Қоғамдық кеңестің төрағасы сайланды

Ақмола облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ақмола облысының Құрметті азаматы, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің президенті Сағынтай Зекенұлы Елубаев сайланды.

Жаңа төрағаны сайлау туралы ұсынысты облыстық Қоғамдық кеңесті құрылған сәтінен, яғни, 2016 жылдың ақпан айынан бастап басқарып келе жатқан Дулат Нұрмолдиннің өзі жасады.
Дулат Нұрмолдин «Бұл шешім Қоғамдық кеңестің бұрынғыдан да неғұрлым тиімді жұмыс істеуіне оң серпін береді», – деп атап өтті.
Оны Кеңестің барлық 20 мүшесі қолдап, төрағалыққа жаңа кандидатураны ұсынды.
Облыстық Қоғамдық кеңесті бұдан былай Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ақмола облысының Құрметті азаматы, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің президенті Сағынтай Зекенұлы Елубаев басқаратын болады.
Облыстық Кеңестің құрылған сәтінен бас-тап ол оның Президиумы құрамына кірді, әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияны басқарды. Оның тікелей жетекшілігімен мектептерде қорытынды аттестаттауға және жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға дайындық мәселелері, сондай-ақ, жастармен тәрбие жұмысындағы проблемалар түбегейлі зерттеліп, Қоғамдық кеңестің мәжілісіне енгізілді.
Көпшілік С.З.Елубаевты жоғары ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілеттерге ие, алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуде жауапкершілік пен табандылық танытатын, іске шығармашылық тұрғыдан қарайтын азамат ретінде біледі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар