Барлық мәселе назарға алынады

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға бірінші болып кірген Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына қарасты Чкалов селосынан келген Қанат Есмағұлов ақсақал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Абылай ханның даңқты батырлардың бірі – Төлебай батырға ескерткіш орнату ұсынысымен келген екен. Онымен бірге келген батырдың жетінші ұрпағы Жүсіп қажы да осы ұсынысты аяқсыз қалдырмай, бір шешімін тапса деген тілегін жеткізді. Қос қарияның әңгімесін мұқият тыңдаған Айна Ермекқызы бұл мәселенің түйіні облыстық ескерткіштерді қорғау қоғамының мамандары мен облыстық мәдениет басқармасы және Солтүстік Қазақстан облысының өкілдерімен бірлесіп шешілетінін жеткізді.
Одан әрі үш адам скайп, біреуі телефон арқылы байланысқа шықты. Мәселен, мүгедектерге медициналық қызмет көрсету жөнінде Жарқайың ауданынан скайп арқылы хабарласқан Әділ Нұрбеков аудандық аурухананың екі жыл бұрын пайдалануға берілгенін, содан бері психиатр және офтальмолог дәрігерлердің жетіспейтіндігі ауданындағы мүгедектерді алаңдататынын әсіресе, медициналық көмек алу үшін Көкшетау қаласына бару керектігі қиындық туғызып отырғандығын айтып осы мәселені шешуге қол ұшын беруді сұрады. Бұл сұраққа облыс әкімінің орынбасары ауданға үш айда бір реттен аталған дәрігер мамандар арнайы барып, емделушілерді тексерістен өткізетін болады деп жауап берді.
Ал, Щучинск қаласынан зейнеткер Оразгүл Қасымова бала жастан мүгедек бес жасар немересі Мансұр Қасымовтың 2014 жылдан бастап «Топомакс» препаратын қабылдайтынын айтып, сол дәрінің жоқтығына шағымданса, Шортанды аудандық орталық ауруханасының амбулаториялық бөлімшесінде диспансерлік тіркеуде тұратын зейнеткер Серік Айтхожин «калимин» препаратына тәуелділігін, дәрі-дәрмек өте қымбат әрі дәріхана желісінде еркін сатылымда да, тегін берілетін дәрілер қорында да жоқ екенін айтты. Зеренді ауданы Алексеевка селосынан телефон арқылы хабарласқан Валентина Кулачко тегін берілетін «физиотенц» дәрісін ала алмай жүргенін қынжыла жеткізді.
– Кейбір дәрі-дәрмектің уақытында өтінім берілмеуінен тендерде көрсетілмегенін, алайда, «топомакс» пен «калимин» препараты сәуір айының басында келген кезде емделушіге табыс етілетінін, «физиотенз» дәрісі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша шығарылымнан алынып тасталғанын, оның орнына басқа дәріні учаскелік дәрігерінің тағайындауымен тегін алып тұратынын айтып облыс әкімінің орынбасары бұны өзінің бақылауында ұстайтынын атап өтті.
Қабылдауға облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау орталығының және облыстық мәдениет басқармасының мамандары, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Асылай Қадырқызы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар