Жаңа автобустар жолға шықты

«Көкшетау автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Ресейдің «Волгабас Ситиритм» және «КАвЗ-4270» маркалы автобустарын қалаішілік маршруттарда сынақтан өткізу шарасы жүзеге асырылуда.

Өткен жылдың соңында «Лотос» маркалы алғашқы сынақ автобусымен қала әкімі Ермек Маржықпаев, әкімдік қызметкерлері, қалалық мәслихаттың депутаттары қала көшелерімен жүріп көрген болатын. Бұл жолы Ресейдің «Волгабас» және «КАвЗ-4270» автобустарынан бөлек Қытайдың «Golden dragon XML6105CR» маркалы жолаушылар көлігін сынақтан өткізу қолға алынды. Бұл автобустардың барлығы газ арқылы жүреді.
«Көкшетау автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әсия Шәрімованың айтуынша, аталмыш автобустар қаладағы №1, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 14, 16 және №25 бағыттарда бір апта бойы жолаушыларға қызмет көрсетпекші. Аталмыш жоба бойынша қолданыстағы автобустардың 40-50 пайызын ауыстыру қарастырылған. Жобаны қолға алмас бұрын қала әкімдігі қазіргі қолданыстағы автобустардың тұтынушылық пайдалану мерзімі жəне экономикалық мүмкіндіктерін саралап, қоғамдық тыңдаулар өткізген болатын. Енді бүгіннен бастап Көкшетау қаласы бойынша «Евро-5» талабына сай үлкен жəне шағын автобустардың екінші легі жолаушыларды тасымалдауға кірісті. Жаңа көліктер бейнебақылау, кондиционер, сымсыз интернет желісі және жылыту жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көтергіш те бар.
Қолға алынып отырған осы сынақ арқылы бұл автобустардың біздің қалаға жарайтын-жарамайтыны анықталмақшы. Содан кейін ғана диллерлер мен автобус шығарушылар қалалық әкімдіктің шешімімен қандай автобустардың қолданысқа қажет екенін анықтайтын болады.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар