Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қолжетімді баспана – әлеуметтік бастамалар негізі - АРҚА АЖАРЫ

Қолжетімді баспана – әлеуметтік бастамалар негізі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі әлеуметтік саладағы аса маңызды құжат саналады. Бұл ұсыныстардың барлығы есеп-қисабы мұқият жасалған бағдарлама болғандықтан, халық арасында кеңінен қолдау тауып, көңілдерге қуаныш ұялатып отыр. Елбасы ауқымды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда Ұлттық Банкке ерекше жауапкершілік жүктеді.

Еліміздің басты қаржы институты осынау бес бастаманың барлығына белсенділікпен қатысатын болады. Әйткенмен, бүгінгі әңгімемізді «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» аталатын бірінші бағдарлама төңірегінде өрбітсек деген түйінге келдік.
Ұлттық Банк Үндеу жарияланған күннен бастап «7 – 20 – 25» бағдарламасын әзірлеуге кірісті. Бағдарлама көпшілік үшін тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырысында кеңінен айтып берді. Бағдарламаны әзірлеген кезде ең алдымен, өткен бағдарламалардың тәжірибесіне көңіл аудару қажет екендігі маңызды. «Қазақстанда 2000 жылдардан бастап тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыруды ынталандыру мен ипотекалық кредиттеу жүйесін дамытудың түрлі тәсілдері қолданылды. Мысалы, 2000 жылдары іске қосылған ипотекалық кредиттерді секьюритилендіру жүйесін айтайық. Бұл төлем жасау қабілетіне сұраныс қазіргіден көп төмен болған жылдары ипотекалық кредиттеуді дамытуға нақты түрткі болды. Сонымен бірге, тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесі іске қосылды. Ол өзінің өміршеңдігін дәлелдеді», – деді банк басшысы. Елімізде қазіргі уақытта «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске асырылып жатыр. Ол ипотека мен тұрғын үйдің құнын арзандатуға бағытталған.
Бұл орайда, қаржы инфрақұрылымының мүмкіндіктерін халықпен жұмыс істеу кезінде пайдалануға назар аудару қажет. «Банктердің ғана халықпен жұмыс істеу тәжірибесі бар екені және ипотекалық кредиттеу бойынша жаппай қызметтер көрсете алатыны анық. Бұл болашақ бағдарламаның барынша қамтылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан, Ұлттық Банк өткен жылдардың неғұрлым сәтті тәжірибесін пайдаланып, Мемлекет басшысы айқындаған талаптармен «7 – 20 – 25» бағдарламасын іске қоспақшы: жылдық 7 пайызбен 25 жылға, 20 пайыз бастапқы жарнамен. Ең бастысы, ипотекалық кредиттерді секьюритилендірудің міндетті тетігімен екінші деңгейдегі банктер арқылы ипотекалық кредиттеудің нарықтық қағидаттарын пайдалануды қамтамасыз ету», – деді Д.Ақышев. Қорытындылай келе ол сонымен бірге, жылжымайтын мүлік бағасының құлдырауымен қатар қарыз алушылардың кредиттік тәуекелін жете бағаламаудың ипотекалық қарыз алушыларды, әсіресе, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қорғау қажеттілігіне әкеп соққан жағымсыз тәжірибесін ескеру қажет екендігін атап өтті.
Ұлттық Банк «7 – 20 – 25». Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасын іске асырудың дайындық кезеңдерін айқындады. Бұл негізгі төрт кезеңнен тұрады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырысындағы сөзінде мәлімдеді. Ол бірінші кезеңді іске асырған кезде банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін барынша іске қоса отырып, ипотекалық кредиттердің секьюритилендіру тетігін қалпына келтіру қажет екендігін атап өтті. «Жақын арада Ұлттық Банк басқармасы 100 пайыздық еншілес арнайы компанияны – бағдарламаның операторын құру мәселесін қарайды. Жаңа компанияның капиталы Ұлттық Банктің қаражаты есебінен қалыптасады. Капитал компанияға «7 – 20 – 25» формуласы бо-йынша ипотекалық кредиттерді сатып алу рәсімін іске қосу үшін нарықтық талаптармен қаржы нарығынан қаражат тарту үшін қажет. Бұл секьюритилендіру тетігі». Екінші кезең бағдарламаны тиімді іске асыру үшін осы компанияны қаржы агенттігінің тануын білдіреді. «Бұл компанияның облигациялары үшін мемлекеттік бағалы қағаздарға салық салғандай салық салуды білдіреді. Қажетті заңнамалық түзетулерді Ұлттық Банк Үкіметтің қарауына жібереді», –деді Д.Ақышев.
Үшінші кезең тұрғын үй бастамасының жаңа мүмкіндіктері әркімге жеңілдік талаптарын беретін мемлекеттің теңдессіз қадамы болып табылатындығымен сипатталады. Алайда, бағдарлама масылдыққа жол бермеуге тиіс. «Бағдарламаның қаржылық жағы болашақ қарыз алушылардың төлем жасау қабілеттілігін талап етеді. Бағдарламаға ресми кірісі бар Қазақстан азаматы қатыса алады. Қазіргі кезде банктермен өлшемшарттар пысықталуда. Мысалы, тұрғын үйдің құны 7 миллион теңге болса, ай сайынғы төлем 50 мың теңгеден аспайды, бұл жалпы алғанда, жұмыс істейтін қазақстандықтардың көпшілігі үшін қолайлы. Тұрғын үй құны әртүрлі болғандықтан, ірі қалалар мен өңірлер бойынша баспана құнын саралау жоққа шығарылмайды», – деді қаржы реттеушісінің басшысы.
Төртінші кезең жеңілдік берілген ипотекалық кредиттер толығымен қамтамасыз етілген және түгел қайтарымды болуға тиіс екендігін білдіреді. Д.Ақышевтің айтуынша «Соңғы жылдары енгізілген, ипотекалық кредит беруді тартымды етпеген кейбір нормаларды қайта қарау қажет. Сондай-ақ, Ұлттық Банк қажетті заңнамалық түзетулерді Үкіметтің қарауына жібереді». Бұл орайда, бағдарламаның аталған өлшемдері алдын ала екенін және әлі мүдделі мемлекеттік органдармен және банктермен талқыланатынын ескеру керек. «Сонымен қатар, өңірлерде халықты тұрғын үймен қамтуды арттыру бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың пікірлері мен мүдделерін ескеру де маңызды. Осы жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру жөніндегі жол картасында белгіленген іс-шаралар мен іске асыру мерзімдерін біз заңнамалық түзетулер уақытылы іске асырылған жағдайда қолдаймыз»,–деді Ұлттық Банк басшысы Д.Ақышев Үкімет отырысында.
Қазіргі күні облыстық филиал бас банкіден келіп түсетін нұсқаулықтар бойынша жұмыс істеудің ұйымдық шараларын үйлестіру жолдарын қарастыруда. Осынау маңызды істі талап деңгейінде жүргізу біздің мерейлі міндетіміз болмақ.

Виталий ЧЕУСОВ,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақмола филиалының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар