Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атбасар, Жақсы мен Есіл, Жарқайың алқаптарынан алтын дән ақтарылып жатыр - АРҚА АЖАРЫ

Атбасар, Жақсы мен Есіл, Жарқайың алқаптарынан алтын дән ақтарылып жатыр

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин жұмыс сапарымен Атбасар, Жақсы, Есіл, Жарқайың аудандарында болып, егін орағының барысымен танысты. Аудан активтерімен кездесіп, бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы және ауыл шаруашылығы жерлерінің тиімді пайдаланылуы жөнінде айтып, күзгі және қысқы жылу беру мәселелерін тиянақтады.

Өңір басшысы алдымен, Атбасар ауданының «Полтавка-2» серіктестігіндегі орақ жұмысының барысымен танысты. Серіктестік директоры Николай Белобров бүгінгі таңда 11,9 мың гектар алқаптағы егіннің 60 пайызы бастырылғанын, гектар түсімі 15 центнерден айналып жатқанын айтып берді. Дала жұмысына 25 комбайн, 46 трактор тартылған.
Бұдан кейін облыс басшысы Атбасар қаласындағы 45 пәтерлі бес тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Құрылысты Астана, Көкшетау, Шымкент қалаларынан мердігер компаниялар жүргізуде. Облыс әкімі суық түспей, абаттандыру жұмысын жүргізуді және пайдалануға берілген 6 көп қабатты тұрғын үйде кімдердің тұратынын, тұрмайтынын талдауды тапсырды. Бұдан соң өңір басшысы «Қамқор Локомотив» серіктестігінің Атбасар электровоз жөндеу зауытын аралап көрді. Зауыт директоры Марат Жапаров зауыт ВЛ-80, ВЛ-40 электровоздарының локомотивтеріне күрделі жөндеу жұмысын жүргізіп, техникалық қызмет көрсететінін айтып берді. Мұнда локомотивтің қосалқы бөлшектері де жасалады. Жыл басынан бері 4871,8 миллион теңгенің өнімі шығарылған. Зауытта 1411 адам, оның ішінде 309 әйел жұмыс істейді. Өткен жылы еңбеккерлердің әлеуметтік жеңілдігіне 24 693 мың теңге жұмсалыпты. Биыл 7753,569 миллион теңге кіріс алу жос-парланып отыр.
Облыс әкімі ауданда орақ жұмысының барысы, бюджеттің орындалуы және ауыл шаруашылығына бағытталған жерді тиімді пайдалану мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Облыс әкімінің орынбасарлары, департаменттер мен басқармалардың, аудандық бөлімдердің, ауыл әкімдері мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысқан жиында аудан әкімі Аманбек Қалжанов орақ жұмысының барысы, мемлекеттік кірістердің түсуі және жердің тиімді пайдалануы жөнінде айтып берді. Аудан диқандары орақ жұмысына 7 қыркүйекте кіріскен. Бүгінгі таңда
157 мың гектар алқаптың дәнді және бұршақ дақылдары жиналыпты. Гектар түсімі 10 центнерден айналуда. Қамбаға 80 мың тонна тұқым құйылған. Қазір 14 элеватор мен 32 қырмандағы жұмыс қарқын алуда. Диқандар орақ жұмысын 3 қазанда аяқтауды жоспарлап отыр.
Кеңес барысында салық төлеу мәселесі туындап отырғаны белгілі болды. Жерде тиімсіз жұмыс істеп, субсидия алатын кейбір ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары салық төлемейтін көрінеді. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жерлері аукцион арқылы сатылуда. 10 мың гектар егістік алқабы бар бір шаруашылықтың басшысы мемлекеттік органға ұжымында екі адам жұмыс істейтінін, олардың орташа еңбекақысы 30 мың теңге екенін көрсеткен. Облыс әкімі тиісті басшыларға жердің тиімді пайдалануын ұйымдастыруды тапсырып, жер иелерін жермен дұрыс жұмыс істеуге шақырды. Бұл бағытта атқарушы органдардың ұстанымы қатаң болатынын, ғарыштық мониторингтің құжаты сотта айғақ ретінде қаралатынын атап өтті. Кеңесте Новоалександровка селосына мәдениет үйін салу мәселесі көтерілді.
Келесі күні өңір басшысы «Айбат» серіктестігінің егін алқабында ауыл шаруашылығы құрылымының басшыларымен кездесіп, орақ жұмысының барысымен танысты. Серіктестік басшысы Асқар Жапаров биыл 15,6 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар себілгенін, бүгінгі таңда оның жартысы орылғанын айтып берді. Гектар берекесі 17,2 центнерден айналуда. Павел Казмин басқаратын «Новокиенка» серіктестігі биыл 17,8 мың гектар алқапқа дәнді дақыл сіңірген. Бүгінгі таңда 5280 гектар алқаптың егіні орылып, 14,3 мың тонна астық бастырылды. Гектар берекесі 27,1 центнерден айналуда. Шаруашылықта сағатына 30 тонна астық кептіретін кешен жұмыс істейді. Облыс басшысы «Қаражон» серіктестігінің егін алқаптарын аралап көрді. Шаруашылық биыл 19,4 мың гектар алқаптан бидай, 6 мың гектар алқаптан зығыр жинап алмақшы. Бүгінгі таңда астықтың тең жартысы бастырылған.
Облыс әкімі Жақсы ауданының активімен орақ науқанының барысы, бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы және ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану жөнінде кеңес өткізді. Облыс әкімінің орынбасарлары, департамент пен басқарманың, аудандық бөлімдердің, ауыл әкімдері мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысқан жиында аудан әкімі Бауыржан Мәлғаждаров орақ жұмысының барысы жөнінде айтып өтті. Биыл аудан диқандары 429,1 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақ дақылдарын еккен. Бүгінгі таңда оның 40 пайызы жиналып, қамбаға 184 мың тонна астық құйылған. Гектар түсімі орта есеппен 11 центнерден айналуда. Ел ырыздығын үш астық қабылдау кәсіпорны, 94 астық сақтау қоймасы мен 30 механикалық қырман қабылдауда.
Кеңес барысында сөз алған аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шолпан Байтоқина заңсыз айналымда болған алкоголь өнімдері тәркіленгенін айтып берді. Сондай-ақ, аудан бюджетіне 15 миллион теңге кем түскен. Кейбір шаруашылықтар субсидия алса да салық төлемейтін көрінеді. Тіпті, ұжымдарында қанша адам жұмыс істейтінін де көрсетпейді екен. Жермен дұрыс жұмыс істемейтіндердің келісім-шарттары бұзылып, жер конкурс арқылы өзгелерге берілуде. Дегенмен, биыл бұл ауданда аукцион өткізілмепті. Әзірше оны өткізудің ережесі жоқ. Жерді дұрыс пайдаланбағандар салық төлей алмайтыны белгілі. Бірыңғай аграрлық салық енгізілсе, жерге тек қана нағыз қожайындар ие болады. Облыс басшысы дұрыс жұмыс істемейтін кәсіпорындардың тізімін жасауды тапсырды. Аудан орталығында туындаған ауыз су мәселесі туралы сұрады. Аудан әкімі бұл орайда алты скважина қазылғанын, судың сапасы зерттеліп жатқанын айтып өтті. Кеңес соңында кәсіподақ мәселесі де көтерілді.
Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің жұмыс сапары одан әрі Есіл ауданында жалғасты. Ең әуелі өңір басшысы «Ғарыш» ауыл шаруашылығы серіктестігінің егістік алқабындағы орақ жұмыстарымен танысты. Осы серіктестіктің жетекшісі Тимур Әубәкіров биылғы жылы егіннің бітік шыққандығын айтты. Орақ жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі комбайншылармен әңгімелесіп, олардың жағдайын сұрастырды. Соңғы жылдары бұл серіктестік жаңа техника алып, егіншіліктің озық технологиясын қолдана бастады. Соның нәтижесінде еңбек өнімділігі де артып келеді. Аудан әкімі Талғат Ерсейітов орақ жұмыстарының аудан бойынша қарқынды жүргізіліп жатқандығын, әлеуметтік-мәдени нысандардың күзгі және қысқы жылу беру маусымына ойдағыдай дайындықтары бар екендігін айтты.
Есіл қаласында болған облыс әкімі М.К.Мырзалин салынып жатқан жаңа бу қазандығының жұмысымен таныс-
ты. Қазандықтың жұмысы негізінен аяқталып келеді. Туар айдың орта тұсында пайдалануға берілмекші. Өңір басшысы бұл қазандықтың өмірлік маңызы бар екендігін атап көрсетіп жұмысты неғұрлым ширақ атқаруды тапсырды. Сондай-ақ, әкім аудан орталығындағы орталық стадионды жөндеу жұмыстарымен де танысып, бұл спорт нысанының әлеуметтік маңызын айтты.
Одан әрі облыс басшысы Жарқайың ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларымен егіс алқабының басында кездесті. «Әлем» шаруа қожалығы мен «Урожай» өндірістік серіктестігіндегі орақ жұмысының барысымен танысты. Аталмыш шаруашылықтарда күзгі егін орағы жұмыстары қызу жүргізілуде.
Облыс әкімі Костычева селосында болып, жас мамандар үшін салынған жатақхана бөлмелерін аралады. Тұрғындардың жағдайын сұрап білді. Костычев орта мектебі жанында салынып жатқан спорт залдың құрылысымен танысты. Бұл нысан Балғабай Қабжанов басқаратын «Костычев» атындағы серіктестіктің қаржысына салынуда.
Өңір басшысы Костычева селосының мәдениет үйінде аудан активімен күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кеңес өткізді. Жарқайыңдық диқандар барлық егіс алқабының 66 пайызын жинап алды. Облыс басшысы Жарқайың ауданының жұмысына оң бағасын берді.
Жұмыс сапарының соңында Державинск қаласындағы «Хлебная Нива» серіктестігінің жұмысымен танысты.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар