Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Арқа ажары» газеті – әр шаңыраққа! - АРҚА АЖАРЫ

«Арқа ажары» газеті – әр шаңыраққа!

Біз бұл сөзімізді өзіңізге арнаймыз ардақты ақмолалықтар!

1917 жылы Ақмолада халқымыздың көрнекті ақыны, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин негізін салып, содан бері бір ғасырдан астам кезеңнен бері жарық көріп, бірнеше ұрпақтың өкілдерімен сырлас болып келе жатқан «Арқа ажары» газетіне алдағы 2019 жылға жазылуды бастап отырмыз.
Қазіргі уақытта ақпарат алу, хат-хабар алмасу, әлемдік жаңалықтарды біліп отыру технологиясы сәт сайын жетілдіріліп келеді. Қоғамда қазіргі уақытта кітап оқылмайды, газет-журналдар өзінің маңыздылығын жоя бастады, әлеуметтік желілер нығайып келеді деген пікірлердің де қалыптасып отырғандығы да жасырын емес. Мұның да шындығы бар. Алайда, дамыған мемлекеттердің де кезінде әлеуметтік желілердің ықпалында кетіп, кітап оқу мен газет-журналдар жаздырып алуды қойып барып, кейін негізгі білім де, рухани байлық та кітап пен газет-журналдарда екендігін ұғынып, адам тәрбиесі, оның рухани-жан дүниесі маңызды екендігіне мән беріле бастағандығы да белгілі жай.
Бүгінгі өркениетті елдерде қазір кітап пен газет-журнал оқу мәдениеттіліктің бір белгісі болып саналады. Кезінде ең көп оқитын елдің бірі болғанымыз да бар. Сөз құдіретін тани білген біздің халқымыз да кітап пен газет-журналдарды жаздырып алып оқу сияқты өзіне тән білімпаздықтан әлі де танбас деген ойдамыз. Осы жайды алға тарта отырып, алдағы 2019 жылы «Арқа ажары» газетінің таралымын арттырып, жаңа бір белеске көтерілсек деп отырмыз. Ол үшін әрине, «Арқа ажары» газетін өңірдегі әр шаңырақтың жаздырып алғаны керек.
«Арқа ажары» газеті – әр шаңыраққа дей отырып, өңірдегі ең байырғы және ең іргелі ұлттық тілдегі басылымды әр қазақтың отбасы жаздырып алып оқыр деген ойдамыз. Бұл орайда, ел ағалары мен зиялы қауым өкілдеріне, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, бизнестегілер мен кәсіпкерлерге, жалпы қалың елге сеніп отырмыз.

Егер Сіз «Арқа ажарына» жазылсаңыз – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуынан хабардар болып тұрасыз!
Егер Сіз «Арқа ажарына» жазылсаңыз – әлемде және елімізде, өз өңірімізде болып жатқан жаңалықтарды дер уағында біліп отырасыз!
Егер Сіз «Арқа ажарына» жазылсаңыз – Ұлттық тіліміздің дамуын қолдап, руханиятымызды дамытуға үлес қосар едіңіз!
Егер Сіз «Арқа ажарына» жазылсаңыз – бұл өз ұл-қызыңызды ұлттық тәрбие мен өнеге негізінде тәрбиелеуге көмекші тапқаныңыз болады!
Егер Сіз «Арқа ажарына» жазылсаңыз – ұлттық тарихымыз бен әдебиет пен мәдени құндылықтарымызбен танысып, сусындайсыз!
Егер Сіз «Арқа ажары» газетіне жазылсаңыз –
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қолға алынған Қазақстанның және Қараөткел мен Көкшетаудың киелі де қасиетті жерлерімен танысасыз!
Егер Сіз «Арқа ажарына» жазылсаңыз – еліміздің жақсы-жайсаңдары жайлы жан сүйсінерлік әсерлі суреттемелер мен әңгімелер оқисыз!
Егер Сіз «Арқа ажарына» жазылсаңыз – өз өңіріміздің талантты қаламгерлерінің шығармаларымен таныс бола аласыз!

Біз өз оқырмандарымыздың көңілінен шығу үшін әрдайым ізденіс үстіндеміз. Алдағы жылда жаңа айдарлар мен тың тақырыптар, оқырмандардың көңілінен шығатындай жаңа нұсқада шығарсақ деген жоспарымыз бар. Ғасырлық тарихы бар заман ағымына сай түрленіп, жаңғырған төл басылымдарыңызды жаңа жылда жаздырып алуды ұмытпаңыз.
«Арқа ажары» газетіне «Қазпоштаның» кез-келген бөлімшесі арқылы жазыла аласыздар. Жеке адамдарға жазылу бағасы: қала тұрғындары үшін 6 айға – 2867,78 бір жылға 5735,56 теңге; ауыл тұрғындары үшін
6 айға – 3202,92, бір жылға- 6405,84 теңге.
Ведомстволық жазылу бағасы: қала бойынша 6 айға – 4067,78, бір жылға – 8135,56 теңге, ауылдық жерлер үшін 6 айға – 4402,92, бір жылға – 8805,84 теңге.
Ескерту: Сіз егер жеке оқырман ретінде бір жылға бірден жазылар болсаңыз, небары 4835,56 теңге төлейтін жеңілдік те қарастырып отырмыз.
«Арқа ажары» газетіне жазылу барысында мәселе туындайтын болса, редакциямызға (8-716-2) 25-15-60, 25-14-34, 25-15-10) телефондар арқылы хабарласыңыздар.
Құрметті ақмолалық оқырмандар! Сіздің әрқайсыларыңыз «Арқа ажары» газеті – әр шаңыраққа!» атты бастамамызды қолдайтындықтарыңызға сенімдіміз!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар