Елбасының әрбір Жолдауы қазақстандықтар үшін дамудың қорытындысы әрі бастауы болып табылады.
Жолдауды өмірімізде болып жатқан оқиғалармен салыстырып, өз жұмысымызды түзейміз. Бұл құжат барлық қазақстандықтарды Мәңгілік Ел ұлттық идеясының айналасына бірігуге шақырады. Біз бейбітшілік пен келісімде, өзара сыйластық және төзімділікпен өмір сүруіміз қажет. Осыны Мемлекет басшысы бізден талап етеді. Қазақстанның әлемдегі дамыған отыз мемлекетінің қатарына енуі – бұл нақты тапсырма. Оны біздің мемлекет пен балаларымыздың келешегі үшін орындау қажет. Биылғы Жолдау бізді алға қойған міндеттерді ой елегінен өткізіп, дұрыс жүзеге асыруға бағыттайды. Ел азаматтарының тұрмысы мемлекеттік және жекеменшік сектордың біріккен жұмысымен тікелей байланысты. Төмен еңбекақыны көтеру, ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау және дамыту, азаматтарды оқыту және жұмысқа орналастыру, тұрғын үй құрылысы, педагогтардың рөлін нығайту және өзге де мәселелер – бұл қазақстандықтардың өмір сапасын арттырудың нақты жолдары. Қоғамның урбандануының келеңсіз салдары жөнінде ескерту жасаған Президенттің сындарлы саясаты ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін еңбек үрдістерін жақсартуға және қайта құруға дайындалуға міндеттейді.
Біз үлкен аграрлық әлеуетті ел ретінде өз күшімізді өңдеуші өндіріс құрылысына, алыс және жақын шетелдегі серіктестермен бірлесе жұмыс істеудің өзара пайдалы моделін құруға бағыттауымыз керек. Оларға селода тұрмыстың қолайлы жағдайын жасауға міндеттіміз. Қала мен село арасындағы айырмашылықты қысқартуға тырысамыз. Бұл қазақстандық қоғамның гүлденуімен, Жалпы еңбек қоғамы – Мемлекет
басшысының идеясын жүзеге асырумен тікелей байланысты.
Уәлихан ӘРІПОВ,
«Заречный» серіктестігінің директоры, «Құрмет» орденінің иегері,
Есіл ауданының құрметті азаматы
Есіл ауданы.