Степногорск қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметов «Ауған соғысы ардагерлері одағы», «Десантное братство» және «Пограничное братство»
қалалық қоғамдық бірлестіктері жетекшілерімен кездесті.
Бірлестік белсенділері қала басшысына өз қызметтері туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. «Десантное братство» қоғамдық бірлестігі «Ұрпақ» іздеу отряды жобасы бойынша Ресейдің Новогород облысындағы «Вахта памяти» ескерткішіне барып, соғыс жылдары мерт болған 55 кеңес солдатының мүрдесін тауып, қайта жерлеген. Сонымен қатар, іздеуші отряд 1942 жылғы наурыз айында із-түзсіз жоғалған Кәкен Гафаровтың жерленген орнын тауып, бір уыс топырағын туған еліне жеткізуге үлес қосты.