Елбасының Жолдауы – «Нұр Отан» партиясының іс-қимыл бағдары

Кеше Көкшетауда «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының XXIX есептік сайлау конференциясы болып өтті.

Конференцияда «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының 2017-2018 жылдардағы жұмысы туралы есебі, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Мәлік Мырзалин баяндама жасады.

Есепті баяндама бойынша партияның Зеренді аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Қ.Мұстафин, партияның Бұланды аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.А.Әлімбетова, Целиноград ауданындағы «Нұр Отан» партиясы «Феникс» аумақтық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты М.В.Божко, «Денсаулық» бастауыш партия ұйымы төрайымы, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Д.Қисықова, «Көкшетау сүт зауыты» серіктестігі бастауыш партия ұйымының төрағасы, кәсіпорын директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Ә.Д.Жақсылықов, Шортанды ауданындағы «Бозайғыр» №7 сайлау округі партияның бас-тауыш ұйымы төрайымы, Бозайғыр ауылдық округінің әкімі Г.Т. Омарова, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Ақмола облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы С.Е.Бекешев сөз сөйледі.
Конференцияда «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының бақылау-есеп комиссиясының төрайымы Г.А.Марченкова есеп берді. Сондай-ақ, конференцияда «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы саяси кеңесінің, есептік бақылау комиссиясы мен саяси бюро мүшелері сайланды.

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының XXIX есептік сайлау конференциясында жасаған баяндамасы

Құрметті делегаттар мен жиынға қатысушылар!
Ақмола облыстық партия ұйымының кезекті ХХІХ есептік сайлау конференциясы Елбасы, Партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен тұспа-тұс келіп отыр.
Елбасының Жолдауындағы іс-қимыл бағдарламасы мен Президенттің стратегиялық бағыты Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартудың айқын дәлелі екендігіне көзіміз жетті.
Бүгінде біз Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен еліміз таңғажайып және толағай табыстарға қол жеткізді деп айта аламыз.
Елбасының салиқалы саясаты және халқымыздың бірлігі мен тұрақтылығының арқасында экономикалық және демократиялық даму үлгісінде азаматтық қоғам құрдық. Қазақстан мемлекеттік құрылыстың сапалы жаңа кезеңіне өтті. Бұл Елбасы белгілеген Бес негізгі реформа арқылы анықталып отыр.
Осы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандықтарға арнаған «Бес әлеуметтік бастамасын» жариялаған болатын. Бұл бастамалар – мақсаты мен айқын көрсеткіштері бар, нақты әлеуметтік бағдарламасы, қаржыландыру мен орындалу мерзімі айқындалған тың бастама.
Елбасының биылғы Жолдауы мен «Бес әлеуметтік бастамасы» қоғамның әлеуметтік осал топтарының мәселесін шешуге арналған нағыз халықтық маңызы бар құжаттар болып табылады. «Нұр Отан» партиясы қоғамның жетекші саяси күші бола отырып, Партия Доктринасында белгіленген «Бірлік пен келісім», «Отбасы және дәстүр», «Заңның үстемдігі», «Адам», «Әділеттілік» пен «Ынтымақшылдық», «Болашаққа ұмтылыс» сияқты негізгі ұстанымдарды басшылыққа алып, қазақ халқының әл-ауқатын арттыру мен гүлденуі жолындағы тарихи миссияны қолға алды.
Партиямыздың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында біз аталған есептік кезең ішінде партияның Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда алға қойған міндеттер мен мақсаттар орындалды деп толық айта аламыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржысы мен бюджет қаржысының мақсатты және тиімді пайдаланылуына, мемлекеттік бағдарламалардың, бес әлеуметтік бастаманың, Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының жүзеге асырылуына мониторинг пен бақылау бастауыш партия ұйымдарының, партия активінің, депутаттық құрылымдардың, партиялық мониторинг және бақылау топтарының жұмысындағы басым бағытқа айналды.
Бұған қоса, нақ осы бағыт биылғы жылдың есеп беру-сайлау науқанында партияның аумақтық филиалдарының, бастауыш ұйымдарының жұмыс тиімділігі мен сапасын бағалаудағы шешуші факторлардың бірі болды.
Активтің атқарушы органдармен, шаруашылық субъектілермен тығыз байланыста белсенді, мақсатты және жүйелі жұмыс істеуінің арқасында Индустриалдық-инновациялық даму жөніндегі, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнес», «Денсаулық», «Білім», соның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы қосылған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалары табысты іске асырылуда.
Осының нәтижесінде биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыста әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің оң серпіні сақталды. Айталық, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 463,1 миллиард теңге, нақты көлем индексі 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 103,8 пайызды құрады.
Мемлекет басшысының үшінші модернизациялау шеңберіндегі индустрияландыру мәселелері бойынша берген тапсырмаларына сәйкес аймақта өнеркәсіптің өңдеу секторының тұрақты өсімі байқалады. Бұл бірінші кезекте макроэкономикалық бағыттардың дамуына оң серпін беруде. Бүгінгі күнге дейін облыста өндірілетін өнімнің өңдеу секторындағы үлесі 80 пайызға тең болып отыр. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.
Конференция делегаттарының есіне бүгінгі таңда біздің облыста бүкіл республикамызда шығарылатын жүк автокөліктерінің 45 пайызы, алтынның 31 пайызы, керамикалық қаптайтын кірпіштің 43 пайызы өндірілетінін айта кеткім келеді. Еліміздің темір жол саласында пайдаланылатын барлық подшипниктер бізде шығарылады. Олардың басым бөлігі, атап айтқанда, 80 пайыздан астамы экспортқа жөнелтіледі. Индустриалдық өсімнің резерві ретінде 74 миллиард теңгенің тағы 30 жобасы іске асырылуда. Мұның өзі жаңадан 1820 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Тұтастай алғанда, жалпы аймақтық өнімде өнеркәсіптің үлес салмағы 25 пайызға дейін өсті. Бұл бағытта қосымша резервтер барын ескерсек, алда да серпінді дами түсеріміз анық. Мемлекет басшысы экономиканың драйвері – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тапсырмасын жүктегені белгілі. Бұл облыстың жұмыспен қамтылған тұрғындарының 30 пайызын қамтиды. Биылғы жылы өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға 30 миллиард 400 миллион теңге субсидия бөлінді. Мемлекеттік қолдауды өңірдің 1906 шаруашылығы (31 пайыз) алып отыр.
Облыс ауа райының қолайсыз жағдайына қарамастан егін жинау науқанын табысты аяқтады. Диқандар қауымы 4,3 миллион гектар алқаптан 5,5 миллион тонна астық жинады. Орта есеппен әр гектардың түсімділігі 13 центнерден айналды. Жалпы, аграрлық секторда егіншіліктің кешенді шаралары атқарылуда екендігін атап көрсеткен жөн. Басым бағыттағы дақылдардың аумағы 150 мың гектарға (немесе 16 пайызға) ұлғайды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ақмолалық аграршылар элиталық тұқымдарды көбірек пайдаланатын болды, минералды тыңайтқыштар 2 еседен астам алқапта қолданылды. Сулы алқаптардың көлемі 7 есеге артты (3 мыңнан 21 мың гектарға дейін). Целиноград ауданында жайылымдық суландырудың «Алва» жүйесін қалпына келтіру ірі жобалардың бірі болып саналады (12,2 мың гектар).
Мал шаруашылығында, оның ішінде ет өндірісінде, қолданыстағы және жаңадан құрылған бордақылау алаңдарының негізінде зәкірлік кооперацияға айрықша екпін түсірілуде. Ағымдағы жылдың өзінде мал бордақылау кәсіпорындарының қуаты 10 мың бас малды орналастыру мүмкіндігіне ие болады. Ал, алдағы 5 жылда зәкірлі шаруашылықтар ауқымында еттік бағыттағы 700 жаңа фермалар құру көзделуде (16 мың бордақылау орны).
Сүтті мал шаруашылығында алдағы екі-үш жылда 7 мың бас сиырға арналған 5 ірі тауарлы-сүт фермаларын құру жөнінде үлкен ұйымдық жұмыстар жүргізілді. Мемлекет басшысының Астана қаласының азық-түлік белдеуін дамыту туралы тапсырмасы аясында биылғы 9 айда азықтық тауарлар өндірісі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 111 пайызға өсті (сүт – 103, ет – 114, ұн – 118, сары май – 128, өсімдік майы 132 пайыз).
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін, бағдарлама қолға алынған жылдар ішінде, облысқа 16,5 миллиард теңге бөлінсе, 600 жоба қосымша қаржыландырылып (субсидия), инфрақұрылым тартуға 12 миллиард теңге жұмсалды және 15 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлердің, олардың қатарында біздің ақмолалықтар да бар, ұсыныстары ескеріліп, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өзінің тиімділігін дәлелдеген бұл бағдарлама 2025 жылға дейін – тағы да 5 жылға ұзартылды. Мұнда көзделген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін жыл сайын 30 миллиард теңге қаржы бөлінетін болады.
2018 жылы 5,7 миллиард теңге қаржы бөлінді, бұл былтырғы деңгейден анағұрлым асып түседі және Президенттің төртінші әлеуметтік бастамасында көзделген жоспарларды орындауға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес нысандарының саны 2,9 пайызға артты, өндірілген өнім көлемі 8,4 пайызға, ал бюджетке салық түсімі 4,5 пайызға өсті. 2018 жылдың өткен кезеңінде облыс экономикасына 202,6 миллиард теңге инвестиция құйылды немесе 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 106,7 пайызға ұлғайды.
Облыста тұрғын үй құрылысы белсенді сипат алды десек, әділін айтқандық болады. Бұл салаға инвестиция тарту 40 пайызға артты. Жыл басынан бері 394 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 112,8 пайыздық көрсеткіш. Биылғы жыл соңына дейін қолжетімді 18 үй пайдалануға беріледі, бұның 14-і арендалық, 4-еуі несиелік. Жалпы алғанда, бұл былтырғы деңгейден екі есе көп.
Біз 2019 жылы тәуелсіздік жылдарында алғаш рет 5,5 мың шаршы метрден астам пәтерді пайдалануға беруді жоспарлаудамыз.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін алдағы 5 жыл ішінде 5800 жер телімін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді жоспарлаудамыз (салыстыру үшін: 2018 жылы 346 жер телімі). Тұрғын үй мәселесін шешуде облыста Президенттің бес әлеуметтік бастамасының біріншісін іске асыру маңызды қадам болды. Бүгінгі күні біздің облыс алғашқы бестіктің қатарында: «7-20-25» бағдарламасы бойынша 175 өтініштің 1,2 миллиард теңгелік 139-ы мақұлданды.
Жалпы, тұрғын үйді қатарға қосу қарқынын жыл сайынғы 8 пайыздық өсіммен, яғни 380-400 пәтерді пайдалануға берумен қамтамасыз етеміз. Бұл 2030 жылға қарай әр адамға шаққанда 30 шаршы метрден келеді деген сөз.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын дамыту жұмыстары белсенді сипат алуда. Биылғы жылы 426 километрлік жергілікті жолдар жөндеу және қайта құру жұмыстарымен қамтылды. Бұл 2017 жылы атқарылған жұмыс көлемінен 1,8 есе артық.
Көкшетау қаласының 2,6 миллиард теңгелік, 4 километрлік кіре беріс жолының құрылысы аяқталды. 2019 жылы құрылыстың 4,2 миллиард теңгені қамтитын 7 километрлік ауқымындағы жұмыстар жалғасатын болады.
Целиноград ауданының жолдарын дамытуға 4 мил-лиард теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл ретте облыстық бюджеттен қаржыландыру 4 еседен астам ұлғайды (2017 жылы – 1,3 миллиард теңге). Жол құрылысы жұмыстары кестеге сай жүргізілуде, жобалық негіздер аяқталу қарсаңында.
Келесі жылы 80 километрлік Щучинск-Зеренді трассасының бойында абаттандыру жұмыстары аяқталады. Ақкөл қаласы мен Мало-Александровка ауылы аралығындағы 70 километрлік жолдың жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға 46,4 миллион теңге бөлінді.
Облыс бойынша 2018 жылы төмендегі жол учаскелері жөндеуден өткізілді: Ақмол-Воздвиженка-Талапкер – 18 км. Жалтыр-Макинск – 25 км, Ақсу-Бестөбе-Изобильное – 25 км, Ақкөл қ.-Степногорск қ. – 25 км. және басқалары.
Мемлекет басшысының басты тапсырмаларының қатарында тұрғындардың табысын арттыру мәселесі бар және бұл орайда біздің алдымызда көп жұмыстар тұр. Бүгінгі күні облыста 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы орташа айлық жалақы115,4 мың теңгені құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8,3 пайызға жоғары. Мемлекеттік бюджетке 115 миллиард теңге салық және төлем қаржысы түсті.
Жалпы, өткен кезең елеулі оқиғалармен ерекшеленді: партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Саяси кеңес бюросының отырысы 2017 жылғы қараша және 2018 жылғы маусым айларында болып өтті, онда нұротандықтардың алдына партиялық жаңғырту, партиялық кадрлық резервті қалыптастыру, партиялық білім берудің көп деңгейлі жүйесін енгізу, сандық технологиялар және оларды партияның жаңа бастамашылық стратегиялық жобалары жүйесі арқылы енгізу бойынша ауқымды міндеттер қойылды.
Ағымдағы жылы «Бес әлеуметтік бастама» мен Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы халық арасында кең талқылау мен қолдауға ие болды. Белгілі болғандай, біздің партия шешетін міндеттердің жиынтығында стратегиялық бағыт ретінде бірқатар бағыттар айқындалған. Олардың кейбіреулеріне қысқаша тоқталуға рұқсат етіңіздер. Соңғы екі жылда облыста 39-дан астам мектепке дейінгі мекеме (36 балабақша, 3 шағын орталық) ашылды, бұл 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 99 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік берді. 5 жаңа жалпы білім беретін мектеп, 1 қосымша оқу құрылысы салынды.
Сонымен қатар, облыста – Целиноград, Бурабай аудандары мен Көкшетау қаласында қазіргі таңда үш ауысымда оқытатын 11 мектеп бар. 2018 жылы Көкшетау қаласында үш ауысымды оқытуды жою үшін 900 орындық ІТ мектеп-лицейі, 420 орындық №18 мектеп-гимназияға қосымша оқу корпусы пайдалануға берілді. 2019 жылға жоспарланған оқу-тәрбие кешені салынуда.
Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев кәсіптік-техникалық кадрларды даярлаудың тиімді нысандарының бірі дуалды оқытуды енгізуге рұқсат берді. Соңғы жылдары дуалды оқытуды енгізетін облыс колледждерінің саны экономиканың 7 саласы (металлургия және машина жасау, сервис, көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы) бойынша 26-ға дейін ұлғайды және ТжКБ ұйымдарының жалпы санынан 75,8 пайызды құрайды. Ал, 2018 жылға жоспар бойынша 75 пайыз болатын.
Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жоғары оқу орындары мен колледждерде өз білімін жалғастырмайтын жалпы білім беру мектептерінің түлектерін жұмысқа орналастыру туралы тапсырмасын біз 100 пайызға орындадық. Сайлау алдындағы бағдарламаның нысаналы көрсеткіштері мен тиімділік индикаторларын орындау бойынша денсаулық сақтау саласында да оң динамика байқалуда. Облыс халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 71 жасқа дейін өсті. Ағымдағы жылы жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1,8 пайызға төмендеді қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 27,2 пайызға төмендеді. Бала өлімі көрсеткіші 17,1 пайызға төмендеді, ал бала туу көрсеткіші 2,5 пайызға өсті.
Тек соңғы екі жылда өңірімізде 4 денсаулық сақтау нышаны ашылды. Олардың қатарында: Зеренді ауданында 250 адам қабылдайтын емхана, Есіл ауданының Интернациональный ауылында 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория, Целиноград ауданының Қабанбай ауылында 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория, Бурабай ауданының Кенесары ауылында 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория бар. Бір ауысымда 150 келушіге арналған облыстық онкологиялық емхананың құрылысы басталды, нысанды тапсыру 2020 жылға жоспарланған.
Ұлт денсаулығын нығайтудың негізгі элементі салауатты өмір салтын ұстану болып табылады. Партияның сайлау алдындағы бағдарламасына орай, ағымдағы кезеңде азаматтарды дене шынықтыру және спортпен жаппай шұғылданумен қамтуды 25 пайызға жеткізу белгіленген. Бұл көрсеткіш 1 қазандағы жағдай бойынша 27 пайызға орындалды.
Соңғы екі жылда спорт ғимараттарының саны 125 нысанға ұлғайды. Оның ішінде Щучинск қаласында республикалық шаңғы базасы пайдалануға берілді. Көкшетау қаласында жеңіл құрылымдардан спорт залының құрылысы аяқталуда.
Тек соңғы екі жылда Сандықтау, Жарқайың аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Шортанды ауданында жүзу бассейні салынды. Облыстың футбол алаңдарында 10 жасанды жамылғы төселді, 20 спорт алаңы салынып, жабдықталды.
Халықаралық жарыстарда біздің спортшылардың айтарлықтай жетістіктері бар. Индонезияда өткен Азиада ойындарындағы жеке жарыста Дмитрий Алексанин алтын медальді жеңіп алды, оған қоса, командалық жарыста қола медальға ие болды. Күні кеше ғана Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдердің олимпиада ойындарында біздің бокс-шымыз Талғат Шайкен күміс медальға қол жеткізді. Мен біздің футболшыларымыз бен хоккейшілерімізді ерекше атап өткім келеді. «Оқжетпес» командасы осы маусымда бірінші орын алып, Премьер-Лигаға өту міндетін орындады. Қазақстан чемпионы атанған «Арлан», осы жылдың қараша айында Францияның Лион қаласында өтетін Континентальдық Кубоктың үшінші турына қатысады.
Негізгі басымдықтар мәдениет және мәдени әлеуетті дамыту болып табылады. Бүгінгі күні облыста 11 музей, 376 кітапхана, 268 клубтар жұмыс істейді. 1 нысанның өсуі байқалады: Бурабай ауданының аумағындағы ашық аспан астында «Ботай-Бурабай» археологиялық-этнографиялық мұражайы ашылды, ол негізгі туристік нысандардың бірі болып табылады. Ашылған сәттен бастап 3000-нан астам туристер қызығушылық танытуда.
«Қазақстанның кітапханалары – заманауи білім орталықтары» партиялық жобасы бойынша облыста 9 бірлескен коворкинг орталығы жұмыс істейді. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі жалғасуда. Облыстың елді мекендерін мәдениет нысандарымен қамтамасыз ету 92,5 пайызды құрайды.
Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, біз Орталық партия аппаратымен бірге 20-дан астам партия жобаларын жүзеге асырып жатырмыз.
Олардың әрқайсысының маңыздылығын төмендетпей, біздің көзқарасымыз бойынша, ерекше мәнге ие болатын стратегиялық алғашқы 10 жобаға тоқталамын. Оның ішінде «Тегін ІТ – балаларға арналған сынып», «ІТ мамандарын оқыту», «Геоақпараттық онлайн қызметі», «Мектеп асханаларын жаңғырту», «Мектептің спорт алаңдарын қайта құру», «Бастауыш сынып оқушыларына арналған денсаулық сабағы», «Үштілділікке көшу», «Қазақстанның кітапханалары – заманауи білім орталықтары» және «Қазақстанның кітапханалары» жобалары бар.
Партияның барлық жаңа жобалары ақпараттық технологияларды дамытуға және соған кірісуге, халықтың сауаттылығын арттыруға, шағын және орта бизнеске, білім беру секторына қолдау көрсетуге, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.
Бүгінгі күні Ақмола облысында осы жоба аясында үлкен жұмыстар атқарылды. Айталық, ең озық әдістер бойынша робототехника мен облыстың 37 жалпы білім беретін мектептерінде негізгі бағдарламаны тереңдетіп оқыту бойынша 62 ІТ сыныбы ашылды. Қазір бұл ІТ сыныбында 900-ден астам бала оқытылады. IT сыныптарының ашылуы, жалақы қорын қалыптастыру демеушілік есебінен жүзеге асырылады.
Облыс орталығындағы Көкшетау қаласында 2 IT орталығы бар: олар Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті және жоғары колледжде орналасқан.
«Мектептің спорт алаңдарын қайта жаңарту» жобасы аясында облыста 6 нысан анықталды. Бүгінгі күні Көкшетау қаласындағы №18 орта мектебінің спорт алаңының құрылысы аяқталды. Сандықтау ауданы Максимовка ауылында спорттық-мәдени кешен (мини-футбол алаңы, жабық хоккей корты, сыртқы ойын-сауық жабдығы, ойын алаңы және мәдени іс-шаралар алаңы) құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Самұрық-Қазына» АҚ Степногорск қаласының 2 мектебінде жалпы сомасы 58 миллион теңгенің футбол алаңдарын қайта жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұдан басқа, бүгінде «Қазақалтын» АҚ Степногорск қаласының Ақсу ауылындағы №1 орта мектебінің футбол алаңын 10 миллион теңгеге қайта құруды аяқтады және жеке кәсіпкерлер Көкшетау қаласының Красный Яр селосындағы №1 орта мектебінің футбол алаңын қайта жаңартты.
«Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» атты партия жобалары облыс тұрғындарын кеңінен қамтып отыр. Нұротандықтардың назарында 110 мыңнан астам зейнеткер бар. Оның 5 мыңнан астамы тыл еңбеккері, 68-і Ұлы Отан соғысының ардагері. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың (олардың саны 29 мыңнан асады) тұрмыс сапасын арттыру шаралары аясында соңғы үш жыл бойы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымдардың 1672 маңызды нысаны жос-парлы түрде қайта бейімделді және қолжетімділікпен қамтамасыз етілді. Биылғы жылы 525 мүгедек жұмысқа орналастырылды. «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында облыстың партия ұйымдары білім органдарымен бірге жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен үлкен жұмыс жүргізуде. 1771 жетім балалардың 1530 (86,4 пайызы) қамқорлықпен және патронаттықпен қамтылған. 213 бала (12 пайызы) балалар үйінде тұрады. Соңғы екі жылдың ішінде балалар үйінің алтыдан үш бөлігі оңтайландырылды.
Жалпы, облыс бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға 7,4 миллиард теңгенің мемлекеттік қолдауы көрсетіледі. 1600-ден астам аз қамтылған отбасы мен жалғыз тұратын зейнеткерлер тұрғын үй көмегін алады. Мекенжайлық әлеуметтік көмекпен 10,6 мың азамат қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі 314 бала үйінде оқиды. Биылғы жылдың 9 айында 15144 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды, 611 адам жастар тәжірибесіне, 2529 адам қоғамдық жұмысқа, 664 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін (4 мың) оңтайландыру шараларына 538 миллион теңге қарастырылған. Сондай-ақ, қазір егде адамдар мен мүгедектерді қолдау айы өтуде. Бұл айлықтың аясында 24 мың адамға (Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүгедектерге, аз қамтылғандарға, онкология және туберкулез сырқаттарына шалдыққандарға, концлагерьде болғандарға, жесірлермен тағы басқаларына) бір мезгілді төлемақы жасалды (434,4 миллион теңге), оның ішінде ай соңына дейін 100 мыңнан астам адамды демеушілер мен жұмыс берушілердің 200 миллионға жуық теңгенің әртүрлі жоспарлы материалдық қолдауымен қамту жоспарланған.
Біздің облыста 150 мыңға жуық жастар тұрады. Өңірде жастарды қолдауға бағытталған бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда. Тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жыл басынан бері жастардың 5615 өкілі осы бағдарламаның қатысушылары болды (оның 2656-сы ауылдан). 168 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 611 адам жастар тәжірибесіне жіберілді. Жастар тәжірибесі тәжірибесіз-ақ тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді. Жалпы, жұмыспен қамту органдарымен 2018 жылы 4830 адам жұмысқа орналастырылды.
Үстіміздегі жылы 5,5 мыңнан астам адам түрлі қолдауға ие болды. «Дипломмен – ауылға!» жобасы бо-
йынша 267 адам ауылға барды, оларға 45 миллион теңгенің жәрдемақысы төленді. 463 адам баспана салу немесе тұрғын үй сатып алу үшін 1,5 миллиард теңге бюджеттік несие алды. «Облыс әкімінің атаулы шәкіртақысы» жобасы ойдағыдай жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда бұл жоба бойынша 276 жас білім алуда. Биылғы жылы біз жобаны қаржыландыруды көбейттік. Сондай-ақ, медициналық мамандықтың студенттері үшін тұңғыш рет қаржы бөлдік (50 грант). Мектеп түлектерін қолдау үшін педагогикалық мамандыққа 100 білім беру гранты бөлінді. Облыста жастар жылы аясында «Ақмола жастары» бағдарламасы бастау алады.
Әлеуметтік топтардың мәселелерін шешуге мақсатты түрде келу облыста жақсы бастау алды және тиімді нәтижеге нақты бағыт бар деп сеніммен айта аламын. Облыстағы партия ұйымдары жұмысының басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы болды және солай қала береді. «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» жобасын жүзеге асыру бойынша бастапқы партия ұйымдары мен аумақтық филиалдардың құқық қорғау органдарымен, өзге де ведомстволармен және ұйымдармен өткізген шаралары оң нәтиже берді. Биылғы жылдың үш тоқсанындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының жалпы саны 13 пайызға азайды.
Аудандардағы партия активтеріне партиялық бақылау комиссиялардың, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қоғамдық кеңестердің жұмыстарында жүйелілік және нәтижелілікке қол жеткізу қажет.
Талқылауда ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету, жемқорлықты туғызатын себептерді анықтап, оны жою бойынша шара қолдану қажет. Біз Н.Назарбаевтың «Саяси көшбасшылықтағы түбегейлі мәселе – біздің ымыраға көнбейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиямыз» дегенін естен шығармауымыз керек. Партия жүйесінде 97,1 пайызы нұротандықтар құрайтын (276 депутаттың 268-і) депутаттық фракция мен облыстық мәслихат жұмысының тиімділігі маңызды рөл атқарады.
Депутаттық фракцияның және атқарушы органдардың бірлесіп, келісе отырып істеген жұмыстарының арқасында сайлаушылармен өткен кездесуде және қабылдауда көтерілген сұрақтар оң шешілді. Ақмола облыстық мәслихаты депутаттық фракциясының жұмысын Орталық аппарат республика бойынша ең үздік деп таныды.
Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда және бақылау бойынша өңірлік партия кураторларының институты да өзінің қажеттілігін дәлелдеді.
Орталық аппараттың ұсынысына сәйкес мемлекеттік орган өкілдерімен партияның қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау жалғасуда. Тегін заңгерлік кеңестің өзектілігі ескеріле келе, әр тоқсан сайын «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы, тақырыптық қабылдау жүргізіліп келеді. Облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттары депутаттарының «Кездесеміз, талқылаймыз, шешеміз!» акциясын өткізу бастамасы үлкен қолдау тапты. Биылғы жылдың 9 айының ішінде партияның қоғамдық қабылдауына 4212 өтініш түскен. Оның ішінде – 122 жазбаша, 4046 ауызша, 49 онлайн режимде.
Ақмола облысы бойынша 10 айдың ішінде қоғамдық қабылдау түскен өтініштердің 2293-ы (54 пайызы) қаралды. 29-шы облыстық конференция өңірлік филиалдың өміріндегі маңызды саяси ұйымдастыру науқанын тәмамдайды. 379 бастауыш партия ұйымдарында өткен жиналыстар, 20 аумақтық филиалдардағы конференция партия қатарының саны мен сапасының, партияішілік тәртіптің, бастауыш партия ұйымдарының жұмыс белсендігі артқанын көрсетеді. Есептік кезеңде өңірлік филиалдар саны 5 пайызға артып, 46 800 адамға жетті. Бұл экономикалық белсенді халықтың 10,9 пайызын құрайды.
Партия филиалының құрылымы жетілді: бастауыш ұйымдар саны 353-тен 379-ға дейін жетті. Есепті сайлау жиналысқа келу көрсеткіші 70 пайызды құрады. Бастауыш партия ұйымдары өкілдерінің ауысуы 13 пайыз болды. Бастауыш партия ұйымдарының 30 пайыздан астамы билік органдарына және жоғары жақтағы партия органдарына сайланды. Партияның аумақтық филиалдары тарапынан қолға алынған партияның тәртіпті нығайтудағы шаралары соңғы 2 жыл ішінде ай сайынғы мүшелік жарнаны жинау жоспарын 100 пайыз орындауға мүмкіндік берді. Барлық филиалдар өздерінің материалдық-техникалық базасын жақсартты, компьютерлік техника, жиһазбен жабдықталды, өз ғимараттары, қызметтік көліктері бар (Қорғалжын филиалын есептемегенде). Мұның барлығы жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Партия әрқашан алдына жоғары мақсат қойып және оған қол жеткізеді. Алдымызда Сіздер мен біздерді үлкен және жауапты жұмыстар күтіп тұр. Бүгінгі таңда қазақстандықтармен бірге Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Отанымыздың гүлденуі, ұлтымыздың әл-ауқатын арттыру бағытындағы тапсырмасын жүзеге асырудамыз. Құрметті делегаттар, шақырушылар, барлық партияластар есептік кезеңде атқарылған жұмыстарға алғысымды білдіремін және Ұлт көшбасшысы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевты бүгінгі күнгі қазақстандық арманның шындыққа айналуы үшін барлық күш-жігеріміз бен білімімізді аямай жұмсап, үлес қосатынымызға сендіремін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар