Кемелденіп, өскендіктің белгісі

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ежелгі Қазақстан дәуіріне, сонау бабаларымыздың заманына, ежелгі мәдениетімізге ерекше назар аударылып, Ұлы тұлғаларымыздың есімдерінің ел жадында қалуына айрықша көңіл бөлініп, тарихымыздың сарқылмас мол мұрасы тағы бір айқындала түсті.

Қазақ елінің төл тарихында тәлім алар ұлы жетістіктері, мол мәдени мұрамыздың мақтана айта алатындай тұстары аз емес. Кейінгі жылдары табылып жатқан тарихи жәдігерлеріміз, Ұлт тарихындағы пен кеңістік, уақыт атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, Алтын адам дәуірі, Ұлы Жібек жолы қазақ елінің дара да дархан тынысының көрінісі, айқын дәлелі екендігі анық.
Мемлекет басшысының осы мақаласында айтылған әрбір ойы, ғасыр шоғырына үңілуі қазақ еліне, болашақ ұрпаққа қажетті тағлым, саналы ұрпақтың санасына сіңіруге тиісті мұра деуіміз керек. Осы арқылы түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады.
Нұрсұлтан Әбішұлының халыққа Жолда-
уына байланысты алдымыздағы келер жылдың «Жастар жылы» деп аталуының өзі «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен тікелей байланысы бар. Себебі, саналы жас-
тар, өрелі ұрпақ қалыптастыруда ең алдымен, ел тарихын танып білуіміз өте маңызды болмақ.
Тарихи сананы жаңғырту мақсатында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау қажеттілігі орынды шешім деп есептейміз. Жарқын болашақты қалыптастыру үшін өткен жолымыздың өнегелі іздерін санамызда жаңғырта жүргеніміз жөн.
Өскелең ұрпақтың талғамын қалыптастыруда балалардың сапалы фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды түсіру, Ұлы даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға бағытталған жобасы, кино өнері мен телевизияның дамуы, тарихи теле-кино туындылардың жанрларын барынша кеңейту қажеттілігі орынды мақсаттардың бірі екендігі даусыз.
Тарихты білмей, болашақты бағдарлау мүмкін емес! Мен осынау пікірлерімді қазақ халқының «Өткендерін ескерген – өскендіктің белгісі, өткендерін жек көрген –
өшкендіктің белгісі» деген қанатты сөздерімен аяқтасам деймін. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қарастырылған қасиетті қырларымыз алдымызға қойған нақты міндеттердің орындалатынына сенім қалыптастырады.
Әсем Шаяхметова,
Степногорск қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімінің ұйымдық-бақылау секторының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар