Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабай тамсандырып, таңқалдырды! - АРҚА АЖАРЫ

Бурабай тамсандырып, таңқалдырды!

Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының мектеп оқушылары «Рухани» жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында үш күн бойы Ақмола облысының киелі жерлеріне саяхат жасайды.

Бурабай курортты аймағында «Рухани» жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы шеңберінде республикалық өлкетану акциясы бастау алды. Еліміз бойынша тұңғыш рет қолға алынып отырған акция шеңберінде өткен жексенбіде Щучинск қаласына Қызылорда және Орал қаласынан келген пойызбен жеткен оқушыларды вокзал перронынан облыстық білім басқармасының өкілдері мен журналистер қарсы алды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балаларынан құралған 134 оқушы мен олардың жетекшілері топтарға бөлініп, Бурабайдағы «Звездный» балаларды сауықтыру орталығына жайғастырылды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенованың айтуынша, алдағы үш күн бойы бұл балалар Бурабайдың таза табиғаты аясында дем алып, өңірдің киелі жерлерін аралап көреді. Оған қоса, акция барысында түрлі мәдени, спорттық шаралар да қарастырылып отыр.
– Бүгінгі күні елімізде жас ұрпақтың бо-йында отансүйгіштік қасиетті сіңіріп, білімді, саналы азамат етіп тәрбиелеу мемлекеттік маңызды тапсырмаға айналып отырған жайы бар. Өйткені, бүгінгі жастар Қазақстанның жарқын болашағы. Еліміздің ең әсем жері Бурабай баурайында осындай игі шараны өткізудің маңызы мен мәні зор. Бүгін Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының мектеп оқушылары бізге келсе, одан кейін ақмолалық балалар да сол аймақтарға саяхат жасайды, – дейді Ботакөз Дүйсенова.
Акцияның алғашқы күні балалар Бурабай баурайындағы марал өсіру шаруашылығы аумағында жақында ашылған көне дəуірдің көзіндей көрікті «Жайлау» этноауылында болды. Онда балалар қаз-қатар тігілген қазақтың ақшаңқан киіз үйлеріне кіріп, ұлттық тағамынан дәм татып, халық әндерін тыңдап, алтыбақан теуіп, атқа мініп серуендеді.
– Шынымды айтсам, Бурабайға келгеніме өте қуаныштымын. Табиғаты өте әсем, көз тартады. Бурабайдың сұлу табиғатын ғана тамашалап қоймай, қазақ халқының мәдениетімен танысып, жақсы көңіл-күйге бөлендім. Алдағы күндері Абылай хан алаңы мен музейінде болып, «Хан тағын» көзбен көретін боламыз. Бұл менің арманым, – деп өзінің алғашқы күнгі әсерімен бөлісті Орал қаласынан келген 8-ші сынып оқушысы Жасмин Бейсенғалиева.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Бурабай ауданындағы киелі жерлер бойынша «Абылай ханның ордасы» тақырыбында туристік маршрут әзірленіп отыр. Балалар Бурабай баурайындағы Абылай хан алаңы, «Хан тағы» және Абылай хан музейін аралап көретін болады. Сонымен қатар, жақында қалпына келтірілген Бурабай кентінің музейі мен «Бурабай Даму» визит орталығында болып, көрікті жердің тарихы мен бүгіні туралы біраз деректерге қанығады. Экскурсия соңында қызылордалық және батысқазақстандық мектеп оқушыларды Көкшетау қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ашылған коворкинг орталығының жұмысымен таныс-тыру жоспарда бар.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар