Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түркістан екі дүние есігі ғой!.. (Мағжан). - АРҚА АЖАРЫ

Түркістан екі дүние есігі ғой!.. (Мағжан).

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қыркүйектің 17-сі күні Бурабайдағы Абылай

хан алаңынан «Абылай ханның қара жолымен» сапарға шыққан экспедиция мүшелерінің «Көкшетау-Ақмола-Ұлытау-Түркістан» бағытындағы сапары одан әрі жалғаса отырып, экспедиция мүшелері сапардың соңғы бекеті киелі Түркістанға да келіп жетті. «Арқа ажары» газетінің оқырмандарын бұдан бұрын да экспедиция сапарымен хабардар етіп отырсақ, енді бүгін бізбен журналист Гәкку Бәйішева байланысқа шығып, сапар барысы жайлы ақпарат берді. Экспедиция мүшелері қасиетті Сыр өңіріне де ат басын тіреп, Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» атты дөңгелек үстел басында әңгіме өткізіп, Қызылордадағы Абылай хан атындағы Гүлмира Қоңырбаева жетекшілік ететін №140 мектептің оқушыларымен кездесті.
Енді міне, көне Сығанақ қаласының ашық аспан астындағы музейін де аралап жүрміз. Тарихшы Қанат Еңсеновтің айтуынша, Сығанақ қаласын Ақорда тұсындағы хандардың астанасы деуге болады. Бұл жерде сол 5-ші ғасырдың өзінде өркениет дамыған. Кәріз құбырлары тартылып, монша жұмыс істеген. Мұны жалпы қазақ тарихындағы өркениеттің қанат жайған бір дәуірі деуге болады. Бұл жерден керуен жолы өткен. Қазір археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Көне дәуірден жеткен қаланың іргетасы қалыпқа келтіріліп жатыр. Моңғол шапқыншылығы кезінде қираған қала 13 ғасырдың соңы мен 14 ғасырдың басында Ерзен ханның тұсында қайта қалыпқа келтірілді. Қала Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Көпжасар Жетібаев көне қаладан әлі де құнды жәдігерлер табылады дейді.
Көне дәуірден бізге жеткен құнды жәдігер – Сауран қаласы. 6-шы ғасырдағы оғыздар мен қыпшақтар мекендеген. Өркениеті қатты дамыған қала жаугершілік замандарда біресе қазақ хандарына, біресе жау жағына өтіп отырған. Көне Сауран мен Сығанақ калалары Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. 13 ғасырда моңғолдар жаулап алған. Ал, 16 ғасырда Қасым Хақназар хан қайтарып алған. Сауран қаласында ақша сарайлары, мешіт, медреселер, моншалар болған. Қазір археологтар мәдени қабаттарына қазба жұмыстарын жүргізіп, бұл жерде шайқастар болғанын дәлелдеуде. Оны қаланы айнала қоршаған қорғандарынан және су толтырып, жау өтпейтіндей қазылған орлардан байқауға болады. Жалпы, Сауран қаласына солтүстік және шығыстан кіретін екі қақпасы болған. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 850 метр-ге, шығыстан батысқа қарай 660 метрге созылып жатыр. Ұзындығы 2360 метр. Сауранда 19 ғасырға дейін халық тұрған дейді тарихшы ғалым Қанат Еңсенов. Көне кірпіштердің осы кезге дейін бұзылмай жетуі қайран қалдырады.
Абылай ханның қара жолы экспедиция-сы ер түріктің бесігі Түркістан қаласына келіп жетті. Түркістан қалалық музейін аралап көрген жұмыс тобы облыс әкімдігінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатына қатысты. Жергілікті өлкетанушы, ғалым, қазақ хандарының тарихын терең білетін Хазіретәлі Тұрсын осындай қасиетті топырақты басып жүргенімізге тәубешілік етеміз деді. Дәл осы жерде қазақтың игі жақсылары мәңгілік тыныс тапқан. Абылай хан бабамыз да осында жерленген. Ханның тағының үлгісі де бар. Өкінішке орай, Абылай ханның тұтынған заттары жергілікті музейде жоқ. Абылай хан тұлғасы тұлғалана береді деді ғалым.
Екі дүние есігі, ер түріктің бесігі – Түркістан жеріне табан тіреген
Абылай ханның қара жолымен жүріп келе жатқан экспедиция мүшелері картограф ғалым Қизат Табылдин құрастырған Абылайдың қара жолы бейнеленген картаға қолтаңбаларын қалдырды.
Түркістан қаласында қазақтың маңдайына біткен біртуар азамат, қоғам қайраткері, қазақтың қамы үшін адал еңбек еткен Нұртас Оңдасыновтың ұрпақтары тұрады. Ата-баба мұрасына көздің қарашығындай қарайтын жандар туған жер тұлғасына ескерткіш орнатып, аллея ашып, музейі жұмыс істеп тұр. Нұртас Оңдасыновтың ұрпақтары мұраларын әлі де жинастыру үстінде. Экспедиция атынан ол кісілерге Мәлік Ғабдуллиннің 11 томдық жинағын сыйға тарттық. Ал, шөбересіне Көк туымызды табыс еттік. Еліне еңбегі сіңген осындай азаматтарды ұрпағы ұлықтап жатқанда, көкшетаулыктар да Еркін Әуелбековтей біртуар ұлына құрмет көрсетсе, артықтық етпес еді деген ой келеді.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 14-ші ғасырдан бізге жеткен кесене. Оны Әмір Темір салдырған. Қожа аруақты бабаның руы, есімі Ахмет, Яссы қаласында туғандықтан Яссауи атанған. Діндар жан пайғамбар жасынан асқаннан кейін жер басып жүруге құқым жоқ деп жер астында өмір сүрген. Содан кейін де 62 жыл өмір сүріп жүз жиырма бес жасқа келген деген аңыз бар. Қожа Ахмет кесенеге ең бірінші болып жерленген әулие. Содан кейін хандар мен батырлар да осында қойыла бастаған. Яссауи халықты Ислам діні жолымен жүргізді. Оның «Диуани хикмет» атты даналық кітабының бір нұсқасы Көкшетаудағы әдебиет және өнер музейінде сақтаулы. Ол көшірме емес, түпнұсқасы. Дәл сондай екі кітаптың біреуі Парижде, екіншісі Стамбулда сақтаулы. Кесенеде 21 хан, 8 сұлтан, 21 би, 54 батыр және көптеген игі жақсылар осында. Абылай хан бабамыз мәңгілік тыныс тапқан бөлмесіне кіріп, рухына құран бағышталды. Кесене ішін аралап көріп, Әзірет сұлтан музейінің жәдігерлерімен таныстық.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар