НАЙЛЕПШЕ ЖЫЧЭНИЯ З ОКАЗИИ НАУРЫЗУ!

Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық ұлттар мен ұлыстар көгілдір көктемдегі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін ізетті ынтымақтастықпен тойлайды. Тарихтың тар соқпағында тақсірет тартып келген талай жұрт қазақтың қонақжайлылығы мен қайырымдылығын, жанашырлығын ешқашан ұмытпайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 32 мыңнан астам, ал, Ақмола облысында сегіз мыңнан астам поляктар тұрады. Поляктар бірлестігінің негізгі міндеті – ұлтаралық қатынастарды нығайту, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты барынша арттыра түсу.
Біздің бірлестік құрылған кезде мүшелері тек поляк ұлтының өкілдері ғана болған жоқ, өзге де көптеген ұлт өкілдері болды. Өйткені, олар біздің мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге қызығушылық танытты. Сол тәрізді біздер де жергілікті ұлттың сан ғасыр бойы үзілмей жалғасып келе жатқан ұлттық болмысын ұғуға ұмтылдық. Осылайша бір-біріміздің жан дүниемізді түсініп, бұрынғыдан да жақындай түстік.
Шұғыла шуағы баршаға ортақ Наурыз тойы бұл күнде бір ғана ұлттың мерекесі емес, барша жұрттың қуанышына айналып отыр. Біз де поляк және қазақстандық тарих пен мәдениеттің белгілі кезеңдеріне байланысты әртүрлі мерекелерді өткізудеміз. Мәдениет пен өнер фестивальдерінің, байқаулардың мақсат-мұраты бір. Оның үстіне Қазақстан мен Польшаның түрлі қалаларында балалар мен жасөспірімдердің бағдарламалары жиі ұйымдастырылады. Қоғамдық ұйымдармен шығармашылық байланыс күшейіп келеді.
Жастардың шығармашылық ұжымын құру да өз септігін тигізуде. Өскелең ұрпақты толеранттылық, қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге ат- салысудамыз. Ерекше екпін түсіріп айтқым келеді. Басқа мәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтаса жұмыс істеудеміз.
Наурыз күнін тойлау бірлестік жоспарына енгізілген айтулы шаралардың бірі. Мереке күні ән-жырларымызбен, ойын-сауығымызбен жалпыхалықтық іс-шараға үлес қосатын болсақ, былайғы уақытта егемен еліміздің ертеңі үшін жан аямай жұмыс істейміз.
Сөзімді түйіндей келе, көгілдір көктемдегі шуақты мерекенің барлық адамдарға ортақ екенін айта отырып, қазақтың ұлан-байтақ даласында тұрып жатқан барша жұртшылықты құттықтап, ең ізгі тілегімді білдіргім келеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар