Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешілетін болады - АРҚА АЖАРЫ

Өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешілетін болады

Өткен сенбі күні облыс әкімі Мәлік Мырзалин Целиноград ауданындағы Қосшы ауылдық окугінде болып, жергілікті тұрғын-дардың мәселелерін тыңдады, сауалдарға нақты жауап берді.

Облыс әкімінің орынбасары Василий Крылов пен бірқатар облыстық басқарманың басшылары қатысқан кездесуге Қосшы ауылының белсенді тұрғындары жиналды. Облыс әкімі өз сөзінде әртүрлі деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Қосшы ауылы тұрғындарынан бірқатар сауалдар әлеуметтік желі арқылы келіп түскенін, осы елді мекенге келемін деп уәде бергенін атап өтті. «Мұндағы қордаланған проблемалар жөнінде хабардармыз. Оның түйіні кезең-кезеңімен шешілетін болады»,–деді өңір басшысы. Целиноград ауданының әкімі Мәлғаждар Тәткеев Қосшы ауылында атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын шаруалар жөнінде баяндады. Оның айтуынша, бұған дейін де ауыл ақсақалдарымен кездесулер өткізілген. Бас жобаға сәйкес, бұл елді мекенде 2030 жылы 50 мың адам тұрады деп жобаланған болса, бүгінгі таңда 36 мыңнан астам адам тұрады. Оның тек қана 15700-і тіркелген. Оның үстіне он мыңнан астам адам тұратын мың жарымнан астам тұрғын үй заңды түрде тіркелмеген. Олардың арасында 15 жыл бұрын салынған үйлер де бар. Бұлар мүлік салығын әлі күнге дейін төлемей келеді. Дегенмен, бұл тұрғындар коммуналдық қызмет пен жолды пайдаланады.
«Өңірді дамыту» бағдарламасы бойынша биыл Қосшы ауылына 6 миллион теңге бөлініп, жолды жөндеуге бағытталыпты. Егер тұрғындардың барлығы заңды түрде тіркелген болса, бұл сома әлдеқайда қомақты болар еді. 2013 жылдан бері үлкен мектеп, балабақша, төрт тұрғын үй салынған. Қазір ауылдық округте бес мыңнан астам оқушы білім алатын үш мектеп жұмыс істейді. Қосшы ауылында жалға алынған ғимаратта дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді. Мұнда 11 дәрігер жұмыс істейді. Алдағы уақытта бұл мекеме жалға алынатын кең ғимаратқа қоныс аудармақшы. Электрмен қамтамасыз ететін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы балансына кіретін және серіктестік қарамағындағы бірқатар нысандар пайдалануға берілген. Олардың сазды жерде тұрғандары қауіпсіз аймаққа көшірілген. Бүгінгі таңда салынатын аталмыш нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда. Астанаға биылғы жылы газ келеді деп күтілуде. Осы орайда, Қосшыдан газбен жағылатын бу қазандығын салу жоспарланған. Бу қазандығы «Альянс строй» компаниясының балансында тұр. Қазір олар жөндеу жұмысымен айналысуда. Одан әрі аудан әкімі ауыз сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесін салу және жөндеу, ауылішілік жол салу, күл-қоқыс жинау бағытындағы атқарылған және атқарылатын жұмыстар жөнінде айтып берді.
Ауыл тұрғыны Сайлаубек Қалиғанов электр жарығы бағасының қымбаттығы, қардан тазалау, күл-қоқыс жинауды ұйымдастыру және жұмыссыздық жөнінде мәселе көтерді. Аудан әкімі электр жарығымен жекеменшік компания қамтамасыз ететінін, қоқыс жинау мен қардан тазалауға арнайы техника кезең-кезеңмен сатып алынатынын айтып өтті. Лесная поляна шағын ауданында тұратын автобус жүргізушісі құқық қорғау және өртке қарсы күрес қызметінің сылбыр жұмысы, балаларды тасымалдау және олардың бос уақытын өткізетін нысандардың жоқтығы жөнінде айтып, жол мәселесін көтерді. Облыс әкімі бұл сауалдардың дұрыс көтеріліп отырғандығын, дегенмен, бюджет қаржысының жағдайына байланысты шеткі көшелерге асфальт төсеу жұмысы кезең-кезеңмен жүргізілетінін айтты. «Ауылдағы екі мектепте шешімін күткен мәселелер бар. Жаңа мектеп құрылысы жүргізіледі. Мәдениет үйі мен спорт кешенінің құрылысы облыс бюджеті тарапынан қолдау табады. Мұндай нысандарды мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында да салуға болады. Мәселенің барлығы ақпараттың аздығынан туындайды. Осының салдарынан аудан және округ әкімдіктерінің атқарып жатқан жұмысы тасада қалады»,–деді облыс басшысы.
Тайтөбе ауылының тұрғыны электр жарығымен қамтамасыз ету барысында мекеме қызметкерлерінің жасанды кедергілер жасайтындықтары жөнінде мәселе көтерді. Өңір басшысы бұл мәселе зерттелген соң кейінірек жауап берілетінін атап өтті. Тағы бір ауыл тұрғыны тіркелу үшін Ақмол
ауылына барып, табан тоздыратындықтарын айып, мәселе көтерді. Облыс әкімі тіркелу жөнінде мәселе бар екенін, Астанада жұмыс істейтін адамдардың салықты жергілікті елді мекенге төлемейтінін, коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету тұрғындардың тіркелуіне тікелей байланысты екенін атап өтіп, оларды тұрғылықты жерге тіркелуге шақырды.Тайтөбедегі көпір мен соңғы кезде көбейіп кеткен қаңғыбас иттер жөнінде де айтылды. Аудан әкімі осыған орай көпірдің биыл жөнделетінін және жол белгілері қойылатынын айтып, қаңғыбас иттермен тиісті мекеменің жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеді. Кездесуде елді мекеннің мәртебесі, аудан мен ауыл округі әкімдігінің жұмысы, жергілікті бюджет жөнінде де мәселелер көтеріліп, облыс басшысы тарапынан тиісті жауаптар алынды. Облыс әкімі мұндай кездесу Қосшы ауылдық округі тұрғындарымен алдағы уақытта да өткізіліп тұратындығын атап өтті.

Рамазан Тілеуов.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар