Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көп балалы аналардың көңілінен шықты - АРҚА АЖАРЫ

Көп балалы аналардың көңілінен шықты

Елбасының Жолдауын жыл сайын асыға күтеміз, әрдайым қолдаймыз. Халыққа жақсы жағдай жасалуда. Мен он бір баланың анасымын, қазіргі кезде бала күтімі бойынша декреттік демалыстамын. Балаларымның жәрдемақысын уақытында алып тұрамыз. Балаларыма қарап, олардың алдағы өмірінің жақсы болғанын қалаймын. Әсіресе, Елбасының көп балалы аналарға жасап отырған қамқорлығына ризамыз.

Елбасы өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында болашаққа жол сілтейтін шамшырақ ретінде еліміздің негізгі мақсаттарын жоғалтпай, адамдардың күнделікті өмірінің мәселелерін шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл тұрғыда жыл сайын ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға ықпал жасайтындығын жеткізді. Ал, оның нәтижесі көпшіліктің көз алдында. Елбасымыздың алға қойған мақсаты – озық 30 елдің қатарына ену. Оның ішінде ұстаздарға, ғылым саласына үлкен мән беріліп отыр. Еліміздің алдыңғы қатарға қосылуы үшін білімді жастарды тәрбиелеуіміз керек.
Мені «Мұғалімнің мәртебесі туралы» Заңның пайда болуы педагогтардың мәртебесі жоғарылайтынына септігін тигізетіні қатты қуантты. Өйткені, өзімнің мамандығым да педагог-психолог болғандықтан мұғалімдердің жағдайына ұдайы назар аударылса екен деп тілеп отырушы едім. Бұл жолы сол тілегім Елбасының құлағына жеткендей болды. Енді мұғалімдер алаңсыз өздерінің кәсіби жұмыстарымен айналысатын болады. Педагогика мамандықтары бойынша оқу бітірген шәкірттер енді далада қалмайды. Мұғалім мамандығына сұраныс артады.
Сонымен қатар, ең төменгі еңбекақының 42 мың теңгеге дейін көтерілуіне де қуанбасқа болмайды. Ең бастысы білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жетістіктерді ауыз толтыра айтып өтуге болады. Он бір баланың анасы ретінде қазіргі кезде балаларымды балабақшаға кезекке тұрғызуға немесе дәрігердің қабылдауына жазылу үшін шапқылап барудың қажеті жоқ. Ұялы телефонның көмегімен ғана жүзеге асыруға болады.
Қазақ елінің басты байлығы – ұйыған ауызбіршілік пен ырысты ынтымақ. Ұзақ мерзімді жоспарды темірқазық еткен мемлекет болашағының мұнан да жарқын боларына нық сенемін.

Құралай ЖҰМАБЕКОВА,
«Ана үйі» қоғамдық қорының
бала асырап алу «Жанұя» облыстық
орталығының өкілі, 11 баланың анасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар