Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолалық ардагерлер Көкшетау мен Бурабайда ықыласқа бөленді - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолалық ардагерлер Көкшетау мен Бурабайда ықыласқа бөленді

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин «Көкшетау» мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне орай, барлық қалалар мен аудандардан жиналған ел абыройына бөленген ардагерлерді салтанатты шарада құттықтап, қазыналы қарттардың бір тобына Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

–Ортамызда жүрген қарияларымыздың елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбіт өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыз әрқашан құрмет тұғырында болады. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге шашып, болашақ бағдарымызды шырайландыра бермек. Қариялылықтың мәні де, сәні де осында жатыр,– деген Мәлік Кеңесбайұлы ардагерлерді облыста атқарылып жатқан жаңа заман үрдістеріндегі игі істерден хабардар етті.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл да жиналған қауымға ықыласты тілегін білдірді.
–Бүгінгі таңда облыстық ардагерлер ұйымының құрамында 111 мыңнан астам зейнеткерлерді біріктіретін 843 бастауыш ардагерлер ұйымы, 2 қалалық және 17 аудандық ардагерлер кеңесі, 68 Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, бір мыңға тарта соғысқа қатысушыларға теңестірілгендер, 5570 тыл еңбеккерлері, 900-дей Ауған соғысына қатысқандар, 59 Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылар бар, – деді ол.
Таяуда Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин «Ақмола облысында қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығын өткізу туралы» қаулы қабылдап, тиісті іс-шаралар жоспарын бекітті.
Аудандар мен қалаларда да осындай жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Облыс басшылығы ардагерлер қауымын ұдайы назарда ұстайтынын атап өту керек. Мәселен, былтыр Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымының 30 жылдығы мерекеленгенде үлкен қаржылай көмек берілді, айлық шеңберінде облыс бойынша қарттар мен мүгедектерге 446,8 миллион теңгелік материалдық қолдау көрсетілді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 56,4 миллион теңгеге көп. Ардагерлер ұйымдарының белсенділері жыл бойы тоғыз мыңдай аға ұрпақ өкілдерінің тұрмыс жағдайын зерделеді, 1300-дей зейнеткер санаторийлер мен демалыс үйлерінде денсаулықтарын түзеді, курорттық емдеу алғандардың ішінде әсіресе, Көкшетау қаласынан, Бурабай және Целиноград аудандарынан барғандар көп болды.
Қарттар айлығы «Ешкім де назардан тыс қалмайды» деген ұстаныммен өтеді және жасы ұлғайған адамдар толық қамтылады. Мысалы, былтыр облыстағы ардагерлер ұйымдары 1470 іс-шара, 256 «дөңгелек үстел» отырысын, 650 концерт өткізді, 30 мыңнан аса дастархан жайылды, 19 мыңнан астам азық-түлік пакеті табысталды, 2268 зейнеткерге 2018 жылға жеңілдікпен газет-журналдарға жаздырып берілді. Бұл үрдіс биыл да жалғасын табады деген сенімдеміз.
Салтанатты жиналыс соңы мерекелік концертке ұласты.
Бақберген АМАЛБЕКОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин өткен жексенбі күні Бурабай баурайындағы «Айнакөл» қонақ үйі кешенінде қарттар мен мүгедектерді əлеуметтік қолдау айлығы аясында бір топ ақмолалық зейнеткерлерге құрмет көрсетіп, мерекелерімен құттық-тады. Ардагерлерге Бурабай курортты аймағының көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырылды.

Үлкенді сыйлау – ата-бабаларымыздан келе жатқан салт. Күнтізбемізде қарттар күнімен басталатын қазан айы елімізде қайырымдылық, мейірімділік айы ретінде қалыптасқан. Осындай игі шара өткізуді ақмолалықтар да дəстүрге айналдырған. Бұл жолы облыстың əр жерінен келген 100-ге жуық ардагерге алдымен Бурабай курортты аймағының «Визит орталығы», зообақ, тарихи мұражайы сынды көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырылды.
Кешкісін Бурабайдың ең әсем жерінде орналасқан «Айнакөл» мейрамханасында соғыс және еңбек ардагерлеріне дастархан жайылды. Ардагерлерді құттықтаған өңір басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, мемлекет тарапынан аға ұрпақ өкілдеріне барынша қамқорлық жасалып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Мәлік Мырзалин бұл мәселе жергілікті биліктің де үнемі назарында екендігіне тоқталды. Облыс әкімі: – «Бүгінгі еліміздің көркейіп-гүлденуі, ұрпақтарымыздың шат-шадыман, бақытты тұрмысқа кенелуі, әрине, аға ұрпақтың маңдай терінің, сіңірген еңбегінің жемісі. Еліміздегі іргелі облыстың əлеуметтік-экономикалық дамуына сіздердің қосқан үлестеріңіз зор. Сондықтан, сіздерге ұдайы қамқорлық көрсетеміз», – дей келе, «Щучинск-Бурабай» курорты аймағын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Салтанатты шарада жергілікті көркемөнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар ардагерлерді мың бұралған би мен əуелеген əнге бөлеп, мерекелік жақсы көңіл-күй сыйлады. Арасында ардагерлер де жастық шағын еске түсіргендей, бір-бірін биге шақырып, жұптаса биледі. Барлық ардагерлерге гүл шоқтары және ақшалай сый-сияпат тапсырылды. Өз кезегінде ардагерлер мерейлерін өсірген облыс басшылығына ризашылықтарын білдірді. Олардың арасында Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл бастаған Есілбай Қадыралин, Амангелді Сыздықов, Қали Мұқатаев, Владимир Качковский, Айдархан Темірбаев, Мейрамбек Қиықов, Айдос Əбутəліпов, Шəмшия Айтжанова, Тельман Мұқышев жəне Шияп Əлиев сияқты елге қадірлі азаматтар бар.
– Бұл жерде бүгінгі төл мерекелері қарсаңында құрмет көріп отырған қарттардың ішінде есімдері аңызға айналған талай жандар отыр. Өзім де 40 жылдан астам уақыт ауыл шаруашылығы саласында еңбек еттім. Бүгін соның зейнетін көріп отырмын. Бүгінгі шараға келіп отырғаныма өте қуаныштымын. Өйткені, көптеген көреген əрі қызметте үзеңгілес болған кісілермен дастархандас болып, əсерлі əңгімелерін тыңдау арқылы көңілім көтеріліп, марқайып қалдым, – деді еңбек ардагері Алтай Нұрғасымұлы. Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұлдың
айтуынша, осы күні облыста барлығы 111 мың зейнеткер болса, оның 68-і соғыс ардагерлері және 5,5 мыңнан астам тыл еңбеккерлері бар. Оларға әкімдік тарапынан қолдау-көмек көрсетілуде. Өңір ардагерлерін құттықтау шаралары қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында одан әрі жалғаса бермек.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар