Қорғалжын қорығы қоқиқазымен әсем

Қорғалжын ауданында 19-21 қазан аралығында «Қоқиқаз-2018» фестивалі өтеді.

«Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығының мәліметі бойынша, фестивальдің қоқиқаз атануы тектен-тек емес. Қорықтың аумағында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің 60-тан астам түрі бар. Құстардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілгендердің ең көріктісі – қызғылт қоқиқаздың ұя салу мекені орналасқан. Алғаш рет 2005 жылы бастау алған байқау осымен 14-ші рет ұйымдастырылғалы отыр. Оның 5-уі республикалық деңгейде өтті. Бұл жолғы «Қоқиқаз-2018» фестивалін «Қазақстанның биоалуандығын сақтау қоры» коммерциялық емес қоры, «Қорғалжын экологиялық обсерваториясы» және «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» мекемелері ұйымдастыруда. Шараға Қорғалжын аудандық әкімдігі, Еуразиялық топ (ERG), Ақмола облысының туризм басқармасы және Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі қолдау білдіруде. Қазан айының 19-21 аралығында өтетін фестиваль аясында қолданбалы өнер шеберлері туындыларының, көркемсурет, фотосуреттер, бейнероликтер, әдеби туындылар байқауының қорытындысы шығарылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар