Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Хан Кененің бала Баубегі - АРҚА АЖАРЫ

Хан Кененің бала Баубегі

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» республикалық киелі орындар тізіміне енгізілген Жақсы ауданындағы Баубек батыр кесенесі осыдан ширек ғасыр бұрын салынған-ды. Осы бір айтулы оқиғаға орай «Баубек батыр өнегесі: аңыз бен ақиқат» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция және түрлі мәдени-спорттық шаралар өткізілді.

Батырды ұлықтауға арналған шара Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің қолдауымен өткізіліп отыр. Әкімнің құттықтауын және ізгі тілегін белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Жабал Ерғалиев жеткізіп, облыс басшысының қамқорлығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан игі істерге тоқталып өтті. Жақсы ауданының әкімі Б.Б. Мәлгаждаров өңірде атқарылып жатқан игі істерді атап өтіп, Баубек батырға арналған шараның ойдағыдай өтуіне сәттілік тіледі. Кезінде осы өңірде басшылық қызметте болған Аманжол Сейітжанов осы Баубек батыр кесенесінің салыну тарихына тоқталды.
Хан Кененің сенімді серіктерінің бірі болған, «өкіл баласы» атанған «Қарауыл Баубек батыр» жайлы біз бүгінде не білеміз? Өкініштісі сол, ол туралы тарихи материалдар аз сақталған. Кеңес үкіметі тұсында Кенесары Қасымұлы қозғалысына қатысқан баһадүрлердің есімдері ұзақ уақыт бойы ұмыт болды, аттарын атауға тыйым салынды. Сондықтан, Баубек батыр жайлы жөнді зерттелмеді де. Әйтсе де, баһадүр бабамыздың көркем образы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясында, Сабыр Шәріповтың атақты «Ерден көлі» әңгімесінде сомдалып, атақты тарихшы Ермұхан Бекмахановтың редакциясымен жарияланған «Қазақ КСР-нің тарихында» тілге тиек етіледі.
Баубек батыр Бекмырзаұлы 1824 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Әке-шешесінен ерте жетім қалып, он жасында Кенесары ханның көзіне ілігіп, кейіннен оның «өкіл баласына» айналады, Кенекең оны әскери оқуға беріп, оқытады. Баубек жастайы-
нан алғырлығымен, табандылығымен көзге түсіп, ерекшеленеді.
Қырғыздарға қарсы шайқастардың бірінде бала Баубек қырғыздың атақты батыры Отыншы батырды жеңіп шығады. Содан бері оны жұрт «Баубек батыр» деп атап кетеді. Жас батыр хас батырға айналады, көтерілістерге қатысады. Сол кездегі даңқы шарықтаған Шұбыртпалы Ағыбай, Қыпшақ Иман, Жанайдар, Басықара, Төлек Жәуке батыр, Қырғыз Жекебатыр сынды батырлармен үзеңгілес жүріп, хан кеңесіне қосылып, аты қатар аталатын болған. Наурызбай бауырым деп құрметтеп, жақсы көріп жақын тартқан.
1847 жылғы тарихи шайқаста Кенесары мен Наурызбай мерт болады. Баубек батыр тұтқынға алынып, біраз жылдан кейін қашып шығып, өзінің туған жеріне қайтып оралады. Қарауыл руының екі атасы – Бектауыл, Тоқтауылдан тараған ұрпақтармен бірге, аталас ағайындарымен қазіргі Жақсы ауданының Терісаққан өзенінің маңайына қоныстанды. Арада көп уақыт өтпей, шынжыр балақ, шұбар төс Ерден баймен араздығы бар, Кенесары көтерілісіне қатысқаны бар, патша үкіметіне қарсы шыққаны бар, басына түрлі жала жабылып, Омбының генерал-губернаторының бұйрығымен алты жылға сотталып, Сібірге жер аударылады. Тұтқындауға келген орыс әскеріне қарсыласуға амалы болмайды. «Кешегі заман өтті, Кенесарылар жоқ, мен қарсылассам, бекерге зияным ағайын-туыстарыма тиіп кетер» деп, ел-жұртымен қоштасып, кете барады. Артынан іздеп барған жігіттерге, қылышпен бір жақ бас бармағын шауып, киімдеріне орап, беріп жібереді. «Енді елге аман оралмаспын, осы кеткенім кеткен, «мен өлді» деген жаман хабарды естісеңдер, денемнің бір мүшесі туған жерімде жатсын, бармағымды арулап жерлерсіңдер» деп аманат етеді. Батырдың айтқаны айдай келіп, алты жылдан кейін қайтыс болады. Ресейдің Түмен облысына қарасты Ишим қаласының шетіндегі Қызылтау деген төбеден топырақ бұйырады. Кейін ол төбе мұсылмандардың, сондағы атығай-қарауылдың үлкен қорымына айналған. Сол төңіректің орыс-қазағы бұл зиратты әулиелі жер деп ертеден тәуеп етіп, қастерлейді екен. Қазақ былай тұрыпты, орыс ағайындардың өзі «Святая могила», «Святая гора», «Әулие тау» деп атап кетіпті. 2015 жылдың жазында Баубек батырдың баласы Мағзұмнан өрбіген тікелей ұрпағы Жанарбек Ғалымұлы зиярат етуге келіп, Дүйсенбек Шәріпов және Қали деген жергілікті ақсақалдардың көрсетуімен баба сүйегінің нақты қабірін анықтап, Құран оқытып, ас беріп, басына құлпытас орнатыпты. Ал, батырдың бас бармағы өзі аманат еткен елінде, Жақсы ауданының жерінде жерленіпті. Ұрпақтары 1993 жылы басына үлкен кесене тұрғызыпты, бұрын «Қызыл ту» атанып келген ауыл «Баубек батыр ауылы» болып өзгертіліпті.
Міне, жақында араға 25 жыл салып, сол Жақсы ауданында батырға Құран бағышталып, ас берілді. Батырдың кесенесі «Қазақстанның киелі жерлерінің картасы» тізіміне енгізіліпті. Баһадүр бабасының жоғын жоқтап, бұның алдында Құдайберлі Мырзабек арнайы іссапарға шығып, Ишим, Омбы қалаларындағы губерниялық тарихи мұрағатқа барып қайтқан еді. Ұлттық істердің ұйытқысы ол Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен «Бау-
бек батыр өнегесі: аңыз бен ақиқат» атты ғылыми конференция өткізілді. Жиынға Жәмила Мурзанова, Қорғанбек Аманжолов, Сәбит Жәмбек, Ғалымтай Төлепбергенов, Асылбек Байтанұлы секілді қаламгерлер мен ғалымдар қатысты. «Жақсылардың жақсысы – Баубек батыр» атты кітаптың тұсауы кесілді. «Батырлар туған бақ мекен» атты театрландырылған қойылым мен концерт қойылды. Аудан әкімі Бауыржан Мәлгаждаров балуандар күресі мен ат бәйгесін ұйымдастырды. 25 шақырымдық бәйгеде сөреден суырылып шығып, алдына жылқы салмай шапқан Зеренді ауданы, Жаңатілек ауылының жүйрігі, Науан имам досымыздың інісі – Диас атбегінің «Хасжирені» бірінші келді. Бір таңқаларлығы, бұған дейін талай бәйгеде топ жарған, иесіне 18 көлік мінгізген Тараздың «Ұлар» атты тұлпары мәре сызығын үшінші болып қиды. Сол күні дала аруақтанып тұрғандай сезілді.
Алмас ТЕМІРБАЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар