Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ елі монументі - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ елі монументі

«Қазақ елі» – Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан мәдени-архитектуралық монумент. Монумент 2009 жылы ашылды. Монументтің авторлары – Сәрсенбек Жүнісов және Жаңбыршы Нұркенов.
Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар, монумент орналасқан орталық тұғырнамасы 1 гектар жерді алып жатыр. Ақ мәрмәрдан құйылған монументтің биіктігі – 91 метр, бұл – Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жылдың белгісі. Ал, ұшар басындағы алтын түстес бояумен әрленген алып құс – Самұрық Қазақстанның тыныштығын «күзетіп» тұр. Монументтің түсі – ақ. Ол қазақстандықтардың достыққа адал, бауырмал, ақ ниетін паш етеді. Көптеген елдерде орнатылған мұндай стеллалар қара, кейде қызыл түсті болып келеді. Олар тиісінше қара күштің, қанның белгісі іспетті.
«Қазақ елі» монументінің сыртқы бөлігінде 28 колоннадан тұратын жалпы ұзындығы 120 метрлік доға пішіндес ақ колонна орнатылған. Стелланың өзі осы ақ колоннаның қақ ортасында, қызыл граниттен жасалған төрт қырлы тұғырға отырғызылған. Оның төрт қырлы болған себебі, дүниенің төрт бұрышына да Қазақстанның құшағы ашық, көңілі адал дегенді айғақтайды.
Өзгеріс: тұғыр граниттің төрт қабырғасына жасалмақ. Оның биіктігі 20,1 метрге дейін көтерілетін болады, содан соң қабырғаларға жаңа көркемдік шешім бойынша қола барельефтер орнатылмақшы. Идея авторларының ойынша, бұл монументтің мазмұны мен көркемдігін аша түседі.
Орталық барельеф – «Халық және Президент» деп аталады. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның сыртында халықтың бейнесі көрінеді. Алдыңғы фигураның биіктігі – 5 метр, онда Н.Назарбаевтың ант беріп тұрған сәті бейнеленген. Бұл – біздің тәуелсіз, демократиялық елімізде заңның үстемдік құратынын айғақтайтын нышан. Президенттің сыртындағы халық – қазақстандықтар, олардың бейбіт, мейірімді көңілін ұшып жүрген қарлығаштар дәйектейді.
Монументтің оң жағындағы екінші барельеф – «Қаһармандық» деп аталады. Онда Отан қорғау қазақ ұлдарының ежелден қасиетті борышы болғанын көрсететін бейнелер шоғырланған. Соның ішінде ерлік пен елдікке үндеген жыраудың, ат үстіндегі ел қорғаған сарбаздың және қолында қаруы бар жауынгердің елдің шебін күзеткен бейнелері орналастырылған.
Батыс жақ бетке орналастырылатын «Жасампаздық» атты барельефте авторлар Қазақстанның көшпелі дәуірден ғарышқа ұшқанға дейінгі жолын бейнелеген. Сондағы жасампаздықты туғызған ғалымдар мен инженерлер, металлургтер мен диқандар бейнесі көрінеді.
Ал, монументтің шығыс жағындағы «Болашақ» атты барельефте тәуелсіз елде өсіп, өз тағдырларын өздері жасап, ғылымда, мәдениетте, спортта үлкен жетістіктерге жетіп келе жатқан қазақстандық жастардың көңілді шақтары бейнеленген.
Осы идеялардың бәрі Қазақстан халқының тәуелсіздік алғандағы шаттанған сезімдерін бейнелеген «Бірлік» атты мүсіндік композициямен түйінделеді. Сондай-ақ, «Мәңгілік Ел» монументінің авторларына Мемлекеттік сыйлық лайық деп танылғаны белгілі.
– Бізде, елордамызда мұндай ғимараттар аз емес. Дегенмен, «Мәңгілік Ел» – мағынасы жағынан да, көркемдік жағынан да өзімізге де, басқаларға да белгілі болып келе жатқан ғимарат. Мұны тәуелсіз еліміздің мәртебесін сәулет нәрі арқылы сәтті айшықтайтын туынды деп санаймыз, – деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев. Нақтылай айтқанда, Мемлекеттік сыйлық «Мәңгілік Ел» монументі үшін авторлар ұжымы – И.Н.Тасмағамбетовке, С.С.Ж а н б о л а т о в қ а, М.А.М а н с ұ р о в қ а, Н.А.Далбайға берілген болатын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар