Аудан жұртшылығымен кездесіп, Жолдау бағыттарын түсіндірді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері: «Ақмола облыстық Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрайымы Ирина Терентьева, «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық орталығының төрағасы Берік Рақышев, «Наша право» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Владислав Шуль Зеренді ауданында бірнеше кездесулер өткізді.

Достық орталығында үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық келісім және аналар кеңесі өкілдерімен, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарымен, жалғызбасты аналар және жұмыссыздармен өткен кездесулерге сондай-ақ, дін қызметкерлері, кәсіподақ жетекшілері, медиаторлар, еңбек ардагерлері, аудан орталығындағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен тұрғындар қатысты. Қойылған сұрақтардың дені ауыл мен мұғалімдердің мәселесі және «Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында оқыған мүмкіндігі шектеулі жандардың өз кәсіптерін ашуы төңірегінде болды. Атап айтқанда, олардың несие алудағы қиындықтарға тап болып отырғаны айтылды. Осы тұрғыда биылғы Елбасы Жолдауында айтылғандай, бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана біз биік асуларды бағындыра аламыз.
Зеренді ауданының Шағалалы жоғары агротехникалық колледжінің оқытушылары және оқушыларымен кездесу барысында Жолдауда атап көрсетілгеніндей, білім гранттарын көбейту арқылы жастардың өздері қалаған мамандықтарының иесі атануына мүмкіншілік жасау қазіргі таңда білім алудың маңыздылығы баса айтылды.
Осылайша ақпараттық топ мүшелері халыққа Жолдау бағыттарын жете түсіндіріп, кездесулерде сөз болған кейбір өзекті мәселелерді тиісті орындардың алдына қойып, оң шешілуіне дәнекер болатындарын жеткізді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар