Тәуелсіздік сарайы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік сарайы Астана қаласында орналасқан зәулім ғимарат. Ол мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды да өткізуге барлық мүмкіндік бар.
Тәуелсіздік сарайы 3 қабаттан тұрады. Оның бірінші қабатынан ұлттық және қазіргі заман стильдерінің біртума үйлесімділігін көруге болады. Мұнда 3082 адамға шақталған конгресс-зал, 268 орынға арналған рәсімдеу залы, 220 орындық баспасөз орталығы, сыйымдылығы 678 адамға арналған және сахна мен дыбыс аппаратурасымен жабдықталған кең мейрамхана орналасқан.
Сарайдың екінші қабатында қолөнер және этнография, археология және антропология галереясы орналасқан.
Композициялық үйлестірілген археология залы Алтын адам, Сармат батыры, Берел аттары, құпия жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі экспонаттарымен толыққан. Адам киімі, аттардың әшекейлері, аң стилінде жасалған скиф-сақ әлемінің бұйымдары да осында орын тепкен.
Этнография мен қолөнері әйелдердің әшекей-бұйымдары, қазақ даласының түрлі аймақтарының ұлттық киімдері, батырлардың қару-жарақтары, ән аспаптары, қолдан тігілген кілемдер, аңға шығу композициясы, әсерлі қыз ұзату көрінісі ретінде ұсынылған. Мұнда сондай-ақ, 18-19 ғасырлардағы экспонаттарымен қатар қазіргі заман шеберлерінің жұмыстары да орын алған.
Көшпенділер цивилизациясының ұлы жетістігі – бұл қазақ киіз үйі, бүгінгі күннің қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан осындай композиция да көрермендер назарына ұсынылады.
Антропология залында неолит дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі бұрынғы қалпына келтірілген адам бейнесінің көрінісі келтірілген.
Қазіргі заман мұражайында абстракция, пейзаж, ландшафт,
портрет, яғни түрлі көзқарастар мен стильдерде орындалған Қазақстан Республикасының Мулашев, Аканаев, Смағұлова, Бегалин сияқты танымал суретшілердің жұмыстары бар.
Зәулім ғимараттың үшінші қабатында Астана қаласы тарихының мұражайы орналасқан. Мұражайдың экспозициялық кеңістігі Астана қаласының барлық қалыптасу кезеңін қамтиды. Онда тарихи құжаттар, сыйланған сыйлықтар, жетістіктер көрсетілген.
49 орындық 4D кинотеатры келушілер назарына астана тарихы туралы фильмді ұсынады.
«Астана 2030» макет залы Астананың 2030 жылға дейінгі даму көріністерін көрсетеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар