Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ЭКСПОРТТЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЕКПІНДІ БАҒДАРЛАМА - АРҚА АЖАРЫ

ЭКСПОРТТЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЕКПІНДІ БАҒДАРЛАМА

көшпелі мәжілісте таныстырылды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен Ақкөл ауданындағы «SC FOOD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде көшпелі баспасөз конференциясы өткізілді. Оның жұмысына ҚР АШМ бірінші вице-президенті Арман Евниев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқарбек Үйсімбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, жергілікті тауар өндірушілер қауымдастығының өкілдері қатысты.

– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ауыл шаруашылығы кешенінде еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда, – деді министрдің бірінші орынбасары А.Евниев. Бұл бағытта қолданыстағы бағдарламаларға толықтырулар енгізіліп, қанатқақты жобалар түзілуде.
Бүгінгі таныстырып отырған екпінді бағдарлама ауыл өндірісін дамытуды көздейді. Бізде бос жатқан жер бар, халықтың жартысынан астамы ауылдарда тұрады. Осы ресурстарды пайдалана отырып, фермерлік шаруашылықтарды дамыту арқылы ет өндірісі көлемін өсіруді қамтамасыз етуіміз керек. Негізгі күрделі мәселе – бордақылау алаңдарының жүктемесін арттыру, жеткілікті мал азығын дайындау. Бүгінгі күні 1 миллион гектар суармалы жер айналымға енгізілді. Мұны игеруге «Азия даму банкінің» ресурстары пайдаланылады.
Арман Қайратұлының айтуынша, бағдарламаның бірінші кезеңі 2017-2021 жылдарды қамтиды. Оған 20 мың фермерлік шаруашылық пен отыздан астам ірі мал бордақылау кешені қатыспақ. Спикер соңғы бес-алты жылда фермерлік шаруашылықтарда мал басын арттыру бойынша жақсы тренд қалыптасқанын, мұнда ірі қара саны 45 процентке көбейгенін бағдарлама қайтарымының негізі санайды. Қазірдің өзінде жаңа мал бордақылау алаңдары мен ет өңдеу комбинатын салуға ниетті компаниялар бар. Демек, етті мал шаруашылығын дамыту экономиканың өзге де салаларының дамуына екпін қосатын, еліміздің экспорттық әлеуетін күшейтетін, сондай-ақ, салаға отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға жол ашатын болады.
Баспасөз конференциясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нұрмұхан Сарыбаев елімізде етті мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасына сәйкес, «Сыбаға» және «Алтын асық» салалық бағдарламалары шеңберінде ауыл шаруашылығы та-
уар өндірушілерін қолжетімді несиемен қамтамасыз ету шарттарымен таныстырды. Бұл ретте, қолданыстағы демеу қаржыны ескере отырып, несие мөлшерлемесі 15 жыл мерзімге 4 пайызды құрайтын болады. Осыған байланысты қаржы институттары әріптестік қызметтерін ұсынады.
Несие фермерлерге асыл тұқымды ірі қара мен қой санын толықтыруға ғана емес, ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын сатып алуға және айналым капиталын толықтыруға мүмкіндік береді.
Несие кепілдігін қамтамасыз етуге мемлекеттің қатысатыны да тиімді екені белгілі.
Конференцияда Ерейментау ауданындағы «Манат» шаруа қожалығының жетекшісі Манат Тілеповке бағдарлама аясындағы 23390000 теңге көлеміндегі алғашқы несие қаражатының сертификаты тапсырылды. Шаруа қожалығының материалдық-техникалық жабдықталуы бағдарлама шартына толық жауап береді. Тілеповтің қарауында 17 бас ірі қара мал, 220 гектар егістік және 290 гектар жайылымдық жер бар екен. Қожалық жетекшісі осы несие қаражаты арқылы 70 бас асыл тұқымды сиыр, трактор, мал азығын дайындау техникасын сатып алатынын айтып жатты. Сонымен бірге, қожалықтың жайылымдық аумағын 500 гектарға арттыру жөнінде мәміле бар көрінеді.
Мәжіліс соңында республикамыздағы ет одағының төрағасы Мақсұт Бақтыбаев еліміз жайылым аумағы бойынша әлемде бесінші орын алатынын, әйткенмен, мұның 30 пайызы ғана қолданыста екендігінен ақпарат берді. Соған қарамастан, сиыр етін тұтыну 2007 жылмен салыстырғанда 7 пайызға, ал, өнім өндіру көлемі 17 пайызға артып отыр. Қой өсіруде де сәйкесінше 22 және 24 пайыздық өсім тіркеліпті. Бұл цифр-
лар Қазақстан сиыр мен қой еті бойынша өзін-өзі толық қамтамасыз ете бастағанын және мал басын көбейту арқылы сенімді экспорттық бағыт ұстанып отырғанын айғақтайды. Мұның бір мысалын «SC FOOD» ЖШС заманауи мал бордақылау кешеніндегі, журналистерге жұмыс барысында таныстырылған, озық цифрлық технологиялар дәлелдеп тұрғандай.

Бақберген АМАЛБЕКОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар