Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Ақмола облыстық сайлау комиссиясы 2018 жылғы 24 тамыздағы №53/30 қаулысымен қазанның 28-і күні Атбасар, Бурабай, Жақсы, Зеренді аудандары және Көкшетау қалалық мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына депутаттардың сайлауы өтті.
Сайлауға дайындық шаралары мен оны өткізуге барлығы 48 сайлау комиссиясы: бір облыстық, бір қалалық аумақтық, төрт аудандық аймақтық, сегіз округтік және отыз төрт учаскелік сайлау комиссиясы тартылды. Сайлауға барлығы 23441 сайлаушы қатысты. Ұсынылған 27 үміткердің 24-і тіркелді.
Сайлау өткізілген күні барлық сайлау учаскелерінде үміткерлердің 25 сенімді өкілдері, оның ішінде «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің 11 байқаушысы, 12 сенімді өкілі болды. Сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылар мен байқаушылар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ.
Әділхан ШАЯХМЕТОВ,
Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.