Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел сенімін ақтап жүр - АРҚА АЖАРЫ

Ел сенімін ақтап жүр

Еліміз тәуелсіздік алған тұстан бастап ауданымыздың жеткен жетістігі аз емес. Ол әрине, ел жайын ойлайтын азаматтардың арқасы. Соның бірі – аудандық мәслихаттың депутаты, Қорғалжын ауылының тумасы Жаңбыршы Темірбек.

Еңбек жолын 1975 жылы Сарыөзен кеңшарында «Дауылпаз» атты шопандар бригадасында қойшы болып бастаған ол кейінгі жылдары ветеринарлық техникумда оқып, бітіргеннен соң мал дәрігері, Қорғалжын поселкелік кеңесінің кассирі болып жұмыс істеді. 1999 жылдан 2007 жылға дейін Қорғалжын ауданы бойынша жылжымайтын мүліктерді тіркеу орталығының басшысы қызметін абыроймен атқарады. 2007 жылы Жаңбыршы Есімұлы «Нұр Отан» партиясынан аудандық мәслихаттың төртінші шақырылымының депутаты болып сайланды. 2012 жылдың қаңтарында бесінші шақырылымға қайта сайланды. 2007-2012 жылдары Көкшетау қаласындағы «Көкше» академиясында «Заңтану» мамандығы бойынша сырттай оқып жоғары білім алды.
Қазіргі таңда Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту орталығының білікті маманы, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымының депутаты. Аудандық тексеру комиссиясының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Қорғалжын аудандық филиалының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының төрағасы. Отбасында жары екеуі екі баласын тәрбиелеп отыр. Әрине, депутат болып, халықтың мұң-мұқтажын шешу де өз алдына бөлек әңгіме, сондықтан, Жаңбыршы Есімұлының өзіне құлақ түрелік.
– Мен 2007 жылдың 18 тамызында басым дауыспен жеңіске жетіп, ең алғашқы рет аудандық мәслихат депутаттығына сайландым. Ол кезде өздеріңіз білесіздер, жалпы ауданның жағдайы мәз емес еді. Көше бойы күл-қоқысқа толы, қираған үйлердің үйінділері. Ауыл көшелерінің жарықтандырылуы, сәнді билборд ілу дегеннің өзі армантұғын. Ә.Молдағұлова, Т.Әубәкіров, Ю.Гагарин көшелерінің жолдары тозып, ойдым-ойдым болып жататын. Осы ауылдың тумасы ретінде, жұпыны күйіне іштей қынжылатынмын. Аудандық мәслихат депутаттығына сайланғаннан кейін, бюджеттен бөлінетін қаражаттың көлемін, оның жұмсалу ретін есептеп, екшеп, ауыл көшелерін шын мәнінде жөндеуге болатындығын, тіпті кейбір жарықсыз отырған көшелерді жарықтандырудың реті келетіндігіне көз жеткіздім. Аудан әкімдігінің жиналыстарында, депутаттық сағаттарда осы мәселелерді көтеруден жалықпадым. Нәтижесінде 2010 жылы біздің аудандық мәслихаттың депутаттық корпусы Тоқтар Әубәкіров көшесі бойымен өтетін облыстық маңызы
бар автожолдың асфальт төсемін Қорғалжын мешітінен бастап
Әділхан Шабатов атындағы алаңға дейін төселуіне жағдай жасадық. Сол кезде ауданның басты көшесі жарқырап, жайнап шыға келді. Осыдан кейін өз туған ауылымды көркейтуге болатындығына, егер алдыма мақсат қойсам қалайда қол жеткізетініме көзім жетті, – деді Жаңбыршы Есімұлы.
Тағы бір айтарымыз, 2012 жылы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында ауыл көшелерін жарықтандыру мәселесі туындаған болатын. Сөйтіп, аудан әкімі алдында осы мәселені көтерген ол 2013 жылы іс жүзінде жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 2 миллион теңге қаражат бөлінуіне және жобалық-сметалық құжаттары әзірленуіне себепші болды. 2016 жылдың желтоқсан айында сол кездегі облыс әкімінің қоғамдық қабылдауында болып, көше жарықшамдарына ақша бөлуін өтініпті. Өтініш жауапсыз қалған жоқ. Облыс басшысы облыстық бюджеттен 15 миллион теңге қаражат бөлгізді. Оған қоса, 2016 жылғы аудан бюджетінен тағы 15 миллион теңге қаражат бөлінді. Жалпы сомасы 30 миллион теңгеге ауылдың алты бірдей көшелеріне жарық шамдары орнатылды. М.Горький көшесінде бұрын жарық шамдары орнатылмаған. Ол мәселе тіпті ауданның бас жоспарында да жоқ болып шықты. Сондықтан, осы көшені жарықтандыру қиынның-қиыны болғаны жасырын емес. Одан әрі Д.Рыспаев, Ю.Гагарин көшелерінің шамдары қайта қалпына келтірілді. Абай көшесі, Х.Болғанбаев және К.Күмісбеков атындағы көшелердің бас жағында мүлде жарық шамдар жоқ еді. Қазіргі таңда осы көшелердің де жарық шамдарының орнатылуына бірден-бір себепші болған Жаңбыршы Есімұлы екенін айтуға болады.
Расында, ауданымыздың депутаттары бір кісідей жұмыла жұмыс істеп, белгіленген кестеге сәйкес әр депутат өзінің сайланған округтері бойынша партияның қоғамдық қабылдауына келіп, аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдап, осы мәселелер бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қайрат ЖҰМАБАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы
Қорғалжын аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар