Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұрпақтар сабақтастығы – елдіктің жолы - АРҚА АЖАРЫ

Ұрпақтар сабақтастығы – елдіктің жолы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені, өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды», – деген пікірімен толық келісемін. Әр адам өзінің туып-өскен жерін, туған халқын өмір бойы қадірлеп, оның көркеюі үшін қолынан келгенше үлес қосуы керек.

Бұл ретте, Елбасымыздың өткен жылы қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы барша қазақстандықтардың бағыт-бағдарына айналып, соның аясында көптеген игі істер қолға алынып жатқаны рас. Соның бір парасы біздің ауылымызда да көрініс табуда. Жуырда ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісін жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында Целиноград ауданының Қоянды ауылында үш ұрпақтың өкілдері кездесті.
Аға буын өкілі ретінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының еңбек сіңірген қайраткері, «Ұлттық ұлан» ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы және Ішкі істер министрінің кеңесшісі, генерал-майор Өмірзақ Болсанбеков рухани жаңғыру дегеніміз, ол ең алдымен сананы жаңғырту екендігіне тоқталып, жастарға өзінің ақыл-кеңесін айтса, орта буын өкілінің атынан сөз алған Ауған соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Әбиболла Алданов еліміздегі береке-бірліктің маңыздылығы жөнінде ой толғады. Ал, жас кәсіпкер Гүлсім Мирехан жас буын өкілдерінің атынан аға ұрпаққа алғысын айтып, ата-бабаларымыз салып кеткен сара жолды жастар әрі қарай жалғастыруы тиіс екендігін тебірене жеткізді.
Бұл – әр буынның өкілі өз кезеңдерінің қызығы мен шыжығын, балалық шақтары жайлы естеліктерін, қазіргі заманға деген көзқарастарын бүкпесіз бөліскен әсерлі кеш болды. Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Генерал-майор Өмірзақ Қоспанұлы мектебімізге өзінің арнайы әкелген сый-сияпаттарын тарту етті. Кеш соңында мектеп оқушылары қонақтарға арнап концерттік бағдарламаларын ұсынды. Халқымыз «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді» демекші, ынтымақ-бірлікті дәріптеп, жас ұрпаққа үлгі еткеніміз елдігіміздің, әрі рухани серпілуіміздің бір белгісі деп білеміз.
Айнұр ӨМІРБЕК,
Қоянды орта мектебінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар