, туроператорлар мен оқу орындары арасында шарттар жасалды. Қазіргі таңда көрме мұрасы қазақстандық туроператорлардың ерекше қызығушылығын оятуда, өйткені, ЭКСПО-2017 еліміздің жаңа бренді болса, ал, болашақ энергиясы символына айналған «Нұр Әлем» сферасы – Брюсселдің Атомиумы, Париждің Эйфел мұнарасы іспеттес. Бұл көрменің басты мұрасы еліміздің туристік нысандарының халықаралық стандартқа сай және де әлемдік туризм нысандарының сандықшасына енгендігі болып саналады.
2017 жылғы 11 қарашада ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі нысандары өз жұмысын қайта бастаған-ды. Көрме кешенінің туристік аймағының «Нұр Әлем» сферасы – «Болашақ энергиясы» мұражайы, үздік тәжірибелер аймағы, энергия холы мен конгресс орталығы келем деушілерге ашық.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар