«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2018 жылғы 30 қазанда сағат 15.00-де Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) алтыншы шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына «Ақмола облысында уақытша жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу туралы» мәселе енгізіледі.
Дулат Нұрмолдин,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.