Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елбасының Жолдауы – «Нұр Отан» партиясының іс-қимыл бағдары - АРҚА АЖАРЫ

Елбасының Жолдауы – «Нұр Отан» партиясының іс-қимыл бағдары

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі
Мәлік Мырзалиннің «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының XXIX есептік
сайлау конференциясында жасаған баяндамасы бойынша жарыссөздер

Зеренді аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі
Мереке Мұстафин:

–Елбасының қазан айындағы Жолдауы халықтың өзекті мәселелерін алға шығарып, әлеуметтік саланың барлық санатына, білім беру мен денсаулық сақтау ісінің дамуына, азаматтарымыздың тұрмыс жағдайына, өмір сүру сапасының артуына зор септігін тигізгелі отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда 2335 партия мүшесінен тұратын 13 бастауыш ұйымның белсенділігі айрықша сынға түсетіні белгілі. Өйткені, партияның Зеренді аудандық филиалы мен партиялық бақылау комиссиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция сияқты құрылымдары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында бастамашылдық орын алады.
Партия мүшелерінің жергілікті атқарушы органдармен ортақ мақсаттағы тиімді қызметінің нәтижесінде 9 ай ішінде өндірілген өңірлік жалпы өнімнің көлемі 172 миллиард теңгеден асты немесе 2017 жылғы деңгейдің 108 пайызын көрсетті (158,7 миллиард теңге). Өнеркәсіп өндірісі 149 миллиард теңгенің өнімін шығарды, бұл былтырғы сәйкес мерзімнің 112 пайызын құрайды. Биылғы жылы үш ауыл шаруашылығы өндірістік кәсіпорны құрылды. Бұған қоса, қаржылай қолдау қоры арқылы еттік бағыттағы мал сатып алу үшін 2 тапсырыс қаржыландырылды. Осы ретте, «Щучинск гормолзавод» және «Milk Projekt» серіктестіктерінің игі жобаларын атап көрсетуге болады.
Жолдау жүктеген міндеттер қатарында биыл бес мың шаршы метрден астам тұрғын үйдің пайдалануға берілгендігін (2017 жылғыдан – 132 пайыз), қазіргі күні аудан орталығындағы 36 пәтерлі үйдің құрылысына дайындық жұмыстары басталғанын айтқымыз келеді. Сондай-ақ, осы айда «Нұрлы жер» бағдарламасымен жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөліну жоспарланған жер телімдеріне инфрақұрылым тарту жұмыстары басталды. Президенттің «7-20-25» бағдарламасымен пәтер алу мүмкіндіктеріне де жол ашылып отыр. Жергілікті кадр құрамын толықтыру мақсатында аудандық бюджет қаражатымен 12 студент, аудандық орталық аурухана бюджетімен 5 студент жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Ауданымызда ел тұрмысын жақсартудың өзге де міндеттері атқарылу үстінде.

Целиноград ауданындағы «Нұр Отан» партиясы «Феникс» аумақтық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты
Максим БОЖКО:

–Бүгінгі таңда әркімнің өз жұмыс орнындағы іс-қимылы сай болуы керек. Біздің «Шаңырақ басқарушы компаниясы» серіктестігі Астананың азық-түлік белдеуін құру мақсатындағы Ақмола облысы агроөнеркәсіп кешенінің құрамына кіреді. Басқарушы компания өз кәсіпорындарының жұмысын басқарады. Оның жұмысының негізгі бағыты – құс шаруашылығы, жұмыртқа және бройлерлік өндіріс, ет өңдеу және құс азығын өсіру. «CAPITAL PROJECTS LTD» серіктестігі бройлер еті мен құс азығы өндірісіне бағытталған. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерін белсенді мемлекеттік қолдау құс етінің өндірістік қуатын 20 мың тоннаға дейін көбейтуге мүмкіндік берді. Бұл аудан бюджетіне салық төлемін көбейтуге, құс еті импортының үлесін қысқартуға, Ақмол кентінің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға ықпалын тигізді.
Мемлекет басшысы ел халқына арнаған Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық жүзеге асыру қажеттігін айтты. Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және 2022 жылға қарай ауыл шаруашылығының өңделген өнімдерінің экспортын 2,5 есе арттыру. Соңғы төрт жылда экспорт әр жыл сайын екі есе көбеюде. 2017 жылы экспортқа 280 миллион, биылғы жылдың тоғыз айында 485 миллион жұмыртқа жөнелттік.
Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті ретінде қазір қазақстандық өндірушілер еліміздің жұмыртқаға қажеттілігін 100 пайыз жауып, жақын шетелдерге экспорттайды деп сеніммен айта аламын. Құс еті импортының үлесі 40-50 пайызды құрайды.
Бұл тапсырманы біздің «Ақмола-Феникс» акционерлік қоғамы, «Ақмола-Феникс Плюс», «Шаңырақ-Агро» серіктестіктері ойдағыдай орындауда. Олар жұмыртқа және ет өндірісін азық базасымен қамтамасыз етеді. Компания тобы бойынша жылдық қаржы айналымы 20,5 миллиард теңгені құрады. Біздің компаниядағы бір еңбеккердің еңбек өнімділігі жылына 36 мың долларға дейін жетеді. Бұл – сала бойынша ең жоғары көрсеткіштің бірі болып табылады. «Нұр Отан» партиясының Ақмол ауылындағы «Феникс» филиалының төрағасы ретінде жаңғырту бағытын қолдап, біздің партияның жаңа бастамашыл жобаларын жүзеге асыру өзекті әрі уақытылы деп есептеймін.

«Нұр Отан» партиясы жанындағы Ақмола облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы
Серік Бекешев:

Елбасының биылғы Жолдауында алға қойылған міндеттер еліміздің барлық азаматтарының әлеуметтік жағдайларын жақсартып, өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған игі қадамдар. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Тәуелсіз еліміздің тарихыңда алғаш рет келер жылды «Жастар жылы» деп жариялғанын еліміздін барлық жастары зор шабытпен, қуанышпен қабылдағандарына сенімдімін. Осы орайда, бүгін жастардың атынан сіздердің алдарыңызда сөз сөйлеу мен үшін үлкен жауапкершілік және үлкен мәртебе.
Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауларында көтеріліп жүрген барлық мәселелер халықтың жағдайын жақсарту, елімізді дамыған озық мемлекеттер қатарына қосу, экономикамызды дамытып, биіктерге жетуге бағытталған. Саяси тұғырнамада қарастыратын болсақ жаңғырудың 4 түрі қарастырылған. Атап айтқанда: саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік мәселелер бар. Елбасымыз елімізді басқа мемлекеттермен терезі тең болып дамыған елдердің қатарына қосу мақсатында жаңғырудың осы төрт бағытын қолға алуды міндет етіп алға қойып отыр. Биылғы Жолдау әлеуметтік саланы жаңа деңгейге көтеретініне кәміл сенемін.
«Жас Отан» жастар қанаты облысымыздың 17 ауданы мен екі қаласында белсенді жұмыс атқарып келеді. Көкшетау қаласындағы 19 оқу орнында «Жас Отан» жастар қанаты құрылып жұмыс жасауда. Сондай-ақ, «Көкшетау сүт зауыты» серіктестігінде жұмысшы жастар ұйымы құрылды. Қазіргі күні «Жас Отан» жастар қанатында 8992 белсенді жас қоғамдық жұмыстарға қатысып, партия саясатын жүзеге асыруға атсалысуда. Сөйтіп, қатарымыз 2017 жылға қарағанда 4792 жасотандықтарға көбейді.
«Жас Отан» жастар қанаты соңғы екі жылда 255 түрлі шаралар ұйымдастырып өткізді. Осы шараларға 15609 адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында 65 мақала жазылып, әлеуметтік желілерге 758 мақала жарияланды. Биылғы жылы облысымыздың аумағында 2 жастар лагері ұйымдастырылды. 300-ден астам жас «Зерен» демалыс базасында демалып, түрлі шаралар ұйымдастырды.

«Нұр Отан» партиясының Бұланды аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Ақманат ӘЛІМБЕТОВА:

–Елбасымыздың алдымызға қойған міндеттерді іске асыруда «Нұр Отан» партиясының рөлі ерекше. Өз басым Елбасының бұл талаптарын заманға лайық, уақыты келген және орындалуы аса қажет міндеттер деп санаймын.
Партия Орталық аппаратының ұйытқы болуымен ауданда партиялық жобалар тиімді және нәтижелі жүзеге асуда. Атап айтқанда, «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» жобалары бойынша жиырма мыңға жуық адам қатысқан 150-ден астам әртүрлі жоспарлы іс-шаралар өткізілді.
Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ауданымыз партиялық бастамаларды іске асыруға белсене қатысуда. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру аясында ауданда екі IT сынып ашылды. Атап айтқанда, бұл сыныптар «Журавлевка-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысуымен Капитоновка орта мектебінде, «Арна» астық қабылдау кәсіпорнының қатысуымен Макинск қаласының №1 орта мектебінде ашылғанын айта кетуіміз керек. Сондай-ақ, кітапханалар жүйесін жаңғырту, заманауи құрылғылармен жабдықтап, цифрлы жобалар енгізу негізінде «Қазақстанның кітапханалары» жобасы аясында Макинск қаласының мектеп-лицейіндегі мобильді кітапхана базасында оқырмандар үшін кітап оқуға және бос уақытын тиімді өткізуге ыңғайлы коворкинг орталығы ашылды.
Партия қызметінің басты өлшемі бағалау өлшемі қашанда халықпен жұмыс істеу болған және солай болып қалады. Статистикаға сүйенсек, қоғамдық қабылдауларға келіп түсетін өтініштер саны өсуде. Бұл факті тағы да бір мәрте халықтың партияға деген сенімін растайды. Есепті кезеңде аудандық филиалға 348 өтініш түсіп, оның 187-і немесе 53 пайызы оң шешімін тапты.

«Денсаулық» бастауыш партия ұйымының төрайымы, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Сәуле ҚИСЫҚОВА:

–Қазіргі таңда Ақмола облысында 570 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді, онда 8500-ден астам медициналық қызметкер, оның ішінде 1800-ге жуық дәрігер мен 6700 орта медициналық құрам халыққа қызмет көрсетеді.
Мен төрайымы болып табылатын «Денсаулық» бастауыш партия ұйымы өз қатарында 700-ден астам партия мүшесін біріктіреді, бұл Көкшетау қалалық филиалының партия мүшелері санының 11,5 пайыздан астамын құрайды.
Ағымдағы жылы денсаулық сақтау бюджеті 5,0 миллиард теңгені құрады, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға 1,4 миллиард теңге қарастырылды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, барлық емханалар мен ауруханалар құжаттарды қағазсыз, сандық жүргізуге көшуге дайындалуда. Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру шеңберінде 32 медициналық ұйымда кешенді медициналық ақпараттық жүйе (КМАЖ) енгізілді, қамту 100 пайызды құрады.
2018 жылы келген 52 жас дәрігер мамандарының 19-ы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 21 маманға медициналық ұйым есебінен 2,4 миллион теңгеге көтерме қаражат бөлінді, сондай-ақ, облыс орталығында 20 жаңа пәтер берілді. Тек соңғы екі жылда облысқа 192 дәрігер және 398 орта медициналық қызметкер жұмысқа келді.
Сонымен қатар, облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің бастамасымен облыста дәрігер кадрларының тапшылығы мәселесін шешу үшін биыл Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жанынан жалпы медицина факультеті ашылды. Ағымдағы жылы аталмыш факультетте 173 студент білім алуда, оның ішінде облыс әкімінің білім беру гранты бойынша 50 студент оқиды.
Салада денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі ескеріле отырып, жоспарлаудың жаңа жүйесі іске асырылуда. Өңірлік перспективалық жоспарды іске асыру шеңберінде жыл басынан бері облыста 16 медициналық ұйым қайта құрылды. Алдағы уақытта бізді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілген басты міндеттерді жүзеге асыру бойынша зор міндеттер күтіп тұр. «Нұр Отан» партиясы Елбасының идеялары мен ой-пікірлерінің басты жаршысы екендігін өз ісімен дәлелдеп келеді.

«Көкшетау сүт зауыты» серіктестігі бастауыш партия ұйымының төрағасы, кәсіпорын директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Әсен ЖАҚСЫЛЫҚОВ:

–Тарихы терең кәсіпорын 90-шы жылдары дағдарыс, жекешелендіру және қайта жаңғыртуды бастан өткерді. Бүгінгі таңда «Көкшетау сүт зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыс орталығындағы іргелі кәсіпорындардың бірінен саналады. Табиғи сүт өнімдерін бірнеше түрі шығарылатын кәсіпорын өнімдерінің Қазақстан және Ресей нарығында ойып тұрып алатын орны бар. Жыл өткен сайын өнім көлемі артып келеді. 2018 жылы кәсіпорынның дайын өнім шығарудағы тәуліктік қуаты 6,2 тоннаны құрады. Ал, 2017 жылы бұл көрсеткіш 5,3 тонна болды. Кәсіпорында барлығы 200-ге жуық адам жұмыс істейді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында елімізде бизнестің дамуына барлық жағдай жасалып отыр. Біздің басты мақсатымыз, сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып, өндіріс көлемін арттырып, жұмыс орнын көптеп ашу. Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартып, бизнестің дамуы үшін жыл сайын 30 миллиард теңгеден кем емес қаржы бөліп тұруды тапсырды. Бұл бизнес үшін үлкен қолдау. Осы арқылы алдағы 3 жылдың ішінде қосымша 22 мың жаңа жұмыс орнын ашып, салық кірісін 224 миллиард теңгеге және тауар өндірісін 3 триллион теңгеге жеткізуге болады. Бүгінгі таңда Партия Төрағасының тапсырмасымен партиялық 22 жоба жүзеге асырылуда. «Тегін ІТ сыныбы» жобасы бойынша ағымдағы жылы «Көкшетау сүт зауыты» серіктестігі Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясына 3 тегін ІТ сыныбын ашу үшін демеушілік көмек көрсетті. Өткен жылы осындай көмек №5 «Таңдау» көпбейінді гимназияға да көрсетілді. Бұдан басқа да қайырымдылық акциясы мен спорт алаңдарын жөндеу сияқты шараларға атсалысып келеміз.

Шортанды ауданындағы «№7 Бозайғыр сайлау округі» бастауыш партия ұйымының төрайымы, Бозайғыр ауылдық округінің әкімі
Гүлнәр ОМАРОВА:

–«№7 Бозайғыр сайлау округі» бастауыш партия ұйымы өз жұмысын тиісті жұмыс жоспары, жоғары партияның тапсырмалары және бағдарламалар бойынша атқарады.
Ағымдағы жылдың 1 қазанында бастауыш партия ұйымында 171 партия мүшесі болды. 2017 жылы 125 партия мүшесі болған еді. Бір жыл ішінде 46 адам партияға кірді. Соңғы екі жылда партия мүшелерінің сапа құрамын жақсартуда жақсы нәтижелерге жеттік.
Қазіргі таңда партия жұмысын жүргізу барысында әлеуметтік топтармен жұмыс айтарлықтай күшейтілді. Партия жұмысы ардагерлер, мүгедектер, жастар мен балалар мәселелерін жүйелі түрде партиялық жобалар арқылы шешуде
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 2017-2018 жылдарда 4 жас отбасы тұрғын үй алуға несие алды. Округ жастары ауылымыздың қоғамдық жұмыстарына белсенді араласады. Әсіресе, жастарымыз спорт саласын дамытуға өз үлестерін қосып жүр. Ауылымызда 3 спорт секциясы жұмыс істейді. Үш елді мекенде спорт алаңы, Бозайғыр ауылында тренажерлар мен мектеп аумағында хоккей корты орнатылды.
2016 жылдан бастап округ тұрғындары арасында Тәуелсіздік күніне орай, шағын спартакиада өткізіліп келеді. Үш елді мекеннің тұрғындары тоғыз спорт түрінен күш сынасады. Біздің жастарымыз қазақтың ұлттық спорт ойындарын насихаттап, спартакиада аясында асық ату, тоғызқұмалақ ойындарын өткізсе, Наурыз мейрамында «Көкпар тарту», «Жабағы», «Тай» жарыстары ұйымдастырылады.
Ауыл жастарының бастамасымен ауылымызда «Қазақстан барысы» жобасы шеңберінде қазақша күрес сайысын өткіздік. Жас палуанымыз Көжей Лесхан облыстық жарысқа жолдама алды. 2018 жылы Бозайғыр ауылында облыстық деңгейде жастар арасында каратэ жарысы өтіп, 4 ауданның спортшылары бақ сынасты. Жаттықтырушы жас спортшы Саяхат Абдулла.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биыл Күлшін ауылында спорт алаңы ашылды, оған Асхат Омаров деген азамат демеушілік жасады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табысы артады деп атап көрсетілген.
Мемлекет пен адамдардың күш-жігерін біріктірудің арқасында біз жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз. Округ бойынша 150 кәсіпкер, 8 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 33 жеке шаруа қожалықтары тіркеліп, жұмыс істеп жатыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар