Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары болып Смаилов Амангелді Халауденұлы тағайындалды.
Амангелді Халауденұлы 1962 жылғы 9 желтоқсанда, Омбы облысы, Шарбақкөл ауданы, Мырзаболат ауылында туды.
1983 жылдан бастап 1988 жылға дейін В.В.Куйбышев атындағы Сібір автомобиль-жол институтында оқыды. Инженер-құрылысшы мамандығы бо-йынша білімі жоғары.
Еңбек қызметін 1979 жылы Александровский құс совхозында электромонтер оқушысы ретінде бастаған.
1988-1993 жылдар аралығында Омбы-Дәуіт карьер басқармасында шеберден бастап бас инженер лауазымына дейінгі жолды өтті, 1993-1998 жылдар арасында «Ритм» ЖШС директоры, 1998-2005 жылдар аралығында «Реал НГП» ЖШС директоры, 2006 жылы «СК Ауыл газ» ЖШС директоры лауазымын атқарды, 2011 жылы «ЕNKI» ЖШС-ін басқарды.
2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін мемлекеттік қызметте Көкшетау қаласы әкімі орынбасарының, Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының
лауазымын атқарды.
Мемлекеттік наградалары бар, соның ішінде «Құрмет» ордені, сонымен қатар, медальдармен марапатталған.